Балабақшада жобалау технологиясын қолдану

Исаханова Айзада Абаевна
Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесінде экологиялық тәрбиенің маңызы өте зор. Себебі бала туылғаннан қоршаған ортамен байланысты болады. Ол айналасындағы ортаға қызығушылықпен қарайды, сан түрлі сұрақтар пайда болады. Ал педагог сол сұрақтарға жауап беруде инновациялық педагогикалық технология болып табылатын жобалау әдісін пайдаланады. Себебі жобалау әдісі өзекті әрі тиімді әдіс. Ол балаға эксперимент жасауға, алған білімдерін жинақтай білуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыда біз өз балабақшамызда жобалау технологиясын қолданамыз. Және мен өз іс-тәжірибемде қолданған жобаларды ұсынып отырмын.
Жоба: «Терезе жақтауындағы қиярлар»
Өзекті мәселе : балалар қияр туралы жеткілікті түрде білмейді, олардың қайдан шығатынын, қайда өсетінін, олардың өсуі үшін не қажет екенін және олардың танымдық – зерттеушілікке қызығушылығы дамымаған.
Жобаның негізгі мақсаты:
1. Қиярды тұқымнан отырғызуды, оны өсіру, күтіп – баптау туралы білімдерін кеңейту .
2. Қиярға тәжірибе жасауға үйрету.
3. Еңбек сүйгіштікке, көкөністерге қамқор болуға тәрбиелеу. Алынған нәтижелерден жақсы көңіл – күй алу.
Жоба жетекшісі: А.А.Исаханова
Жобаға қатысушылар: балалар, ата – аналар.
Жобаның түрі: тәжірибелік.
Қатысушылардың саны: ұжымдық.
Жобаның жүзеге асуының ұзақтығы: қаңтар – сәуірұзақ мерзімді.
Жүргізілетін орны: топтың іші және отбасы.
Ақпарат көзі: әдістемелік ұсыныстар жарияланған пәндік –дамытушылық ортала, интернет сайттары.
Пәнаралық байланыс: таным, коммуникация, көркем әдебиеттің оқылымы, әлеуметтік, қауіпсіздік.
Күтілетін нәтижелер:
1. Балалар қиярдың тұқымын отырғызып, өсіріп, күтіп – баптауды біледі.
2. Қиярға тәжірибе жасай алады.
3. Еңбек іс – әрекетін дұрыс істеп, айта алады.
4. Барлық қатысушылар жобадан жақсы көңіл – күй алады.
Жүргізілетін жұмыстар:
1. Қияр туралы мәліметтер жинау.
2. Ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс – әрекеті: қиярды өндіру. Қиярларды отырғызу.
3. Екі ыдыстағы қиярдың өсу айырмашылықтарын бақылау, бойларының өсуін белгілеу.
4. Үйде ата – аналармен қияр жайлы сөйлесу, бейнежазбалар көру.
5. Отырғызылған қиярларды күтіп – баптау, су құю.
6. Қияр туралы тақпақтар мен жұмбақтарды жинақтап, жаттау және шешу.
7. Сурет салу бойынша : «Көңілді қияр» тақырыбы бойынша сурет салу.
8. Жапсыру бойынша: «Қиярды тұздау» тақырыбы бойынша жапсыру.
9. Мүсіндеу бойынша: «Бақшадағы қияр» тақырыбы бойынша мүсіндеу.
10. Дидактикалық ойындар: «Қиярдың бөлігін тап», «Артығын тап», «Не өзгерді», «Бақшада не өседі», «Күз сыйы. Лото».
11. Бақшаны жасау.
Жоба презентациясы:
1. Бақша презентациясы.
2. Ата – аналар арасында байқау: «Қияр әлемі ».
3. Жобаға белсене қатысқан ата – аналарды марапаттау.

Тақырыбы: «Қыстайтын құстар»
Жобаға қатысатындар: мектепалды даярлық тобының балалары, ата – аналар,тәрбиеші.
Жоба түрі: ақпараттық-шығармашылық
Жобаны жүзеге асырылу мерзімі: 14.01.19-18.01.19 жыл.
Жобаның түсінік жазбасы: «Қыстайтын құстар» тақырыбы жайдан жай алынбады. Жыл бойыайналамызда жүретін құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың сәнін келтіреді және табиғатқа пайдасын тигізеді. Қыстыгүні аязда құстарға тамақ тауып жеу қандай қиын болса, оның қажеттілігі арта түседі. Осы мақсатта тәрбиешілер ата-аналармен бірігіп балаларға қыстайтын құстар туралы ақпарат беріп, оларды қамқор болуды, қоршаған ортамен байланыс жасауды үйрету керекпіз.
Жобаның мақсаты: қыстайтын құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстардың қалай дыбыстайтыны туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.
Жобаның міндеттері: жоба тақырыбы бойынша табиғат бұрышын толтыру.
Қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру. Тірі табиғатқа және құстарға қыста қамқор болуға, тамақ беруге тәрбиелеу.
Нысан: құстар
Әдіс-тәсілі: оқу, зерттеу, бақылау, қорытынды жасау, фотоға түсу.
Жұмыс барысы:
1. Қажетті материалдарды жинау. Жобаның мақсатымен таныстыру.
2. Берілген тапсырмалар бойынша балалардың ата-аналарымен дайындаған материалдарын қорғау.
3. Жобаның қорытындысын жасау.
Күтілетін нәтиже: қыстайтын құстар туралы көп мәлімет алады.Құстарға деген сүйіспешілік сезімін танытады. Баланың тілі жаттығады, ойлау қабілеті, зейні шығармашылық қабілеті дамиды. Табиғатқа қамқорлық жасай білуге , жауапкершілікке тәрбиеленеді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *