“Ана -бала өмірінде” тренинг

Тренинг тақырыбы: «Ана –бала өмірінде»
Мақсаты:Отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынасының стилін анықтау.
Оқушыларға мейірімділік, адамгершілік, ұғымдарының адами қасиеті мен өзара әрекеттері туралы айта отырып, әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ең асыл сезімі – ана махабатынан тарайтындығын түсіндіру;
Психолог: Саламатсыздар ма, құрметті оқушылар! Бүгінгі тренингімізге қош
келдіңіздер!
Өмірдің өкінбейтін бар айласы ,
Ол айла қиянатсыз ой тазасы.
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек,
Таза жүрек, тату дос – сол шарасы.
Шәкәрім Құдайберді.
Тренинг : 1. «Мен кіммін?»
Бұл жаттығуды бірінші кездесуде өткізген өте тиімді болады.Әр адамға бір парақ қағаз бен қалам беріледі.Жетекші: «1саннан 10 ға дейін баған бойынша реттік сандарды жазып шығыңыз.Әр санның тұсына «Мен кіммін» деген бір сұраққа жауаптарыңызды жазып шығасыздар.Жауап жазғанда өзіңізді ақиқатқа сай бағалап барлық оң және теріс қасиеттеріңізді шын көңілмен бағалаңыз.Осы парақты көкірегіңізге түйіп алып бөлме ішінде жайлап жүріп,өзгелердің өздеріне берген мінездемелерімен танысыңыз,ал оларға өзіңіздің жазған мінездемелік «тізіміңізді» оқуға мүмкіндік беріңіз.Қатысушылардың біреуі мысал ретінде өз «тізімін» дауыстап,топтағылардың барлығы еститіндей етіп,оқып беруіне болады.Кездесудің соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөліседі.

2. Слайд:«Ананың жылуы». (бейнесюжет көрсетіледі).
3. «Отбасы оқиғалары» жаттығуы.
Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі-түсті қарындаштар
немесе фломастерлер қажет болады. Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де,екі отбасылық естеліктің суретін салады-бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын жағдайлары бейнеленеді.Сурет салып болғаннан кейін әр қатысушы топқа өз суретін көрсетіп,онда салынған оқиғаны түсіндіріп береді.
4. ««Өтінемін» ойыны.Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
-Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
-Рахмет, өтінемін, т,б
-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
-секіріңдер
-оң аяқтарын көтеріңдер
-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.
– оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар;
5. Көрініс: «Ата-ана махаббаты»
6. «Тілек шамы».
-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Қорытынды.(ата-аналарға жүргізілген тренингтің қорытындысы туралы пікір алмасады).
Психолог сөзі: «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі далада»демекші, бабалардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін, еңбек сүйгіштік қасиеттерді өзі өскен отбасынан алады.Яғни, олар балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.
“Балаға берілген бірінші тәрбие -ата-анасын,туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады”дейді ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин. “Адамға ең бірінші керегі білім емес,тәрбие.Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі”- деп Әл-Фараби айтқандай, Егеменді елдің ертеңі сол ел ұрпағының білімі мектеп тәрбиесінің тереңдігімен өлшенеді. Мекткептің мақсты – біліми өрісі биік, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау жүйесі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан сегіз қырлы – бір сырлы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтан да бала тәрбиесіне жете мән беріп, “Адамның бір қызығы – бала деген” ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *