Абайлаңдар балалар
№6«Ақкөгершін» МАД топтарының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Білім беру саласы: Әлеумет.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Абайлаңдар,балалар!
Мақсаты: балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру; Бағдаршамның қызметімен таныстыру;Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын,зейінін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу, көрсету,сергіту сәті,сұрақ-жауап,мадақтау,қорытындылау.
Керекті құралдар: суреттер.
Билингвальді компонент: бағдаршам-светофор
Әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Балалардың іс- әрекеті
Шаттық шеңбері.
Қайырлы таң, балалар!
– Бүгінгі күн қандай керемет!
– Күлімде күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін!
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Бір аптада неше күн бар? Аттарын атап өтіңдер.
-Біз балабақшаға бір аптада неше күн келеміз?
Балалар сендер балабақшаға келерде барлығыңыз болмаса да,араңызда кейбіреулеріңізді әкелеріңіз көлікпен әкеледі. Көлікпен келе жатып,әкеңіз жолда тоқтайма?
Не себептен тоқтайды? Дұрыс айтасыңдар,бағдаршамға тоқтайды. Бағдаршам ол жол ережелерін сақтау үшін,жол қауіпсіздігі үшін арналған. Міне,балалар бүгін біз жол ережелері,оларды дұрыс пайдалану туралы әңгімелесеміз. Балалар,бағдаршам ол қандай?
-Бағдаршамның жоғарғы жағында қандай көзі бар? Бұл көзі нені білдіреді
-Бағдаршамның ортасындағы көзінің түсі қандай? Бұл нені білдіреді?
-Ал бағдаршамның төменгі жағында қандай көзі бар? Бұл нені білдіреді?
Балалар, бағдаршамның жасыл көзі жанғанда бірден жүруге бола ма? Балалар,болмайды! Алдымен көліктердің толық тоқтағанын қарау қажет.
Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда көшеден өтуге болмайды!
Дұрыс ұғып аңғарсаң,
Сөйлегіш-ақ бағдаршам:
Қызыл көзін ашқанда,
Аяғыңды баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Салмақты бол тастан да.
Жасыл көзін ашқанда,
Батыл атта, жасқанба.
Көптілділік: бағдаршам – светофор – тraffic light
-Көше көліктерге арналған жол және жаяу жүргіншілер жүретін жол деп бөлінеді.
-Көшеге шыққанда үлкендер балаларға нені ескертеді?
-Адам үшін көлік жүретін жол несімен қауіпті? Жаяу жүргіншілер жолымен жүргенде үлкендер жол жақ бөлігінде жүруі керек. Бала жол шетінен алыстау жүреді. Балалар мектепке барар жолда доппен немесе басқа да қимылды ойындар ойнап, өздеріне қауіп төндірмеуі тиіс. Сондай-ақ мектепке барар жолда көңілді ойындар ұйымдастыруға болмайды.
Қауіпсіздік ережелері:
• Жол жиегінде, жаяу жүргіншілер жолында ойнауға болмайды.
• Көліктер қозғалатын жолда, тіпті жаяу жүргіншілер жолында ойнауға болмайды.
• Қозғалып бара жатқан көлікке жармасуға болмайды.
• Кез келген қозғалыстағы көлік адам өмірі үшін қауіп төндіретінін ұмытпау керек.
Проблемалық сұрақ:
– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге апатты жағдайға түспеу үшін не көмектеседі? Көшеде белгілі бір орындарда жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге арналған түрлі белгілер орналасқан. Олар көшедегі және жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға көмектеседі.
Проблемалық сұрақ:
– Көше қиылысында бағдаршам болмаған жағдайда не істеуге болады?
Бағдаршамнан басқа не көмектеседі?
Мұндай жағдайда жаяу адамдарға «жолақ белгі» (зебра) көмектеседі. «Жолақ белгі» деп аталған себебі – жолдан өту жолы ақ-қара жолақты болып келеді. Жолақпен өткенде алдымен солға қарап, көлік жоғына көз жеткізіп, содан кейін жолдың ортасына келгенде оңға қарап алып жолдан өту керек.
Қауіпсіздік ережелері:
• Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда көшеден өтуге болмайды.
• Бағдаршам жоқ жерде көшеден тек «жолақ белгі» арқылы өту керек.
• Көшеден өтерде алдымен сол жаққа қарап, көлік жоқ екеніне көз жеткізіп барып қана өту керек.
• Көше ортасына келгенде оң жаққа қарап, абайлап өту керек.
Сергіту сәті.( тәрбиешінің қалауымен)
«Не жақсы, не жаман?» ойыны
Педагог балаларға ойын ойнауды ұсынады. Мақсаты: балалардың жақсы мен жаман ұғымдары туралы білімдерін дамыту;не жақсы,не жаман ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру;суретке қарап әңгіме құрастыруға баулу.
Ойынның барысы: суреттерге қарап қай әрекеттің жақсы,қай әрекеттің жаман екенін айту.
Бейнетаспа көрсетіп,сабақты қорытындылау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Балалар шаттық шеңберін орындады.
-қыс мезгілі
-3ай бар,желтоқсан,қаңтар,ақпан
-күн салқындайды,қар жауады,аяз болады…
-7күн бар
-5күн келеміз,2күн демаламыз.
-Қызыл түсті. Тоқта!
-Сары түс. Тұра тұр!Қызыл немесе жасыл көзі жанғанша күт.
-Жасыл түс. Жүруге рұқсат!
Өлең жолдарын мұқият тыңдайды.
Балалар мұқият тыңдайды.
Қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға әрекеттенді.
-Балалар өз ойларын білдіріп, бір қорытындыға келеді.
Сергіту сәтін көңілді орындап шықты.
Ойынды қызығушылықпен ойнады.
Күтілген нәтиже:
Біледі: бағдаршамның атқаратын қызметін біледі;
Игереді: бағдаршамның түстерін ажырата білу дағдыларын игереді;
Меңгереді: жол ережелерін меңгереді.