Қазақ тіл біліміндегі буынның зертелуі

Авиация колледжі

Қазақ тілі әдебиеті пәнінің

Оқытушысы Оразаева

Жазира Кудайбергеновна

Қазақ тіл біліміндегі буынның зертелуі

Cөйлеу үстіндегі тілдік мәтінді ұсақ бөлшектерге жіктеу тіл білімінің басты проблемаларының бірі болып табылады. Тілдік мәтін қандай бөлшектерден құралады және ол бөлшектердің тізбек мөлшері қандай болу керек деген сұрақ ертеден-ақ лингвистерді толғандыра бастаған. Осы орайда профессор Л.Р.Зиндер «…сөйлем өз алдына жеке, ең бастысы аяқталған, сөйленім бірлігі болып табылады. Тілдің негізгі қызметі адамдардың өзара қатынас құралы екендігінде болса, өзара сөйлесу тілдің ең кішкене бөлшегі болып саналатын сөйлем арқылы іске асады. Ал бір тұтас сөйлеу мәтіні фонетикалық амалдар арқылы сөйлемге және одан да кіші мағыналық бірліктерге бөлшектенеді» деп жазған болатын. Бұдан біздің ұғатынымыз тілдік мәтін (сөйленім) белгілі бір майда бөлшектерге таралуға тиіс. Ал тілші мамандардың міндеті әрбір тілдің өзіне сәйкес сол тілдік бөлшектерді табу және оны лингвистикалық тұрғыдан талдап шығу.

Ендеше жалпы тіл біліміндегі ертеден-ақ толық шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі буын болып табылады. Оның тілдегі қызметімен қатар фонетикалық табиғатын сипаттап, дыбыс құрамын анықтап, шегарасын белгілеу дегенге келгенде әлі де ортақ пікір жоқ.

Егер буын тарихын қысқаша қайыратын болсақ, онда профессор М.И.Матусевич талдауына жүгіне салған жөн. Өйткені жалпы тілі біліміндегі буын тарихы мамандарға кеңінен таныс мәлімет болып табылады.

Алғашқы пайда болған теориялардың бірі — «қарқын теориясы»: «Экспираторная теория… считает, что при речи воздушная струя выходит не плавно, а идет толчками и каждому толчку соответствует слог. Бұл теория буын табиғатын сөйлеу үстіндегі артикуляциялық серпінмен түсіндіреді. Әрбір серпін бір буын болып шығады.

Екінші бір кең тараған теория «үнділік теориясы»: «По теории сонорности …вершину слога образует только звук, обладающий определенной звучностью». Ендеше «Согласно этой теории, речевой поток произносится с последовательными усилениями и ослаблениями звукового ряда. Часть речевого потока, начинающиеся с усиления и кончающася ослаблением, называется слогом. В его вершине (иначе центре) есть звук, называющиеся слогообразующим (или слоговым), который может быть продлен. Перед ним возможен ряд звуков (один или несколько), представляющих непрерывно усиливающуюся цепь, они называются неслогообразующими (или неслоговыми) … После слоговой фонемы может идти звук или ряд звуков, составляющих непрерывно ослабляющуюся цепь, они также называются неслогообразующими…». «Үнділік теориясы бойынша әрбір буынның басында салдырдан үні басым дыбыс тұрады. Сөз

құрамында үні басым дыбыс қанша болса, сонша буын болмақшы. Үні басым дыбыстың дауысты болуы міндетті емес.

Жалпы фонетикада буын мәселеесі әр қырынан талданып келеді. Соның бірі – буын құрауыштар. «Буын құрауыштар» деп тілдегі буын құрауға қатысатын дыбыстарды айтып отырмыз. Себебі кез-келген тілдегі буын жайын сөз ету үшін алдымен сол тілде буын құрайтын бірлік (немесе дыбыстар) белгілі болу керек. Акададемик Л.В.Щербаның пікірінше «Речь наша представляет собой звуковой поток, на слух непосредственно распадающийся с разных точек зрения на различные отрезки большей или меньшей длины, причем самым мелким отрезком является слог. В центре каждого слога имеется фонема, могущая быть более или менее продленной без всякого ослабления или усиления и называемая слогообразующей, или слоговой фонемой. Ей может предшествовать группа звуков, которые составляют непрерывно усиливающуюся цепь и которые называются неслогообразующими, или неслоговыми. За слоговой фонемой может седовать ряд звуков, которые составяют непрерывно ослабляющуюся цепь и которые тоже называются неслоговыми, или неслогообразующими» болып шығады. Ғалым пікірін толық келтіруге тырыстық, өйткені буын құрауыштар дегеннің жан-жақты толық жауабын осы жерден тауып отырмыз. Сонымен тілдегі дыбыстар буынға қатысты екі топқа жіктеледі екен: біріншісі буын құрауға тікелей қатысады немесе буын құрауыштар, екіншісі буын құрауға тікелей қатыса алмайды немесе буын құрауыш еместер. Осы пікірге сүйене отырып олардың қазақша атауын қалыптастыруға да болады: буын құрауыш фонемалар және буын құрауыш емес фонемалар.

Осыған үндес пікірді профессор Н.С.Трубецкой еңбегінен кездестіреміз: «Просодические признаки присущи не гласному как таковому, а слогу. Часть фонем, из которых состоит слог, может быть иррелевантной в просодическом отношении. Как правило, такими фонемами являются согласные. Однако «неслогообразующими» могут быть и гласные. С другой стороны, в ряде языков есть слоги, не имеющие ни одной гласной фонемы, вследствие чего просодическую функцию принимает на себя согласный элемент слога; в таких случаях обычно говорят о «слогообразующих» согласных». Профессор Н. С. Трубецкой берген анықтамадан да әр тілдің өзіне тән буын құрауыштары болатынын аңғарамыз. Буынның негізін құрап тұрған дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін екен. Ендеше кез-келген тіл үшін буын құрауыш дыбыстардың басын ашып алу ең басты мәселе болып табылады екен. Онсыз сол тілдегі буын табиғатын сипаттап шығу мүмкін болмайтыны анық, бірінші кезекте соған көз жеткіземіз.

Жалпы фонетикадағы буын құрауыштар жайлы ғылыми пікірлердің бәрі осыған саяды. Ал «буын дегеннің өзі қандай тілдік бірлік болып табылады» деген мәселенің өзі дербес анықтаманы керек етеді. Өйткені тілдегі белгілі бір дыбыс тіркесін буын деп атай салудың еш реті жоқ. Оның лингвистикалық тұрғыдан сенімді анықтамасы болу керек. Бұл жайында профессор Л. Р. Зиндер «Буын – ең кіші айтылым бірлік. Бір кідіріс пен екінші кідіріс арасындағы сөйлеу мәтіні бірі-бірімен тұтасып жатқан буындардың тізбегі болып табылады. Олардың арасында көзге түсерлік жік

болмайды, бұл жағынан буын мен дыбыс арасында айырмашылық жоқ» дейді. Ендеше буын дегеніміз тілдің бүтін айтылатын ең кіші бөлшегі екен. Сөйлеу үстінде буын әрі қарай бөлшектеуге көнбейтін тілдік бірлік болып табылатын болып шықты. Бірақ біз буынды құрамындағы дыбыстарға оп-оңай жіктеп жатамыз. Оның да өз лингвистикалық сыры бар екен. Профессор М.И.Матусевич жоғарыдағы профессор Л.Р.Зиндер пікірін қолдай келіп, былай дейді: «Наша речь в произносительном отношении распадается на минимальные единицы – слоги, которые артикуляционно не могут быть дальше разложены, как бы речь ни замедлялась, членение же речи на отдельные фонемы является результатом лингвистического анализа». Буынның бөлінбейтін ең кіші бөлшек екенін пысықтай келіп, ғалым «членение же речи на отдельные фонемы является результатом лингвистического анализа» деуі жоғарыдағы күманның жауабы болып табылады. Біз буынды лингвист маман ретінде ғана құрамындағы дыбыстарға жіктей алады екенбіз, ал айтылу тұрғысынан буын дыбыстарға жіктелмей, бір бүтін болып айтылады.

Тілдегі буын мәселесі акустикалық тұрғыдан да жан-жақты зерттелген. Соның ішінде профессор Л.В.Бондарко еңбегінің орны бөлек. «Тілдің дыбыс құрылымының аса маңызды бөлшектерінің бірі – буын. Сөйлеу желісінен артикуляциялық талданым нәтижесінде бөліп алуға болатын ең кіші айтылым бірлік, яғни ең қысқа үзік буын болып табылады. Сөйлеу үстінде фонеманың көрінісі болып табылатын тіл дыбыстары өзара бірігіп қана айтылады» деп жазады ғалым. Артикуляциялық тұрғыдан бөлшектенбейтін дыбыс тізбегі буын құрайтын болып шықты, яғни буынды сөйлеу үстінде жеке-жеке дыстарға тарата алмаймыз. Ендігі жердегі қиын мәселе буын шегінің фонетикалық белгілерін тауып, соның арқасында буыннан буынды ажыратып алу болып табылады. Бір қарағанда буын мен буынның ара жігін ажырату қиын емес сықылды. Соған қарамай оны іске асырудың фонетикалық ережелерін табу оңай болмай отыр. Профессор М.И.Матусевич осыған орай былай деп жазады: «Однако, несмотря на то что практически членение речи на слоги не представляет ни для кого затруднений, все же те принципы, согласно которым происходит это членение, т.е. определить границы слога, представляется одной из самых трудных проблем фонетики. Ғалым өзінің ойын одан әрі тарата келіп, буын жігі мәселесіне деген мынадай қорытынды жасайды: «Буын жігін іздегенде дауыссыздардың әртүрлі қарқынмен айтылатынына сүйену керек. Оның бірінші түрі – бас қарқынды дауыссыздар, олар қарқынды басталып, соңына қарай әлсірей беретін дауыссыз дыбыстар, ондай дауыссыздар буынның соңында тұрады. Екінші түрі – аяқ қарқынды дауыссыздар, олар әлсіз басталып, соңына қарай күшейе келіп, қарқынды аяқталатын дауыссыз дыбыстар, ондай дауыссыздар буынның басында тұрады. Үшінші түрі – қос қарқынды дауыссыздар, олар қарқынды басталып, сонан соң әлсірей келіп, соңына қарай қайтадан қарқынды аяқталады. Қос қарқынды (кейде оларды геминаттар деп те атайды) дауыссыздар тек дауыстыаралық шепте орналасады да буын жігі олардың арасындағы ең әлсіз тұсынан өтеді». Бұл қағиданы мойындамайтын

ғалымдар да бар. Дегенмен, акададемик Л.В.Щерба шәкірттерінің ұстанатын басты ережесі осы болып табылады.

Буын құрамындағы дыбыстардың артикуляциялық тұрғыдан өзара кірігуі күрделі жасалым болып табылады. Дыбыстардың негізгі артикуляциясы әртүрлі өзгерістерге ұшырап жатады. Кейбір дыбыстар бастапқы артикуляциясынан айрылып қалуы да мүмкін. Жаңа қосалқы артикуляциялар пайда болып жатуы да мүмкін. Ендеше профессор Л.В.Бондарконың сөзіне құлақ асайық: «…слог – не простая комбинация гласного с согласным, а произносительная единица. Это значит, что при артикулировании слога каждый человек не произносит по отдельности составляющие это слог звуки (гласный и согласный), а определенным образом объединяет их. Эта произносительная общность звуков, их особенно тесная связь между собой, отражается и на их акустических характеристиках: ведь если звуки связаны между собой, то артикуляция каждого из них влияет и на артикуляцию соседнего, а это приводит и к изменениям в звучании». Әрбір тілді зерттеп жүрген ғалымдардың басты міндеті осындай күрделі артикуляциялық құбылыстың ішінен сол тілге тән «буын артикуляциясын» тауып, оны сараптап шығу. Сөйтіп сол тілге ғана тән бірегей белгілердің басын ашу керек болады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *