Жол тәртібін білейік, аман-есен берейік!

Калжанова Эльмира Кудайбергеновна
Ашық оқу қызметі:Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!»
Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін – өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жол макеті, жол белгілері, бағдаршам үлгісі, жаяу жүргіншілер жолы, ойыншық машиналар.
Әдіс – тәсілдері: ойын, сұрақ – жауап, сахналау.
Ұйымдастыру кезеңі
1. Балалар шаттық шеңберін құрып амандасады.
– Армысың ардақты аспан ата?!
– Армысың мейірімді жер ана?!
– Армысың шұғылалы алтын күн?!
Күліп шықты күн бүгін!
Армысыздар қадірлі қонақтар!

1. Тәрбиеші:( жол инспектор киімімен)
Әрбір адам жаяу жүргіншілер, көлікпен немесе велосипедпен күніне жолды кем дегенде екі рет кесіп өтеді екен. Біз жол қозғалысымен күнде қатынасып отырамыз. Сондықтанда біз жолда жүру ережесін – жүру белгілерін айыра біліп, бағдаршамның қызметін білуіміз керек.
Балалар егер өз өмірлеріңді, денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе, Әрқашанда жолда жүру ережесіне сақ болыңдар.
Ұраны.
Жол тәртібін сақтаймыз
Ел үмітін ақтаймыз
Ертегілер елін біз
Жол апаттан сақтаймыз.
Жолдауды жастар қолдайды
Тәртіпсіз ел болмайды
Балабақша әрқашан
Амандықпен тыныштықты қорғайды.
Тәрбиеші: Жаяу жүргіншілер тек тротуарлармен жолдың оң қол қанатымен ғана жүруі қажет.
1 – бала:
Тратуар жүрер жолы жаяудың
Желаяқтың жайбасардың баяудың
Машинаның жолы көше ортасы
Соны ұмытып кете көрме аяулым.
Тәрбиеші: Балалар біз үнемі тротуардан шықпай жүреміз бе?
Жолдардан қалай өтеміз? Ол үшін біз ертегілер еліне барайық.
Көзімізді жұмып, ертегілер елін елестетейік.
(Музыка әуенімен) Ертекші:

Қызыл телпек қыдырып
Әжесіне бармақшы
Жету үшін орманға
Белгіні еске алмақшы
Жол белгісін білмесе
Әженің үйін таппайды.
«Қызыл телпек» әнінің әуенімен:
Бағдаршамның жолы сілтер
Бойында бар түрлі көздер
Жасыл жанса дайындал
Қызыл жанса тоқтайсың
Жолда жүрсең байқағайсың
Абай болшы сен үнемі
Жолды кесіп өткенде.
(Қасқыр шығады)

Жол ережесін білмегеннен жарақаттанады.
– Көмектесіңдерші! Қызыл телпек көмектесші!
Қызыл телпек:
– Қасқыржан, сен жол ережесін білмейсің бе? Асықпасаңшы.
Қасқыр:
– Білмеймін.
Қызыл телпек:
– Көрдің бе, сен жол ережесін білмегендіктен жол апатына ұшырадың, мен сені жол ережесімен таныстырайын. Тыңда! Белгілер шығады.
Ал енді жол белгілеріне сөз берейік.

1. Ескерту белгісі
Үшбұрышты қызыл,
Бояумен көрсең абайла.
Жол басында қауіпті түс
Алдан шығар дегенді
Абайла бұл ескерту белгісі.
2. Тыйым белгісі:
Дөп – дөңгелек қызыл шеңбермін
Көрсем: «Тоқта, қане»
Деп жар салар,
Тыйым сау мен болам.
3. Көрсеткіш белгісі:
Дөп – дөңгелек жасыл шеңбермін
Көрсем: «Жол ашық!»
Мен көлік пен жаяу адам жүрер жолды нұсқаймын!
Анықтама белгісі:
Белгімен көрсетер
Жылдамдық пен бағытты
Ылди мен бұрышты
Қатер мен қауіпті.
Қызыл телпек:
түсіндің бе қасқыржан?
Қасқыр: – иә, түсіндім.
Ендеше мен сені бағдаршамның қызметімен де таныстырайын.

1. Алма кезек үш көзі
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба!
Тәрбиеші: Бұл не балалар?
Бағдаршам:
Менің атым бағдаршам
Мекен – жайым тұрақты
Жақсы білем міндетімді
Мүдірмеймін ешқашан.

1. Ойын « Бағдаршам»
Ән: Бағдаршам « Учат в школе» әнімен:
Бағдаршамды күнде біз
Көшелерде көреміз
Көліктерде,
Жол шетінде
Көшемізде
Қызыл көзде тоқтаңыз
Сары көзде алаңдама – ай
Жүре бергін – 3рет
Ережені бұзбайық,
Тәртіпті біз сақтайық
Бақшада да
Серуенде де
Көшемізде.
Бағдаршамға қарайық
Апат алдын алайық
Жол тәртібін барлық жерде
Біз сақтайық!
Қызыл телпек:
– Олай болса мен сені әжеме алып барайын,
Әже:
– Келді міне немерем.
Аман – есен адаспай
Жол белгісін сақта сен
Апаттарды болдырмай
– Қасқыр, сен менің немереммен дос болыпсың, олай болса менің басқада немерелерімнің жол ережесі туралы тақпақтарын тыңда.
1 – бала.
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау – саламат жүреміз.
2 – бала:
Тәртіп бұзсақ абайсыз
Жағдай туар қолайсыз
Май қызметкерлерінен
Ал кешірім сұраймыз.
Милиционер:
Мен көшеге сақшымын
Болсын жұртқа жақсы күн
Жолдан азап тартпаңдар.
Әдеп, тәртіп сақтаңдар!

Көрініс: Аю, түлкі, қоян қатысады.
Жол инспекторы: Шипагер апай қараңыз мына бір сұмдықты
Маймаққа не болған, кім оны қынжылтты.
Шипагер апай: Маймағым не болды жасымай айтшы өзің?
Неліктен көкпеңбек, ісінген бас көзің?
(Аюдың басын таңып, дәрі – дәрмек жаққан болады )
Аю: Айтайын жасырмай шынымды
Сақтаңыз шыбындай жанымды
Жармасып бал тасыр машина – қадаққа
Домалап түстім де тап болдым азапқа.
Шипагер апай: Бір сәтке тойынар тәп – тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұзыпсың қарныңның қамы үшін.
Аю: Шипагер апай, жол инспектор апай енді қайтіп ұрлықта жасамаспын,
Жолда жүру ережесін бұзбаспын.
Осы уақытта бір бірімен дауласқан түлкі мен қоян шығады.
Түлкі. Жүгіріп екеуміз қуыспақ ойнадық.
Қоян: Ауладан шап беріп қу ұстап алмақшы.
Түлкі: Ал қоян зып беріп көшеге жүгірді
Қоян: Аула тар болған соң қайтейін мен енді?!
Түлкі: Қоянды қуам деп тапқаным, құйрықты әрең деп сақтадым.
Қоян: Машина астынан жүгіріп өткенде,
құлақты бір темір зақымдап кеткені
Шипагер апай: Құлақпен құйрыққа жағатын дәрі бар,
Ереже бұзғанға тұрғызар бұрышым тағы бар.
Балалар енді біз мына аю, түлкі, қоян үшеуіне жолда жүру ережесін ескертейік!
1 – бала: Жолдан өтерде тоқтап, жан жағыңа қарап ал.
2 – бала: Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт.
3 – бала: Жолға жақын ойнама! Бұл өте қауіпті.
4 – бала: Жаяу жүргіншілерге арналған жолдардан ғана өт.
5 – бала: Көліктен түскен соң артқы жағынан өту керек.

Қорытынды: Балалар тақпақ айтады..
Би: «Гүлдер» бишілер тобы.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеміз айналсын шежіреге,
Әр сәби құлағын сап жүрсін осы ережеге.
Ал қонақтарымызға айтарымыз
Жол тәртібін сақтайық
Ел үмітін ақтайық
Ертегілер елін біз
Жол апаттан сақтайық!

Осымен «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!» атты қауіпсіздік сабағымыз аяқталды.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *