“Жапырақ”
7 б сыныбында өткізілген ашық сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Жапырақ.
Мақсаты: Білімділік: Өсімдіктің жапырағының құрылысына қарай тануды игерту.Жапырақ туралы мағлумат беру,жапырақтың моделін ұсыну.
Коррекциялық : өзіндік жұмыстар арқылы ойларын жинақтау, жапырақтарды тікелей бақылау,салыстыру және олардың негізгі белгілерін анықтау арқылы ойлау,сараптау,қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:туған жердің табиғатын сүюге,оны қорғауға, қадірлеуге, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілік : кеппешөп-«Жапырақ түрлері»,тірек сызба,бейне материал, аудио-таспа: классикалық музыка Чайковскийдің « Времена года» әуені;үлестірмелі материал, жапыраққа байланысты кестелер.
Сабақ түрі:Аралас сабақ.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.ПП бағыт беру: Сабақ классикалық музыка Чайковскийдің « Времена года» әуенімен басталады.(аудио-таспаға жазылған )
«Жерде тудың.Сонау көне заманнан,
Жазда, қыста бар уақытта мәпелеп
Жер өзіңнен нәр алған!
Жерде тудың. Ие болып сенімге
Қорғауға оны міндеттісің тегінде.
Қорға бәрін: орман, суын, ауасын
Қалсын сенің ізіңде.»
Бұл өлең жолдарынан не түсіндіңдер?
Бұл өлең жолдарынан әрбір адам өз туған жерінің орманын,суын,ауасын қорғай білуі керек екенін түсіндік.(Мирас)
Дұрыс,балалар. Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, себебі бізге қонақтар келіп отыр, өз білімімізді жақсылап көрсету үшін көңіл күйімізді көтеріп алайық.(Көңілді күн сергіту сәті)
Мақсаттық бағыт беру: Ал, 7 сыныптың оқушылары осы көтеріңкі көңіл – күймен сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабағымыз екі бөлімнен туратын болады.Бірінші бөлімінде: біз тамыр тақырыбы бойынша қайталау жүргіземіз – тамырдың құрылысы,жүйесі,өсімдік өміріндегі маңызы туралы білімдерімізді еске түсіріп ортаға саламыз.
Ал екінші бөлімінде біз сендермен жапырақтың сыртқы құрылысы -мен танысамыз.
«Әрбір адам өзі туралы із қалдыру үшін бір ағаш отырғызу керек екен.»
Біз сендермен сынып бөлмесіне арнап,гүлзарларға талай гүлдер отырғыз-дық,олар міне өніп – өсіп көзімізді қызықтырып әсемдік беріп тұр. Бүгін,сабаққа арнап мен ғажайып «жас көшет» алып келдім.Оны сабақтың басында отырғызып,сабақ бойы барлық тапсырмаларды дұрыс орындасақ ,ол сабақтың аяғында үлкен жайқалған бәйтерекке айналады.Ал бәйтерек деп халықта алып ағашты айтады.Бәйтерек ағашы тек жақсылықты тілейтін қасиетті ағаш.Мен де сендерге сабақ барысында тек қана жақсылық тілеймін.
ІІ Бірінші көшеттің суретін ашу.(Жаңа отырғызған жас көшет суретін слайдтан көрсету)
Ал енді сабақтың бірінші бөлімі бойынша үй тапсырмасын қайталайық.
1.Деңгейлер бойынша карточкалар тарату.
2.Бүгін қай мүшені қайталаймыз?-Жауабы: біз бүгін өсімдіктің тамырын қайталаймыз.(Дильназ) 3. Тамыр қай жерде орналасқан?-Жауабы : Тамыр өсімдіктің жердің ас -тында өсетін негізгі мүшесі.( Қ.Руслан) -Дұрыс.
3.Тамырдың қандай түрлері болады? -Шашақ тамыр және кіндік тамыр.( Мирас)
4.Дара жарнақты өсімдіктердің тамыры қандай?Мысал келтір.-Дара жар-нақты өсімдіктерде шашақ тамыр жүйесі болады. Бидай, арпа, сұлы.(Нуржан)
5.Қос жарнақты өсімдіктердің тамыры қандай? -Қос жарнақты өсімдіктерде кіндік тамыр жұйесі болады.Орамжапырақ,қызанақ, картоп.( Жанбота)
6.Шашақ тамыр қандай тамырлардан құралған?-Шашақ тамыр көптеген қосалқы тамырлардан тұрады.(Р.Руслан)
7.Кіндік тамыр қандай тамырлардан құралған?- Кіндік тамыр бір негізгі тамырдан тұрады.( Дильназ)
– Ал енді тамыр туралы кім мазмұндап береді? – Тамыр өсімдіктің жер асты мүшесі. Тамыр топырақтан сіңірілген суды және еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді. Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады. Тамырлар шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы болады. Тамыр жұйесі кіндік және шашақ тамыр болып бөлінеді.Кіндік тамыр жұйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан-жағына жанама тамырлар тарайды. Мысалы: асбұршақ, қауын, асқабақ. Шашақ тамыр жұйесінде негізгі тамыр болмайды. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап, топталып тұрады. Мысалы: пияз, бидай, жүгері, арпа. (Дамир)
8.Тірек сызба бойынша жұмыс.Екі тамырсыз өсімдік алу,оларға тиісті тамырларын орналастырып келтіру.(Дильназ)
9.Төртінші топқа өсімдіктің суретін алып мүшелерін дұрыс орналастыру және атап беру.(Дильназ С).
Сабақты қайталауды бағалау: гүлдер арқылы бағалау
Жасыл гүл: Жарайсың!
Сары гүл: Талпын!
Қызыл гүл: Мақсатқа ұмтыл!
Екінші суретті ашамыз.Қайталау жұмысын жақсы орындадыңдар,сендердің дұрыс жауаптарын біздің жас көшетіміздің бойын өсіріпті. ( слайд)
ІІІ Жаңа тақырып.Ал енді жас көшетіміз ары қарайда өсу үшін сабағымыз -дың екінші бөліміне көшейік.Қанеки,бәріміз өздеріңе таныс кестеге назар аударайық:
ӨСІМДІК МҮШЕЛЕРІ
ТҰҚЫМ ГҮЛ ТАМЫР САБАҚ ???
Бір оқушы мүшелерді атап береді.(Нуржан)
– Ал қандай мүшені жаңа атаған жоқпыз.Дұрыс кестеде жапырақ деген мүше жоқ.Бүгінгі сабақта әңгіме жапырақ туралы болмақ.Бейне материалды пайдалана отырып жаңа тақырыпты түсіндіру.Жапырақ өсімдіктің өсу мүше-сі.Жапырақ- жапырақ тақтасынан және жапырақ сағағынан тұрады. Жапы-рақтың кеңейген,жалпақ бөлігі –тақтасы,сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі-сағағы деп аталады.Сағағы болмайтын жапырақтарды сағақсыз дейді. Жапы-рақтың жүйкеленуі:тор жүйкелі,параллель жүйкелі,доға жүйкелі, күрделі қарапайым жапырақтар болады. ІV.Кеппешөппен жұмыс (тәжірибелік жұмыс): жапырақтарды қарап мүшеле-рін ұстап; көріп атау. VІ.Сөздік жұмыс.Сағақ,жапырақ тақтасы.Дәптерге жазып алу. Дара жарнақ-ты өсімдіктерге – шашақ тамыр жүйесі,параллель және доға жүйкелі жапырақ болады.Қос жарнақты өсімдіктерде – кіндік тамыр жүйесі,тор жүйкелі жапы-рақ. V.Мәтін бойынша оқып,оқығанды сұрақ арқылы бекіту. -Жауаптарын кестеден сағақ,жапырақ көрсету арқылы орындау. Түсінгендерін тексеру: 1. Сонымен жапырақ деген не? Жапырақ өсімдіктің өсу мүшесі.( Дильназ). 2.Жапырақ неден тұрады? Жапырақ –жапырақ тақтасынан және жапырақ сағағынан тұрады.(Мирас). 3.Қандай жапырақты сағақты дейміз? Сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі – сағағы болса оны сағақты жапырақ дейміз.(Р.Руслан). 4. Сағақсыз жапырақ дегеніміз не? Сағағы болмайтын жапырақтарды сағақсыз жапырақ дейміз.(Нуржан). 5. Дара жарнақты өсімдіктердің жапырағының жүйкеленуі қандай? Дара жарнақтыларда доға және параллель жүйкелі жапырақ бола-ды.Мысалы:бидай, жүгері.(Жанбота). 6.Қос жарнақты өсімдіктердің жапырағының жүйкеленуі қандай? Қос жарнақ -ты өсімдіктерде тор жүйкелі жапырағы болады. Мысалы: қайың, алма ағашы (Дамир). Үшінші суретті ашамыз.(Көшетіміз көктеп қалыпты, слайд) Төртінші суретті ашамыз.( Көшетіміз бәйтерек ағашына айналыпты. слайд)
Балалар,сендерге мен алдын ала уйге тапсырма берген едім «Ағаштардың дауы»деген қойылымды тамашалайық.
Бірінші ағаш:Менің киімімнен көрікті киім жоқ.Қарашы,қызыл да,жасыл да,тоқ сары да,қызғылтта жапырақтарым бар.Мен ең әдемі ағашпын.(Жанбота)
Екінші ағаш: Ал,менің ойымша сіздікі сияқты ала құла киім мен сияқты салиқалы ағашқа мүлдем жараспайды.Ең сыпайы да,ең әдемі жапырақ ол жасыл жапырақ.Бұл жапырақты мен ешқандай жапыраққа ауыстырмаймын.( Р.Руслан)
Ал,балалар осы ағаштардың дауларына негіз бар ма?Жоқ.
– Жапырақ өсімдікке өте қажет.( Дильназ)
– Өсімдікті жапырақсыз елестету қиын. (Нуржан)
– Жапырақтың пайдасы өте зор.
– Кір ауаны сіңіреді,таза ауаны бөледі. ( Мирас)
Жапырақтардың адам өміріне маңызы
1) ауаны тазартады
2) табиғатқа сән береді.
3) ыстықта көлеңке болады
Дұрыс айтасындар.
Адамның дене мүшесін қолдан айырса,адам кемтар болып қалады. Сол сияқты өсімдіктің жапырағын жүлсаңдар не болады? Ол өсіп өнбейді, сондық -тан да, қай жерде болмасын сыныптағы өсімдіктер, орман өсімдіктер бол -масын,туған жеріміздің тамылжыған тамаша табиғатын сүю,оны қадірлеу әр біріміздің парызымыз. Сабақты бекіту: Ал, балалар бізде сендермен табиғат туралы ғасырлар бойы ақындар жырлаған өлеңдер,жұмбақтар білеміз, ия. Ондай болса айтып берейік. – Отырғанда – жасыл, Түскенде – сары, Жатқанда – қара. Бұл не? (жапырақ) (Қ. Руслан)
– Жердің көркі – жасыл әлем саялы,
Қамқоршы бол алақанмен аялы,
Қиын – қыстау күн түссе егер басыңа,
Жапырағын көлеңке етіп жаяды.
Жел соқса әнге басып тербетіле,
Жарасып тұр табиғат келбетіде.
Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде.
Сәнтүзеп, көрік берсін Жер бетінде.(Р.Руслан )
– Жайқалтса жасыл желек жапырағын,
Ажарланып кетеді-ау атырабым
Табиғаттың осындай сұлулығын,
Сақтауға барша жанды шақырамын Жапыраққа зор мән беріп, қаралық,
Жапырақ тұр Күн нұрынан нәр алып,
Жапырақтан бөлінетін оттегі. Тазартады ауамызға таралып. ( Жанбота) Сергіту сәті (Мен қазақпын)бейне материал бойынша.
Бесінші суретті ашамыз.Қараңдаршы бәйтерегіміз жайқалып,алып ағашқа айналды.Кең байтақ Қазақстанымызда алып ағаштар көп өседі,ал енді солардың ішінде ең әдемісі қайда орналасқан? Біздің бас қаламызда Астанада. (Суретін көрсету)Ол әдемі ғимарат Қазақстанның нышанына айналды.Сендерде бәйтерек ағашындай мықты,көрікті болып тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағына үлкен үлес қосасыңдар деп тілеймін.
Сабақты бағалау. Бағалау: гүлдер арқылы бағалау
Жасыл гүл: Жарайсың!
Сары гүл: Талпын!
Қызыл гүл: Мақсатқа ұмтыл!
Үйге тапсырма.Мәтінді оқып келу,мазмұндау.