Бақыттың кілті- балалық шақта
Мен сөзімді Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 《Жетінші қара сөзінен》бастағалы отырмын. Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем,жесем,ұйықтасам деп тұрады. Енді біреуі-білсем екен дейді. Бұдан шығатын қорытынды- тән азығы мен жан азығы толық болғанда, осы екі шарт толық орындалғанда, бала да толық адам болып шықпақ.
Бала жүрегі кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Ал білім мен тәрбие беретін адамның қолында әр кезде сол кілт жүруі керек. Балаға жан- жақты тәрбие беру біздің парызымыз.
Қазір балаларымыз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты болып өсіп келеді. Баланың бақытты болуы ұйқысының тыныш, күлкісінің сыңғыр шығуы еліміздің амандығында, аспанымыздың ашықтығында. Осындай бейбіт заманда лайым бақыттың кілті әрқашан да балалық шақта болатынына сеніміміз мол болсын.