Мобильді кітапхана

«№102 ЖББМ» КММ мобильді кітапхана

Алматы қаласы Жетісу ауданы №102 ЖББМ КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аккамиева Самал Мейрамовна

Оқушы оқу бағдарламасын игеруі үшін көптеген әртүрлі мәтінді оқуы керек. Ол үшін адамның тез оқитын қабілетін жетілдірудің маңызы зор. Ересек адам орташа есеппен минутына 180-250 сөз оқуы керек. Зерттеушілер бұл көрсеткішті 400-600 сөзге жеткізуге әбден болатынын анықтаған. Дегенмен, мәселе – сөздің санында емес, бастысы – адамның нені, қалай, не үшін оқуы керектігін білуінде.
Американдық іскер Дейл Карнеги: «Адамның кім екенін ісіне, келбетіне, не айтатынына және қалай айтатынына қарап анықтайды» деген. Көптеген адамдар кейде айтар сөзін жеткізе алмай, ойы жан – жаққа шашырап, әлекке түседі. Әсіресе, жас балалар айтарын айта алмай, абдырап, білгенін ұмытып, «неге мынаны айтпадым?, былай деуім керек еді…» деп артынан өкініп жатады.
Ғалымдардың анықтауынша, адамдар неғұрлым көп оқыған сайын сөздік қорының молаюы есебінен ойын дәл және нақты жеткізуге қол жеткізеді екен. Шешендігімен атағы шыққан грек философы Демосфен әйгілі тарихшы Фукидиданың шығармасын жете түсіну үшін 8 рет оқыса, Лев Толстой Евангелиені жаттап алғанша қайталап оқыған.
Осы берілген мәліметтерге сүйен, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынған 30 кітапты
1. Абай Құнанбайұлының өлеңдері, қара сөздері
2. Әбу Насыр Әл-Фарабидің философиялық тарактаттары
3. Мұхтар Әуезов «Абай жолы»
4. Әбіш Кекілбаев. «Үркер» және т.б шығармалары
5. Ілияс Есенберлиннің шығармалары
6. Оралхан Бөкей «Ұйқым келмейді»
7. Әбді-Жәміл Нұрпейісовтың шығармалары
8. Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз», «Тағдыр»
9. Мұхтар Мағауин «Аласапыран»
10. Дулат Исабеков «Қарғын»
11. Ілияс Жансүгіров өлеңдері
12. Әкім Тарази шығармалары
13. Роза Мұқанованың пьесалары
14. Смағұл Елубай. «Ақбоз үй» және тағы басқа шығармалары
15. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері

🔷 Әлемдік әдебиет:
16. Федор Достоевскийдің шығармалары
17. Лев Толстойдың шығармалары
18. Антон Чеховтың әңгімелері, повестері, пьесалары
19.Иван Буниннің шығармалары
20. Эрих Мария Ремарктың «На западном фронте без перемен» туындылары
🔺 Публицистика, ғылыми-танымдық әдебиет:
21. Никколо Макиавелли. «Государь»
22. Алексис де Токвиль. «Демократия в Америке»
23. Жан Монне.»Реальность и политика»
24. Ли Куан Ю «Из третьего мира — в первый.История Сингапура (1965-2000)»
25. Наом Хомский. «Создавая будущее»
26. Мэтью Барроуз «Будущее: Рессекречено. Каким будет мир в 2030 году»
✅ Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылған шығармалар:
27. Энтони Кенни. «Батыс философиясының жаңа тарихы»
28. Клаус Шваб.»Төртінші индустриялық революция»
29. Джон Гэмбл, Маргарет Питереф, Артур Томпсон. «Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу»
30. Росс Данн, Лора Митчелл. «Panorama: Дүние жүзі тарихы» негізге ала «№102 ЖББМ» КММ 7 «Б» сынып оқушыларын кітап оқуға баулу мақсатында қызық тілі мен әдебиет сабағының 5 минут уақытын оқушылардың оқыған кітаптары туралы мілңмет алу үшін арнаймыз. Олай жасауымыздың басты себебі: кітап – рухани сарқылмас қазына. Кітап деген де, әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен біреулер ермек үшін оқыса, біреулер адам өміріңдегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. Білімнің қайнар бұлағы- кітап деп бекер айтпаған.Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес шығар.

Яғни электронды кітапхананы айта аламыз. Қазіргі жағдайда керек ақпарат табу үшін, аудио, видео,ғаламтор секілді жеңіл жолдар табылып тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық азайып кетті. Меніңше бала ерте жастан кітаппен дос болса, болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Кітап оқу –миға жасалған жаттығу. Мысалы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің кітапты көп оқуының арқасында бірнеше тілді меңгерді. Ал М.Горький болса мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа борыштармын деген. Ломоносов та жас шағында оқуға шамасы келмей, әбден есейген кезде оқыған. Сол секілді кітап оқудың еш, кеші жоқ .Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы-кітап.
Ал адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орта – кітапхана. Әдебиет арқылы әлемдегі мемлекеттер бір-бірімен рухани байланыс жасауда. Бірақ бүгінгі компьютендірілген, қарқынды дамыған техника заманы өз қызығын ұсынуда. Өркениетті елдерде кітап оқуға деген ынта-ықыласты арттырудың түрлі амалдары жасалуда.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *