Маған ұнайтын жыл мезгіл

№3«Бұлбұл» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика.
Тақырыбы: Маған ұнайтын жыл мезгілі.
Мақсаты: Уақыт туралы түсініктерін арттыру (бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні);жыл мезгілдерінінің ерекшеліктерін ажырата білуге тәрбиелеу; жыл мезгілдерінің атауларын,әр жыл мезгілдерінің айларының атауларын есте сақтау қабілеттерін дамыту. Әдіс-тәсілдері.:әңгімелеу, көрсету,сергіту сәті,сұрақ-жауап,мадақтау,қорытындылау.
Керекті құралдар:жұмыс дәптері,қарындаштар,суреттер.

Әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Балалардың іс- әрекеті
Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң, балалар!
– Бүгінгі күн қандай керемет!
-Күлімде күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін!
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар және атап өтейікші?

-Бір аптада неше күн бар?
-Бүгін аптаның нешінші күні және қалай аталады?

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:
-Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?
– Қыста (көктемде, жазда, күзде) қандай мерекелер атап өтіледі?
-Қыс мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді?
–Тəулік ішінде (таңертең, күндіз, кешке, түнде) не істейсің?

«Бұл қашан болады?» дидактикалық ойыны

Ойынның мақсаты: балалардың әр жыл мезгілдің ерекшеліктерін ажырата білу білімдерін пысықтау;шапшаңдыққа үйрету;ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның барысы:Барлық ойыншыларға тәрбиеші əртүрлі түсті 4 шаршыдан үлестіріп береді. Əр түс белгілі бір жыл мезгілін білдіреді.
Мысалы: сары – күз, көк – қыс, жасыл – көктем, қызыл – жаз. Тәрбиеші қандай да бір мезгілдегі құбылыстың (мысалы, жапырақтардың түсуі). Балалар шапшаң сəйкес түсті (сары) шаршыны көтеруі керек.

Әліппе-дәптермен жұмыс.
1-тапсырма.

«Жыл маусымдары» деген суретке қарауды ұсынады.

«Болады, болмайды» дидактикалық ойыны.

Ойынның мақсаты: балалардың ойлау қабілетін арттыру,шапшаң шешім қабылдауға тәрбиелеу,жыл мезгілдерінің белгілерін үйретеміз.

Ойынның барысы: тәрбиеші белгілі бір жыл мезгілінің белгісін атап, допты лақтырады. Егер бұл белгі сəйкес келсе, бала допты тосып алады, егер сəйкес келмесе, допты тосып алмайды.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.

2-тапсырма.
Өз беттерінше орындайды.

3-тапсырма.
Жұппен орындалады.

Дидактикалық ойын: «

Әр жыл мезгілінің ай аттарын сұрап,сабақты қорытындылау.
-Қазір қай жыл мезгілі,ай аттары?
-Қыс мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі келеді,ай аттары?
-Қыс мезгілінен бұрын қандай жыл мезгілі болды,ай аттары?

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Балалар бірігіп қимыл жасайды.

-Қыс мезгілі
-3 ай,желтоқсан,қаңтар, ақпан.
-7күн
-5күн,жұма күні.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнады.

.

Балалар маусымдарды жəне олардың белгісін атайды.

Ойынды қызығушылықпен ойнады.

Сергіту сәтін бірлесіп орындады.

Балалар маусым бойынша сəйкес келетін заттарды таңдап, суреттерді біріктіреді.

Сұрақтарға толық,дұрыс жауап беруге тырысты.
Күтілген нәтиже:
Біледі: жыл мезгілдерінің атауларын,әр жыл мезгілдерінің айларының атауларын
Игереді: тəулік уақытына, жыл мезгілдеріне, апта күндеріне арналған сөздерді пайдалана отырып, өз бетінше əңгіме құрастырады.
Меңгереді: жыл мезгілдерінінің ерекшеліктерін ажырата білуді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *