Туған тілім тірлігімнің айғағы!
«Туған тілім-тірлігімнің айғағы!!!»
Мақсаты:
Білімділік: Тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру, әр түрлі тапсырмалар арқылы тыңдаушылардың алған білімдерін бекіту; тіл үйренушілрге қазақ тілінің маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру.
Дамытушылық: Тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету; тіл үйренушілердің ой-өрісін дамыту. Тілдің көркемділігін, байлығын көрсету. Тілдерін дамыту.
Тәрбиелік:Тілге құрмет жайлы мағлұматтарды тіл үйренуші ұғымына сай түсіндіру. Олардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен әріптестер! Аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сай ұйымдастырылған «Тіл болашағы- балабақшада» атты апталықтағы «Туған тілім тірлігімнің айғағы» атты ата-аналар арасындағы сайысымызға қош келдіңіздер!
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз-тіліміз.
Бірі-тіл, бірі-дінің жүректегі»-деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Ендеше тілдің бала өміріндегі құдіретін танытып жүрген сайысымыздың қатысушыларын ортаға шақырайық.
Танысу тренинг
Сайысқа екі команда қатысады.
1 топ «Таңшолпан» тобының ата-аналары.
2 топ «Айгөлек» тобының ата-аналары.
Енді әділ қазылар алқасымен таныс болайық.
«Нұрсәт» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі: Р.Ғ.Амангелдіқызы
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Самия апайымыз
Кәсіподақ ұйымының төраймының көмекшісі: Қарамурзина Шахарман
Әр команда өзін таныстырады. Кім бірінші бастайтынын асық таңдау арқылы білім алайық.
Сайыс 3 кезеңнен тұрады.
І кезең – «Бәйге»
Бұл кезеңде төрт ұяшық беріледі. Осы ұяшықтың біреуін таңдаңыздар.
1.Білім туралы
2. Тіл туралы
3. Балабақша туралы
4.Салт-дәстүр туралы
1.Білім туралы сұрақтар:
1.Білім күні?
2.Білім туралы заң қашан қабылданды?
3. Білім туралы заң қанша тараудан, қанша баптан тұрады?
4. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының құжаттарын кім тағайындайды?
5. ҚР мемлекеттік білім беру жүйесін реттейтін құжаттар?
Жауаптары:
1.1 қыркүйек
2. 2017 жыл 15 шілде
3. 9 тараудан 50 баптан тұрады
4.Құрылтайшы
5.- ҚР мемлекеттік білім беру заңы;
– ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, тұжырымдамалары;
-Оқу бағдарламалары;
-Оқу жоспарлары.
2.Тіл туралы сұрақтар:
1.Тілдер күні қашан?
2.ҚР-ның мемлекеттік тілі?
3.Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?
4. Тіл туралы заң қанша баптан,қанша тараудан тұрады?
5.ҚР парламенті «Тіл туралы»жаңа заңды қашан қабылдады?
Жауаптары:
1.1989 жыл22 қыркүйек
2. Қазақ тілі
3. Ыбырай Алтынсарин
4.27 бап ,6 тарау
5.1997 жыл 11 шілде
3.Балабақша сұрақтары:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қашан бекітілді?
2. Индикатор дегеніміз не? –
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың неше саласы бар?
4. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары білім беру қызметі қандай құжаттарға сәйкес жүзеге асырады:
5. Ұйымдастырылған оқу қызметі дегеніміз не?
Жауаптары:
1. 2012 жыл 23 тамыз
2. бала дамуының көрсеткіші;
3. 5 саласы бар
4. Стандартқа, үлгілік оқу жоспарына, оқу бағдарламасына,басқа да нормативтік құжарға
5. педагог ұйымдастырған және тәжірибеде қолдануға қажетті білім, шеберлік, дағдыларды меңгеруге бағытталған қызметтің бір түрі
4.Салт-дәстүр сұрақтары:
1.Айдар сөзінің мағынасы
2. Сыбаға сөзінің мағынасы
3. Қол кесер сөзінің мағынасы
4. Бастаңғы сөзінің мағынасы
5. Байғазы сөзінің мағынасы
Жауаптары:
1. Айдар-балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.
2. Сыбаға- құрметті немесе өздерінің жақын – жуығына арнап сақталған кәделі ет мүшелерін айтамыз.
3. Қол кесер- соғым союшыларға еттен берілетін сыбаға.
4. Бастаңғы- үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолдары болсын деген ниетпен бас қосып, ойын – сауық құрады.
5. Байғазы-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.
ІІ кезең «Білгіштер» сайысы
Төрт ұяшық бар:
1.Мақал-мәтелдер
2.Жұмбақтар
3.Сөздердің мағынасын ашу
4.Жаңылтпаштар
1.Мақал-мәтелдердің жалғасын табу
1. Адам басшысы-ақыл
2. Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді
3.Өлең – алтын, Сөз- күміс
4.Білім басы -бейнет,соңы – зейнет
5. Көп жасаған білмейді,көп көрген біледі
2.Жұмбақтар:
1.Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл сүті тәтті. (қарбыз)
2.Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады. (жуа)
3.Мөлдіреген жұзімді
Қозғап едім ұзілді. (Моншақ)
4.Тілдерімен жүреді,
Уақытты біледі (Сағат)
5.Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)
3.Сөздердің мағынасын айту.
1.Төбесі көкке жетті-қуанды.
2.Бармағынан бал тамған-шебер.
3.Ат құлағынан ойнайды-атқа жаңа отырады.
4.Жүрегі тас төбесіне шықты-қорықты.
4.Жаңылтпаштар
1.Асан бақша жақтан.
Ақ сабақ асқабақ әкелді,
Басқа жақтан.
Басқарақ асқабақ әкелді.
2.Тоқпақ жаттап,
Айтсақ жақсы-ақ.
Жатка тақпақ,
Жатта тақ-тақ .
3.Ала-ала алашалар,
Тамаша олар,
Оған кім таласа алар.
4.Бұлаң- бұлаң еткен бұл аң,
бұлаң десем екен қылаң.
5.Баланың жаман баға алмағаны,
Мұғалім ағаның жаман болмағаны.
ІІІ Кезең «Білгіштер» сайысы
Мақал –мәтел айтып жарысу. Әр топ тіл туралы бес мақалдан айту керек.
Қазылардан бағасын сұраймыз. Марапаттау
Осымен осы ойынды тәмамдасақ, Жеңіспен пен жеңілістен тұратын
Бұл жарысты өткізермек жаман болсақ. Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын?
Үйрендік білмегенді осы жолы, «Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме,
Тағы да үйренеміз аман болсақ. Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Келгендеріңізге көп-көп рахмет.
Хор: «Қазақ тілі»