Қашықтықтан оқыту кезіндегі тәрбиешілердің жұмысы

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған

дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін

тереңдете оқытатын орта мектеп- интернаттың тәрбиешісі

Ашимжанова Асель Садатбекқызы

       2020 жылдың наурыз айынан бастап еліміздің оқушылары қашықтықтан оқыту технологиясымен білім алып келеді. Алайда бұл жүйенің артықшылықтарымен қатар интернеттің үзіліп кетуі, ауылдық жерлерде технологиялық құрылғылардың қолжетімсіздігісекілді кемшіліктері де орын алып жатты. Соған қарамастан мұғалім мен oқушы арасындағы байланысты үзбей, балаларға моральдық тұрғыдан көмектесіп , мотивация беріп отыратын жандар – тәрбиешілер.

Қазіргі қиын сәтте қашықтықтан оқыту барысында оқушы мен оқытушының ақпарат алмасуын реттеп отыратын тәрбиешілердің атқаратын рөлі зор. « Ата – аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек , олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналардың өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі, талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн», – деген ақын әрі қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаев. 7- сыныпты  республиканың әр түкпірінен бітіріп, 8-сыныпта конкурспен қабылданған оқушылар ата – анасынан алыстап, бірімен бірі ағалы – інілі , әпкелі- қарындасты болып ұжымда өмір сүруге үйренеді. Әр ата- ана Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп- интернатына  «балам адам болсын, талабы өзімнен биік болсын деп жібереді» . Осы тұста ата-ананың сенімін арқалайтын, баланың қауіпсіздігін  қамтамасыз ететін тәрбиешілерді атап өту қажет. Олар оқушының күнделікті сабаққа қатысуын ғана емес, берілген тапсырманы тиянақты орындауын, іс-шараларға , вебинарларға қатысуы секілді әр түрлі мәселелерді шешіп отырады. Бір балаға емес, әр балаға жауап беріп, сынып сапасының түсіп кетпеуін қадағалайды. Ата-аналармен де үнемі тығыз байланыста болып, тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаттарын өткізіп, мектебіміздің басты құндылықтарын оқушысанасына сіңіреді.ай Осындай үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап ететін тәрбиешілердің қызметі жоғары. Сондықтан , әсіресе, дәл бүгінгі күні олардың еңбегін бағаламауға болмайды.

Қорытындылай келе, тәрбиешілер – ұстаздан кейінгі қазіргі заманымыздың айнымас  бір бөлшегі. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп халқымыздың ұлы тұлғасы Абай Құнанбаев  айтып кеткендей шәкірттің адам болып қалыптасуы жақсы тәрбиешінің арқасы.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *