Өрт-қауіпті заттар!
Умбетова Альбина Эдильхановна Тақырыбы: Өрт – қауіпті заттар!
Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға өрт туралы түсінік беру. Өрт тілсіз жау,өрттен сақтану жолдарын үйрету. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Кенеттен пайда болатын жағдайларда керекті телефон нөмерлерін жатқа айтқызу, тақпақ, сурет арқылы ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларға жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, әдепті және байыпты сөйлеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа үлкеннің айтқанын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбер, әңгімелеу, түсіндіру, сурет бойынша әңгіме қортындылау.
Көрнекілігі: АКТ
Қостілділік: Өрт-пожар, сіріңке-спичка
Сөздік жұмыс: Разетка, газ плитасы.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын.
Ісіміздің әр кезі,
Сәттілікке толсын!
Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызметі.
Тосын сәт: Топқа қолында сіріңке мен оттығы бар Қоян келеді.
Қоян: Қалайсындар балалар, сендер не істеп отырсыңдар көңіл- күйлерін жоқ, жүр кеттік ойнаймыз, менде мынадай оттық пен сіріңке бар.Жүріндер ойнайық.
Балалар: қоянға таңдана қарайды.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе Қоян қош келдің,сіріңкемен ойнауға болмайды, өрт қауіпсіздігін білу әр баланың міндеті!, сен бізбен болып оттықпен ойнаған қандай қауіпті екенін түсін.
Балалар, от деген сөз өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылық қасиетіміз жоғалады. Оттың сол сияқты зияны да бар. Өрт біздің жауымыз
Сәлеметсіңбе!
Балалар өрт тілсіз жау. Біз үлкендердің көмегінсіз үйдегі газдың,сіріңкенің,разетканың қасына жақындауға болмайтынын білуіміз керек.
Балалар біз әрқашан өрттен сақтануымыз керек. Егер де байқаусызда өрт шықса не істеу керек? Тақтаға назар аударту. (видеоролик көрсетіледі Өрт шыққан кезде не істеу керектігі туралы түсінік алады.
Сөздік жұмыс, қостілділік.
Ойын: «Қауіпті және қауіпсіз заттар»
Сандықтың ішінде бірнеше заттар бар. Енді мұқият қара, осы заттардың ішінде қайсысын сендерге ұстауға немесе пайдалануға болмайды? сол заттарды табу.
Сөздік жұмыс:
Разетка, Сіріңке, оттық,
газ плитасы,
өртену,алау.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Сендер от туралы жақсы біледі екенсіңдер, енді орнымыздан тұрып шамалы сергіп алайық.
Сергіту сәті: Өрт пен түтін айнала
Қарап тұрма жай ғана
Тез хабар бер 101-ге
Уақытты сен байлама
Қостілділік: От – пламя, сіріңке-спичка
Балалар ойынға белсенді қатысады Айбар
От жақпа күйерсің
Ор қазба түсерсің
Муслима
Сумен ойнама батасың
Отпен ойнама күйерсің
Кәусар
Сақ жүрсең сау жүрерсің.
Тәрбиеші:Өрттен сақтану туралы бекітіп,балалардың мақал – мәтелдерін тыңдайық
Қоян: Жарайсыңдар балалар! Мен оттықтың, шырпының ондай қауіп тұдырады деп ойламаппын, енді оттықпен, шырпымен ойнамаймын. Рахмет сендерге келгенім қандай жақсы болды, сендерден көп зат үйрендім, білдім. Енді мен кетейін, сау болыңдар!
Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау» Суреттерін тамашалап, өрт туралы әңгімеледі.
Игереді: Өрт пен ойнамауды, өрт шығаратын заттарды үлкендердің рұқсатынсыз ұстамауды игерді.Өрттің алдын алып не істеу керектігін игерді.
Меңгереді: Сұраққа-жауап беруді, ойынды қызыға ойнауды, әдіс-тәсілдерді қызығушылықпен орындауды меңгерді