Тәрбиеші болу – сүйікті мамандығым!

Тәрбиеші болу – сүйікті мамандығым.
Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын?!
А. Байтұрсынов.
Адамның болашағына әрқашан жол сілтейтін қадам, бұл – кәсіпті таңдауда жаңылмау.
Менің өмірімде бала кезімен таңдаған мамандығым “Тәрбиеші” мамандығы.
Қазақ халқы сан ғасырлардан бері тәрбие саласына ерекше көңіл бөліп келген. Оны біз тарихымыздан біліп келеміз. Мынау қазіргі жаhандану процесі кезінде тәрбиешілерге қойылатын талаптар да өзгеріп жатыр.
Жас жеткіншек ертеңгі еліміздің болашақ мамандарды, қоғамыздың бір – бір мүшелері. Олай болса, сол жеткіншектерді тәрбиелеу, оқыту, оларды жан – жақты дамыту, жеке тұлға етіп қалыптастыру біраз күш пен жігерді, әдіс – тәсілдері талап етеді.
Мен өз мамандығымды жақсы көремін, өйткені жас бүлдіршіндермен бірге жетіліп, олармен бірге бақытты балалық шақты бастан кешемін. Балабақшадағы тәрбие барлық тәрбиенің бастамасы.
Ұлы ақын Абай: “Баланы ең әуелі мейір- шапағатқа, одан соң ақыл – парасатқа соңында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулу” -деген екен.
Әр мамандықтың өзіне сай қиындығы, өзіне сай қызығы да болады. Мына өзгермелі ақпарат ғасырында тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.
” ТӘРБИЕШІ. БОЛУ ҮШІН ТӘРБИЕЛЕНГЕН БОЛУЫҢ КЕРЕК”
Мектепке дейінгі ұйымдарының жұмысына үкімет қазіргі таңда ерекше көңіл бөлумен қатар, тәрбиешілерге қойылатын талаптар да күшейтілуде.
Тәрбиеші бала жанын түсінетін болуы керек. Әрбір балаға жеке тұлға деп қарай отырып, оның тәрбиесі мен дамуына ерекше көңіл аударуды қажет етеді.
Балалар мен жұмыс жасау тәрбиешілер үшін үлкен бақыт. Бала ешнәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді. Пәк көңілді балалар тәрбиешіге қатты сенеді. Сондықтан олар мен ара-қатынас шаттық сыйлайды.
Тәрбиешінің басты мақсаты балаларды патриоттық негізінде тәрбиелеу. Оның басты көзі халық ауыз әдебиетінің ” Батырлар жыры” , “Ертегілер” сияқты бай мұрасында жатыр.
Осыларды басшылыққа ала отырып, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай күнделікті жұмыста сол бай мұрамыздың элементтерін пайдаланамын.
Қазақстанның болашағы, келешек келбеті, тәрбиеленген бүлдіршіндердің тәрбиесінде болмақ. Бала тәрбиесінде заманауи технологияларды қолдануда белсенділік пен шығармашылық ізденіс дамиды.
Тәрбиеленуші жеткіншектердің күннің шұғыласына, судың тұнығына, желдің самал лебіне, гүлдің әсем түріне теңеймін. Бұл сөздің астарында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігі айқындалап тұр. Бала тәрбиесі, оның ішіндегі балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. Қазақтың біртуар ақыны
Мағжан Жұмабаев: ” Тәрбие – адам баласын кәмел жасқа толып, өзіне – өзі қожа болғанша азық беріп өсіру” – деген екен. Сондықтан да тәрбиешілер болашақ балалардың тәрбиесіне біз жауаптымыз.
Әрине әрбір оқу іс- әрекетіме жауапкершілік пен қарап, дайындалуды еш есімнен шығарған жоқпын. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау , жаңа иннз технологияларды ендіре отырып балаларды жан – жақты дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі біздің балабақшамызда қалыптасқан.
Алдыма келген балаларды үлкен жауапкершілікпен қабылдап, оларға жақсы көңіл күй сыйлау үлкен шеберлікті, табандылықты керек етеді.
Тәрбиешінің негізгі мақсаты көңіл таза, пәк сезімді жеткіншектерге жақсы көңіл күй сыйлай отырып, балалардың өзіне деген сенімдерін арттыру.
Сөзімді қорыта келгенде, тәрбиеші мамандығымды шексіз сүйіп, мақтан етемін.Осы жолда бар білімім мен тәжірибемді алмайтынымды, елге қалтықсыз қызмет етемінімді айтеым келеді. Мен үшін келешектегі Отанымыздың гүлденуіне , озық елдердің қатарынан көрінуіне азда болсада, жас ұрпақты саналы етіп тәрбиелеу, дамыту арқылы өз үлесімді қосу деп білемін.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *