«Тіл-тірегім,соғып тұрған жүрегім»
Алматы облысы Талғар ауданы Айғаным ауылы
Абылай хан атындағы қазақ халықаралық
Қатынастар және әлем тілдері университетінің
2-курс студенті Бекенова Аружан Жандосқызы
Тілім менің
Тілім менің-таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым.Содан бері міне,өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату-әрбір азаматтың борышы.Себебі,біздің болмысымыз,салт-дәстүріміз,дініміз,мәдениетіміз осы тілімізде жатыр.Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты,білімді,іскер,қабілетті,ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары.Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз.Өйткені,тіл-ата-бабамыздың бізге қалдырған аманаты.Ата-баба мұрасын жалғастыру,оның мәртебесін көтеру баршамыздың міндетіміз,парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың даналық сөздерін,өлең жырларын оқып білеміз,олардан ғибрат аламыз. «Өнер алды-қызыл тіл» деген сөз бекерге айтылмаса керек! Елінің болашағын ойлаған,құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс.
Б.Момышұлының «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту» – деген болатын. Сондықтан тілімізді ұмытпай,әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек деп білемін.
М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес,бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры,тарихы,тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады»-деген.Тіл байлығы-әрбір ұлттың мақтанышы.Әр азамат өзінің ана тілін,көзінің қарашығындай қарап, орынсыз шұбарлануы қарсы тұруымыз керк.
Тіл-өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты,бүгінгі күннің аманаты,бүгінгі күннің абыройы,ертеңгі күннің кепілі.Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп , өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу-әр қазақ баласының бірден бір міндеті деп есептеймін. Біз болашақ жастар тіліміздің абыройын асқақтамаыз,биікке көтереміз деп нық сеніммен айтқым келеді.
Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», – деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір ақ ауыз сөзге сыйдырған.Сондықтан қазіргі жаһандану дәуірінде аз ұлттар мен ұлыстар өз тілдерін қорғап қалуға барынша күш салуда. Қазақстан Республикасы қазақ тілінің ғана емес,қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілінің дамуына барынша жағдай жасап отыр. Елбасымыздың 22-қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялау да сол мақсаттан туған. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып,ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу,ардақтап құрметтеу.