Жетістігі жоғары – білім ордасы
Жетістігі жоғары – білім ордасы
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт есінде қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Сондай албырт сезіммен мен де ҰСТАЗ болуды армандадым. Бала жүрегінің кішкентай күй сандығын ашу, өмірге бейімдеу, қазіргі мұғалімге қояр қатал талап. Бүгінгі көшбасшы педагог үнемі ізденісте болуы қажет. Менің жүрегімнің мектебі – «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп». Ашылғанына аз уақыт өтсе де, талай жарыстарда бағын сынап жүлделі орындар алып жүр. Атап айтар болсақ, Республикалық дарынды және талантты балаларға арналған «Жас дарын» байқауында Худайберген Акімжан «Жас дарын» медалімен және сертификатпен марапатталса, Халықаралық Юсмас ментальді арифметика бойынша Малайзия қаласына барып Сансызбаев Ғалымжан 3- орын алды , Халықаралық «Бридж Бульдог» интеллектуалдық марафонына 74 оқушы қатысып, 1,2,3 орынды 34 оқушы иеленді. Республикалық «Жұлдызды қолтаңба» фестиваліне оқушыларымыз қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Халықаралық, Республикалық, Облыстық олимпиадалар , жарыстар мен байқауларға оқушыларымыз қатысып, сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталуда. Талантты оқушыларымз
Қазіргі елімізде болып жатқан жағдайға байланысты, қашықтан оқыту форматына көштік. Алайда , ұстаздарымыз бен оқушыларымыз қашықтан ғаламтор желісіндегі байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленуде. Оқушылар арасында облыстық, республикалық , халықаралық онлайн байқауға қатысу рейтингісі жоғары деп айта аламын.
Қашықтан оқытудың маңызы мен рөлін қазіргі таңда оқушы мен мұғалім көретіп жүр. Қолжетімді бағдарламалар арқылы оқушыларымыз білімдерін шыңдауда. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың оңтайлы тәсілдері жүзеге асырылды. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның арқасында біздің мектебіміздің шәкірттері де білімдерін жалғастыруда. Оқу үдерісің бұл жаңа формасын оқушыларымызда меңгеру үстінде. Әртүрлі платформалар арқылы мұғалімдеріміз білімге құштар оқушыларызды білім нәрімен сусындатуда. Шәкірттеріміз теледидар, ұялы телефон, BilimLand, «Дарын» онлайн платформалары арқылы білімдерін шыңдауда. Ал, Kundelik.kz үнемі кері байланыс жүргізіліп отыр. Қазіргі қиын қыстау кезде басшымыз Букаева Бибигуль Жумахановнаның арқасында еріктілер тобы құрылып, оқушыларымыздың тапсырмаларын жеткізіп, көмек беруде. Осындай игі бастамалардың арқасында оқушыларымызда үнемі шығармашылықтарын жетілдіруде.
Заманауи талаптарға жабдықталған, бәсекеге қабілетті , жоғары білікті ұстаздары бар мектебіме менде өзімнің жүрегімнің бір бөлігін бердім.