Үш тұғырлы тіл
Қазіргі Қазақстандық үшін үш тілді меңгеру – бұл өз игілігінің кепілі – деп елбасымыз айтқандай,Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге дариды. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұрасы. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауы тиіс.
Біздің ана тіліміз өте бай тіл. Ана тілінің көркемдігін көркейту ұлт байрағын көтеру мен бірдей десек, қателеспеген болармыз.
Ана тілінің құдіреті жайлы қаншама ойшыл, ақын жазушыларымыз құнды пікірлер қалдырды. Осынау бабаларымыз сөйлеп, аналарымыз әлдейлеп өскен қазақ тілі еліміздің көркеюіне зор ықпалын тигізуде.
Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың,татулықтың өлкесі болып, көп ұлтты мемлекетке айналып отыр.Осы орайда елбасымыз атап өткендей: «Біз – көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілімен мәдениетін және салт дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауда алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз», – деген болатын.
Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Осы «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы іске асыруды балабақшадан басталуы тиіс. Бұл – заман талабы. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі деп салиқалы үндеуінде атап көрсетті.
Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның болашақтағы өмір белесінен, білім кеңістігінде алары да берері де мол.
Алдағы уақытта үштұғырлы тілді меңгеру – еркіндіктің, бостандықтың, тәуелсіз ел ұландарының бүкіл әлем бойынша бәсекеге қабілетті дара тұлға екендігінің кепілі.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718