Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар

Тәрбиеші Искакова Г.С

Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар

Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар үшін: моншақтар, борпылдақ заттары бар банкі (ас бұршақ, жасымық, үрме бұршақ)қолданамыз.

Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.

Әрбір заттарды пайдалану арқылы қолдың білезіктері мен саусақтарына арналған жаттығулар ұсынылады:

-пирамида, мозайка , матрешка құрастыру

-қағазға түйме , жіп, замок әртүрлі ұзындықта жапсыру жұмысы

-тиындарды іріктеу

-жарманы жинау

-сіріңкемен жұмыс

-қағазбен жұмыс

-жапсыру(балшықтан, пластилиннен)

-арнайы шеңберге ,бәтеңкеге бау байлау

-құммен, сумен ойнау

-конструктор,текшемен ойнау

-ауада сурет салу

-әртүрлі материалдармен сурет салу(қарандаш,қалам,бор және т.б.)

Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Тәрбиеші Искакова Г.С

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *