Тәрбиеші болу – бақыт

Жаныбекова Асель Серикбаевна

                                      Тәрбиеші болу –  бақыт

Адам баласы өмір сүріп, әр қыйлы бел-белестерден өткенде өтіп жатқан өмірінің артына қаңдай із қалдырдым деп ойлайды. Мен де сондай артымда қалып жатқан жылдарға мойын бұрып қарасам, өмірімнің  текке  өтпей  жатқанына қуанып, қайта жігерлене бастаймын.Өйткені, өзімнің балалар тәрбиесіне үлесімді қосып, аялы алақанымның , жүрегімнің ыстық лебізін кішкентай бүлдіршіндерге сыйлайтыныма іштей қуанамын.

Неліктен боларын білмеймін сонау желкілдеген құрақтай,бүршігі ашылмаған жас шыбықтай шағымда осы бір мамандық-«тәрбиеші мамандығын  таңдағаныма өкінер емеспен .Бұл мамандық менің  мақтанышым, бақытым,келешегім.Келешегім демекші , алдағы өмірімді балалармен байланыстырмай елестету қиын , ал сол балаларды болашаққа нағыз азамат етіп тәрбиелеу ата – ана мен тәрбиешінің ең бірінші міндеті деп ойлаймын. Екі аралықта жарасымды жылылық пен татулық болса, кез келген мақсатқа жету қиынға  соқпауына кәмілмін.

Осындай  кілбіржің  заманның  кезінде  ойыңды сан-алуан сұрақтар мазалап жүргенде, осы бір балғын бүлдіршіндер ошағы балабақша табалдырығын аттай салысыңмен сәби күлкілерімен бүкіл жан дүниең жайнап, өзіңді мазалайтын ойларды  ұмытасың. Осындай  тәрбиеші бақытына  кенелгеніңе қатты қуанасың.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға алғашқы тіршілік әрекетінің алуан – түрлі тәрбиесінің өз жанұясынан ауысатыны , жалғасы балабақшамен байланысатынына бәрімізге таныс . Яғни, бала тәрбиелене отырып, білім де алады.

Білімді беруде тәрбиеші әрбір баланың  ішкі жан дүниесіні мінез – құлқын үйреніп болғанда ғана жақсы нәтижелерге жетуге болады.  Еңбегіңнің жемісі көрініп, көздеген мақсатқа жете  бастайсың.Бірақ  мені өз тәжірибемде қинайтын мәселе ол өмірге жаңадан  қадам басып келе жатқан  балалардың өз ана тілі мен өзге тілді айырамай, екі тілдің ортасында дал болып жүргені.

Айтайын деген ойын толық жеткізе алмай  қиналғандықтан орыс тілінде айтуға мәжбүр болады.  «Тіл – қатынас құралы» және сондағы ойдың айнасы емес пе? Балалар түсінгенін , қабылдағанын, естігенін, көргенін, қиялын , ойын  тіл арқылы жеткізе алмаса, онда оның келешегі не болмақ? Сондықтан бала тілін  өз ана  тілінде дамыту  үшін ұлттық санасын оята отырып, қазақ салт – дәстүрінің озығымен тәрбиелеу керек. Тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім – тәрбие. Жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңірту.

Ата-аналар тарапынан  жол берілетін осы кемшіліктерді ескере отырып,отбасы тәрбиесіне  үлес қосуға да болады.Мысалы, материалдар жинақтағанда тапсырмалар беру,белгілі тақырып бойынша көрме ұйымдастыру.Тақырыптық сабақтарға,саябақтарға, зерттеу жұмыстарына қатыстыру.Ата-аналармен бірлесіп ойын-сауық кештерін,сұрақ жауап викториналарын ұйымдастыру.

Балабақшада әр тәрбиеші өз жұмысын немесе осындай жаңа бастамаларды педагогикалық кеңестерде ортаға салып пікірін айтса,жұмысымыздың дамуы сол болады.Балалардың тіліне байланысты мәселенің өзектілігінің шешілуіне себебін тигізеді деп ойлаймын.

Жаны таза, тәрбиелі, мәдениетті адам ғана өзгелерге үлгі, мақтаныш бола алады. Мен де өз мамандығымның атын ақтайтын , өз мамандығына шынайылықпен қарайтын жандардың қатарынан орын алғым келеді , жалған мен шынайылықты жүрегімен сезетін ,  көңілі пән жас бүлдіршіндер менің жылуымнан нәр алса , болашаққа нақты қадам басатын, өз – өзіне сеніммен қарайтын азаматтар болып өссе, сол менің арманымның орындалғаны деп түсінемін.

Бүгінгі күннің тәрбиешілерінің басты міндеті,соның ішінде өзімнің де басты міндетім әлемдік өркениетке ұмтылып,дүниеге іргелі ел ретінде танылып, тәуелсіздіктің тұғырын берік ұстанып отырған қазақстан Республикасының

болашағын тәрбиелі ,білімді, білікті, саналы азамат етіп  тәрбиелеу.

Ел қамын ойлайтын, өз ұлтының атына кір келтірмейтін ,намысшыл ,жігерлі етіп тәрбиелеп өсіру ,олардың бойына сол қасиеттерді сіңіру бұл бәріміздің жүмыла,етене араласып  жұмыс  жасауды талап етеді.Мен  болашағымызды тек қана сондай азаматтармен  елестеткім келеді.Ол үшін қоғамға өз үлесімді қосып,тәрбиешідей мамандығым арқылы ат салысқым келеді.Өмірдің  өзі сияқты күрделі де көп қырлы осы  мамандық-менің болашағым ,менің бақытым!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *