«Педагог мәртебесін көтеру – жаңашыл мұғалімді қалыптастырудың бастауы.»
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан да оның мұғалімдігі де жойылады.»
(К.Д.Ушинский)
Қазіргі таңда қай елде болсын, балаға сапалы білім беру ісі маңызды орын алып келеді, себебі білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге түбегейлі бетбұрыс жасалуда. Білім беру аса жауапты іс, өйткені сол арқылы жеке тұлға қалыптасады, өмірге бейімделеді.
Менің ойымша жаңашыл мұғалім дегеніміз – «рухани-шығармашылық тұрғыдан дамыған, кәсіптік біліктілігімен, педагогикалық дарындылығымен және жаңалыққа ұмтылысымен танылатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары тұлға.» Жұйелі жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл-ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шығармашыл тұлға жаңалыққа бейім болып, өзін-өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, шығарма
шылықпен өзін-өзі үздіксіз дамытып отыратын шәкірттер қалыптастырудамыз. Ұстаз қолында адам тағдыры, ел тағдыры турады, мұғалім өсіп келе жатқан ұрпақпен жұмыс атқарады. Өазіргі балаларға дайын күйінде бере салмайды. Ол үшін баланың жаңа материалды өз бетінше, мүмкіндігіне қарай игеру дағдысын жетілдіру, қызығушылығын ояту мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.
Өмірдегі көп мамандақтардың ішінде жан-жақты біліктілікті, икемділікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, қоғам тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттемен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген балалардың арманы. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылықпен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Әр мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын, жас ұрпақтың білімі нәтижелі болуға жұмыс атқаруға көмектесетініне берері көп екенін байқадым.
Әр ұстаз – XXI ғасыр педагогына сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.
Қорыта келгенде, жаңа заман мұғалімі өз заманына сай, әрі еліміздің болашағы – білікті жастарды даярлай білуі қажет.