Қожанасыр мен Алдар көсе
Күні | Мұғалімнің есімі: | ||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны:0 | |||||||
Сабақтың тақырыбы: | Қожанасыр мен Алдар көсе | ||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты | 1. Оқушылардың Қожанасыр, Алдар көсе туралы білетін ақпараттарын кеңейту. Іздендіру арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал ету.
2. Оқушы бойында адамдық ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, адамгершілікке, адалдыққа баулуға орта құру. 3. Оқушылардың өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін дамытуға, сөздік қорын молайтуға сөйлеу мәдениетін дамытуға, өз пікірін ашық та еркін жеткізуге жағдай жасау. |
||||||||
Күтілетін нәтиже |
1. Қожанасыр мен Алдар көсе туралы білімді толық меңгереді. |
||||||||
2. Жеке, топта жұмыс жасау барысында белсенділігі, пәнге деген қызығушылығы артады. | |||||||||
Қолданылатын әдіс- тәсілі: | Жеке, топтық, ой қозғау. | ||||||||
Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта,
постер
|
||||||||
Басталуы.
|
1.Ұйымдастыру кезеңі:
А) Үш тілде сәлемдесу Б) Кезекшіні анықтап, сыныпты түгелдеу. Сыныпты топқа бөлу. (Алдағы тапсырмаларда белсенділік танытқан топ жеңіске жетеді) 2. Психологиялық дайындық. Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру 3. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: Аңыз әңгіме дегеніміз не? (Біледі) Карточкамен жұмыс. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
|
|||||||
Ортасы
|
Видеоролик. (Қожанасыр мен Алдар көсе)
Түсінеді. Алдар көсе мен Қожанасыр туралы толық мәлімет алады. Қожасаныр– қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол “ауылы аралас, қойы коралас ”, қыз алысып, қыз берісіп құда – жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Әңгімелер сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатира мен ажуалап сынау арқылы адамды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұткызды. Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа – күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйінінде үлкен тәрбие – тәлім толқыны анықтай қалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді.Қожанасырдың құлпытасында ол мұсылман жыл санауы бойынша «680 жылы дүниеге келіп, 386 жылы қайтыс болыпты». Яғни, дүниеге келместен бұрын өмірден озған. Қабірінің бір жаққа қисайып тұрған өз алдына, онда Қожанасырдың қай күні дүниеге келгені мен қайтыс болғаны туралы нақты дерек те жоқ. Тіпті кейбір ескерткіштерде ол адал досы әрі «көлігі»- есекке теріс отырған күйде бейнеленген. Сөйтсе, есекке теріс отыру – Қожекеңе тән қылық боған сыңайлы…Сондықтан шығар, түрік елінде циферблаты стрелкаға қарсы жүретін сағаттар ең тартымды кәдесей ретінде саналады… Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Алдаркөсе түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Бұл Алдаркөсе жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Алдаркөсе бейнесі қазақ театр және кино өнері туындыларында да көрініс тапқан.
Қолданады. «Рөлдік ойын» Көрініс көрсету. Оқушыларға мәтін беріледі, белгіленген уақытта тақтаға шығып, өз өнерлерін көрсетеді. 1-топ Қожанасыр әңгімелерінен үзінді көрсетеді. Шеберханада Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға келіп-кетіп жатқандардың бірі Қожекеңді мұқатпақ болып: — Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрмеген яғни, қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да емес, сары да емес, жасыл да емес, қоңыр да емес, сұр да емес, бір түске бояп берші, — дейді. Қожанасыр оның кекесінін түсіне қояды: — Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет. — Қашан келейін? — дейді анау, қулығын асырдым деп мәз болып. — Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, — дейді сонда Қожанасыр. Қожанасыр мен шапан Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», – демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде: 2-топ Алдар көсе әңгімелерінен үзінді көрсетеді. Алдар көсенің сиқырлы тоны Мұндай сақылдаған сары аязда тоңбаса, түлкі тоны немесе қасқыр ішігі бар адамның ғана тоңбауы мүмкін. Ал Алдар көсе жарықтық шұрық тесік жаман тонмен күн сайын үсіп өле жаздайтын.
Сергіту сәті: «Ақ параққа жазамын»
Анықтайды. «Миға шабуыл» оқушылардан тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер сұрау. 1-топ «Ақылды мен ақымақ туралы» 2-топ «Жақсы мен жаман туралы»
Талдайды. «Автор орындығы» Дәптермен жұмыс. «Қожанасыр ауылы» тобынан 1 оқушы шығып тақтаға Қожанасыр кім? деген сұраққа жауап жазады. «Алдар көсе ауылы» тобынан 1 оқушы шығып тақтаға Алдар көсе кім? деген сұраққа жауап жазады.
Бағалау. Оқушыларды топ бойынша, жеке бағалау.
Қорытындылайды. «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.» Н.Н.Назарбаев айтқандай,
|
|
|||||||
Аяқталуы | Уйге тапсырма: 1-топ Алдар көсе әңгімелерін оқисыңдар, ал 2-топ Қожанасыр әңгімелерін оқиды.
Қоштасу. Үш тілде. |
|
|||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||
Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруду қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау –оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
||||||||
Деңгейлеп тапсырмалар беру
|
Бірін бірі бағалау. | Орыс тілі , қазақ әдебиеті | |||||||
Рефлексия
-Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? -Бүгін оқушылар не білді? -Сыныптағы ахуал қандай болды? -Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? -Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? -Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетінсұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||
-Сабақта оқу мақсаттары ________________________________ -Бүгін оқушылар_____________________________туралы білді. -Сыныптағы ахуал________________________болды. -Мен жоспарлаған саралау шаралары_________________болды. -Мен берілген уақыт ішінде __________________________. |