Өңер – білім салып жатқан болашақ Алтын ұя «Мерейімнің» қалауы

Дарынды бала – ұлт болашағы. Жас ұрпақ білімді, тәрбиелі, мәдениетті болса еліміздің ертені жақын болатыны анық.
Елордамыздың №53 «Мерей» балабақшасы 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт арасында балабақша шәкірттері талай жарыста топ жарып, үлкенді-кішілі жетістіктерімен ата-аналары мен ұстаздарының мерейін асырып келеді. Балабақша ұжымы балдырғандарымен бірге қоғамдық іс-шараларға да белсене атсалысып қатысады. Соның дәлелі: Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей-тойына орай өткізілген Жол жүру ережелерін сақтау Брейн-ринг сайысынан Мерей ұландары ГраПри иегері атаңды. Сонымен бірге Абай атамыздың өлеңдерін жатқа оқу эстафетасына да балапандар ата-аналарымен және тәрбиеші ұстаздарымен қызыға қатысты.
Бұдан бөлек балабақша ішінде балалар өмірі өте қызықты өтеді. Карате, музыка-хореография, қол өңер, актерлік өңер, бассейн сияқты ұйымдастырылған оқу-қызметтеріне балалар бар ынтасымен қатысады.
«Балалар сұлулық, ойындар, ертегілер, музыка, сурет, қиял әлемінде өмір сүруі керек» деп, В.Сухомлимский бекер айтпаған. Сонын ішінде «музыка» оқу-қызметіне тоқталып өтейік.
Музыкасыз, ойнайсыз, ертегісіз баланың толық мәніндегі ақыл ой мен қиялын дамыту мүмкін емес. Сондықтан, балабақшалардағы музыка жетекшілері сазды эстетикалық тәрбие беруді мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік стандартқа сай бағдарламаға сүйеніп, қызықты да, көңілді өткізуге тырысады.
Музыка – баланың сезімдеріне, рухани дамуына әсерін тигізеді.. Олардың музыкаға деген көзқарас қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі. Негізі бүкіл бала орасан зор потенциалмен өмірге келеді. Өнерге жақын бала көзге бірден түседі. Балаға қолдау көрсету музыка жетекшісінің басты міндеті. Еліміздің балабақшаларында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің арасында болашақта небір майталман өнер иелері шығуы әбден мүмкүн. Балабақша бүлдіршіндерінің өнерге деген құштарлығын арттырудың берден бір жолы сазды әуен мен сиқырлы күйдің, әсәресе, ұлттық аспаптардың үнін тыңдап, олардын музыка сырын түсіне білуіне жол ашу ұстаздың міндеті. Ұстаз еңбегінің нәтижесі шәкірттерінің жітістігі!
Бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен жақындатып өнерге, шығармашылыққа шақыратын кезең – ол балабақшадан басталмақ. Өсіп келе жатқан жас буын әдеби ертегілер мен бейнелеу өнері шығармаларындағы, музыка мен би әуеніңдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы шын мәніндегі көркемдік қабылдау арқылы эстетикалық құштарлықты сезініп қана қоймай, ондай туындыларда кездесетін нәрсіздік пен көріксіздікті де ажырата біледі. Жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің басты саласының бірі – музыка мен ән және би. Әсіресе музыка өнерімен шұғылдану баланың жеке басының жалпы дамуына жәрдем береді. Музыка оқу – қызметі барысында балаларды жан – жақты дамыту және көптеген мақсаттар қойылады. Дәлірек айтсақ: балаларды музыка тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлілікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру. Ән айту, музыка тыңдау, музыкалық сауат және қозғалыс (би) – музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері:
Кіріспе бөлімі
– Музыкалық ырғақты қимылдар
– Ән тыңдау
– Ән үйрету
– Билер
– Ойындар
Кіріспе бөлімінде балалар музыка залына көңілді әуенмен немесе вальс әуенімен, немесе марш музыкасымен кіреді. Осы музыкамен балаларды музыка ырғағына ілесіп жүруге, әр жанырдағы ырғақтың өзіндік ерекшеліктерін айыра білуге үйретеміз. Шеңбер бойымен жүреді, содан кейін тоқтайды да музыка жетекшісі балалармен амандасады, балаларда әуенмен жауап беріп амандасады.
– Музыкалық ырғақты қимылдарда балалар шеңбер бойымен жүріп әр түрлі қимылдар жасайды. Шеңберден басқа ырғақтық үлгілерге көшуді үйренеді.
– Ән тыңдау бөлімінде жекелеген музыкалық үндерді және тұтастай музыкалық шығармаларды тыңдай білуге, ондағы музыкалық дыбыстарды ажырата білуге жаттықтырамыз. Ән тыңдауды да жас ерекшеліктеріне қарай және тақырыпқа сай таңдап алу. Дыбыстардың биіктігін, ырғағын, музыкалық бояуын және дұрыс тыңдап, қабылдай білу қабілетін дамытамыз. Дыбыс биіктігін, дыбыс бояуын, музыканың басталуын және аяқталуын аңғаруға жаттықтырамыз. Осыдан кейін үйренетін әнді ең алдымен балаларға таныстырып өту және әнді әнімен айтып беру, кейін әнің сөздерін үйрету.
– Ән үйрету бөлімінде балаларды ырғағына келтіре, әдемі ән салуға тәрбиелейміз. Ән салу арқылы өлеңнің мазмұнын, тәрбиелік мәнін саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік береміз. Балаларды хормен ән айтқызып жаттықтыру арқылы, оларды ортақ сезімге бөлендіріп, өздерінің әрекеттерін бір әуенге үйлестіруге төселдіреміз, жауапкершілікке, шығармашылыққа ұйымшылдыққа баулимыз. Бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастырамыз. Әнді бірінші акапелло орындап, содан кейін музыка сүйемелдеуімен орындауға үйретеміз. Осылай балалардың есту қабілетін арттырамыз. Жеке дауыста ән айта білуге, әндерді есте сақтай білуге, музыкалық шығармалардың құрылысын түсіне білуге тәрбиелейміз. Ән үйретуді де жас ерекшеліктеріне қарай және тақырыпқа сай алынады. Осы арқылы әр баланың әнді қалай айтатынын икемі бар екенін және жоғары төмен дыбысты қалай алатынын біліп сол балаларды жарысқа дайындап үйретеміз.
– Би бөлімінде музыканың әуен – ырғағымен орындалатын арнайы жаттығулар жасату арқылы музыкалық ырғақты сезінуін қалыптастырамыз. Әуен сазын түсініп, сәнді қимылдар жасай білуге үйретеміз. Дене жаттығуларын музыкалық әуен ырғағына қосылып, әдемі қозғалыс көріністерін жасауға ынталандырамыз. Би қимылдарын жасатып, мүсін сымбаттылығын қалыптастыруды көздейміз. Оларды билеткен кезде, бірдей бір келкі синхронда билеуге үйретеміз.
– Ойын арқылы балалардың музыкалық қабілеттерін арттырамыз. Ойынды
дұрыс және мәдениетті ережесімен ойнауға үйтеру. Сап түзеп жүруге, дене бұлшық еттерінің ширауына да әсерін тигіземіз.
Жаз мезгілінде, «музыка» оқу-қызметі негізінде ойын түрінде өткізіледі. Денсаулықты нығайтуға қолайлы жазғы күндерді дер кезінде пайдалану және әрбір баланың денсаулығын түзеуге және шынықтыруға ұмтылу маңызды. «Мерей» балабақшасының жаз мезгіліндегі жұмысының негізгі мақсаты сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға арнаған неғұрлым тиімді жағдайлар, ойын-сауық және іс-шаралар жасалады.
Іс-шаралар түрлері:
Таза ауадағы сауықтыру жаттығулары: Музыкамен жаттығу, билеу.
Ырғақ сезінуді дамытуға арналған ойындар.
Салауатты өмір салты туралы әңгімелер және осы тематика сай әуен тыңдау, бейне роликтер көру: «Кір қолдар»; «Егер сау болам десең, шынық!»; «Жемістер мен көкөністердің пайдасы туралы».
Мен өз тәжірибемде осы жағдайларды ескере отырып, жас ерекшеліктеріне қарай қандай музыкаларды ұнататынын білуге көңіл бөлемін. Ойын нәтижесінде олар музыканы терең түсіне бастайды, ең бастысы – музыканы қабылдау, есте сақтау қабілеті артады, дене қозғалысы арқылы сымбаттылығы қалыптасады.
Адамға бала сүю – бір қазына,
Секілді өшпес алтын, сөнбес мұра.
Жақсы бала баршаны сүйсіндіріп,
Айналар мәңгілік Ел жұлдызына.
Жұмағали Саин
Әр кішкентай балапанның жұлдызын жағатын ата-анасы және ұстаздары. Өздерін білім бәйгесінде, өңер әлемінде, спорт көгінде танымал болып көрсеткен шәкірттеріміз көбейе берсін!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *