Сыйлықтар
Тақырыбы: «Сыйлықтар»
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті, қиялды дамыту.
Міндеттері:
1. Адам қарым – қатынасындағы достық, сыйластық ұғымы туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, ұйымшылдыққа , адалдыққа тәрбиелеу.
4. Жағымды көңіл-күй сыйлау
Қолданылған құрал-жабдықтар: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А4 қағаз беттері, маркер, қалам, Күннің суреті салынған плакат, кәмпит, арнайы дайындалған стикерлер, лента, қорапша, жануарлардың суреттеі, жүрек.
Сабақ құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ ережелерімен таныстыру.
1. Бір-біріне сыйлық беру
2. Ұзақ уақыт сөйлемеу.
3. Ұйымшыл болу
ІІ. Сабақтың мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ. Негізгі бөлім.
а) «Танысу» тренингі
б) «Күн шуағы» жаттығуы.
в) «Тәтті сыйлықтар» жаттығуы.
г) «Имитатор» жаттығуы.
д) «Үндемес» жаттығуы
ІV. Қорытынды бөлім.
а) «Ең тамаша сыйлық» жаттығуы.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/
Дефектолог сөзі: Сәлеметсіздерме ме, құрметті оқушылар! Сыйластық – жалпы адамдар, әрине, әркімнен әр түрлі жағдайда сыйласады. Үлкен , дос немесе құрмет қылуға лайықты адамдар арасында сыйластық әр түрлі болады .Сыйластық жалпылай түсінікте біреуге деген жылы ілтипаты мен ықыласы болу керек
Сыйлық беру- ……………………..
1. Сыйластық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Сый , құрмет қандай адамдарға көрсетуге болады?
3. «Сіз» деген әдеп, «Біз» деген көмек» -деген мақалды түсіндіріңдер?
4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?
ІІ.Сабақтың мақсат-міндеттерін хабарлау
ІІІ. Сабаққа дайындық.
ІV. Негізгі бөлім.
а) «Танысу» тренингі
Нұсқау: Бір-бірімізге жылы жүрегімізді сыйлай отырып, танысу ( ойыншық жүректі сыйлау)
б) «Күн шуағы» жаттығуы.
Нұсқау: Тақтаға күннің суреті салынған плакат ілінеді. Оқушыларға күннің сәулелрі таратылып беіледі. Әр оқушы өздерінің бойларындағы жақсы қасиеттерін жазып, тақтадағы плакатқа жапсыру арқылы сәулесін шашып тұрған «Күн шуағын» құрастыру керек.
в) «Тәтті сыйлықтар» жаттығуы.
Нұсқау: Қатсушыларға лента таратылады. Әр оқушы өз сыныптастарына деген тілегін сол лентаға жазады, тілектер жазылып болған соң кәмпиттер және арнайы дайындалған стикерле таратылады. Әр оқушы өз кәмпиттерін қалаулары бойынша безендіріп, әшекейлейді. Сыйлықтар дайын болғаннан кейін арнайы қорапшадан сыйлықтарды таңдап алады да, кімнен сыйлық алды және қандай тілек тіленгенін айтады.
г) «Имитаторжаттығуы.
Нұсқау: қатысушыларға белгілі бір эмоциясы бар жануарлардың суреттері беріледі. Қатысаушылар сол жануарды мимика, жест, эмоция арқылы бейнелеуі керек.
д) «Үндемес» жаттығуы.
Нұсқау: Берілген бір параққа әр оқушы «Сыйлықты сыйлау» эпизодын үндемей суреттеу қажет. Салған суреттеріне топ болып сценарий жазып, көрініс көрсету, қорғауға тапсырма беріледі.
ІV. Қорытынды бөлім.
а) «Ең тамаша сыйлық» жаттығуы.
Нұсқау: Оқушылар өздерінің қиялдарындағы «Ең тамаша сыйлықтың» суретін салады. Жаттығу шарты бойынша бұл сыйлық әлемде жоқ болуы керек.
Дефектолог мұғалімге бастауыш сыныптарға күнтізбелік жоспарлар керек еді