Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?

Тобы/ сыныбы: Мектепалды даярлық
Педагогтің аты-жөні: Оразбай Назерке Сәбитқызы
Ауданы/қаласы, жұмыс орны: Т.Рысқұлов ауданы, № 1 мектеп – лицейі
Білім беру саласы: Таным
ҰОҚ: Жаратылыстану
Бөлім: 2.Өлі табиғат
Бөлімше : 2.2 Табиғат құбылыстары
Тақырыбы: Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?
Оқу мақсаты: 0.2.2.1 табиғат құбылыстарын сипаттау ( жел, тұман, найзағай, жаңбыр және т.б)
ҰОҚ мақсаты: жел, тұман, найзағай, жаңбыр сияқты табиғат құбылыстарының сипатын анықтайды.
Күтілетін нәтиже: • табиғат құбылыстарының атын атай алады.
• табиғатта болатын құбылыстарды анықтап,сипаттай алады.
• табиғат құбылыстарын бақылай алады.
Ресурстар, дамытушы орта «Кубизм» әдісі,« Егер де…» әдісі, сұрақ – жауап
ҰОҚ жоспарлау
ҰОҚ жоспарын жүзеге асыру кезеңдері Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар
Басталуы
2 минут КҮНДЕЛІКТІ ШАРАЛАР
Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен сәлемдесу. Оқу құралдарын түгелдеу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы мен оқу мақсатын таныстырамын.
ҰОҚ тақырыбы: Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?
ҰОҚ мақсаты: табиғат құбылыстары: ( жел, найзағай, жаңбыр және т.б) сипаттайды.
4 минут ШИРАТУ ЖАТТЫҒУЫ:
«Миға шабуыл» әдісін пайдалана отырып, ашық сұрақ қоямын:
1. Бір жылда неше мезгіл бар?
2. Жыл мезгілінде неше ай бар?
3. Қазір жылдың қай мезгілі?
4. Наурыз айы қай жыл мезгіліне жатады?
5. Қай мезгілде ауа райы суық болады?
Қай мезгілде ауа райы ыстық болады?
Суреттер арқылы балаларды топқа бөлемін:
I топ – жаңбыр
II топ – бұлт
III топ – найзағай

ҰОҚ
Ортасы
4 минут
4 К моделі
1.Коммуникация
«Кубизм» әдісі
Кубикті лақтыру арқылы балалар сұрақтарға жауап береді.
1- тапсырма.
Тапсырма қадамдары:
Саралаудың ресурстар тәсілі.
«Дамуды тексеру» бақылау парағы.
Балалардың шапшаң қимылдап, оқыту процесіне белсене қатыса алуын
бақылаймын.
Бала үні.
Балалар сабақта табиғат құбылыстарын атап береді, жұмбақтарды шеше алады.

5 минут 2.Командалық жұмыс
Топтық жұмыс:
1-тапсырма
Тапсырма қадамдары:
«Жаңбыр» тобына түрлі түсті қолшатырлардың түрлі түсті тамшыларын тауып, ретімен орналастыру.
2-тапсырма
«Найзағай» тобына тақтадағы ілініп тұрған табиғат құбылыстарына сипаттама беру.
3-тапсырма
«Бұлт» тобына табиғат құбылыстарының суретін салу.
Саралаудың нәтиже тәсілі.
Балалардың алдына ортақ міндет қойылады, бірақ табысты нәтижеге жетуді қамтамасыз етемін.
«Дамуды тексеру» бақылау парағы.
Тапсырманы орындауда соңына дейін орындауын бақылаймын.
Бала үні: балалар тапсырманы орындай отырып,өз ойларын айтады.
Сергіту сәті:
Жел соқты, гу – гу,
Құйын келіп билейді зу – зу,
Жапырақтар қол соқты гу – гу
Жаңбыр жауды тырс – тырс
Жаңбыр басылды.
Күн ашылды.

4 минут 3. Креативтілік.
«Жетелеуші» сұрақтар:
Табиғат құбылыстарынан қорғану үшін өзіңе керекті пайдаланатын қандай құрал жасап алар едің?
Саралаудың ресурстар тәсілі.
Іс – әрекет барысында баланың қызығушылығын қадағалаймын.
«Дамуды тексеру» бақылау парағы.
Балалар өз ойларын ортаға салуын бақылаймын.
Бала үні
Балалар өз идеяларын жеткізеді.
4 минут 4. Сыни ойлау.
Егер де… әдісі
Сұрақ – жауап:
Қар неге қыста жауады?
Жазда неге қар болмайды?
Саралау: іс-әрекет барысында балалар қызығушылық танытып,тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті.
Бақылау: Балалар топпен бірлесе жұмыс жасай отырып қай мәлімет шындық, қай мәлімет жалғанын екенін ажырата алды.
Бала үні
Балалар сыни ойлай отырып, сұрақтарға жауап берді.
ҰОҚ аяқталуы 3 минут «Кім жылдам» әдісі. Суреттерге қарап, қандай табиғи құбылыстар бейнеленгенін айтып береді. Ой бөлісу
Кері байланыс
4 минут Кері байланыс:
«Рефлекция пирамидасы»
Табиғат құбылыстарын:

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *