Әл-Фараби нақыл сөздерінің тәрбиедегі маңызы…

Әл-Фараби нақыл сөздерінің тәрбиедегі маңызы… (мақала)
«Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы.»
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға,- деп М. Шаханов айтқандай мәңгілік әлемнен мәңгілік бақыт тапқан Әл-Фараби туралы ой қозғау мен үшін үлкен маңызды. Ол өзінің даналығымен жастайынан зерек, алғыр, сөзге шешен, тапқырлығымен көзге түсіп, әлемнің екінші ұстаз атанып, білім қуған жандарға шамшырақтай бағыт сілтеуші. Өзінің парасаттылығы мен тапқырлығының арқасында ғылымның барлық саласына еңбек жазып қалдырған жан. Еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарып келеді. Мен үшін әр бір нақыл сөзді құнды. Соның бірі «Адамға ең бірінші рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деп балаға дұрыс тәрбие берудегі бірінші қадамды дәл айтқан. Сондықтан өскелең жастарға білімді дұрыс бере алмасақта, тәрбиені қалай да бойына сіңірту біздің үлкен міндетіміз. Мына бір нақыл сөзіне тоқтала кетпеу мүмкін емес. «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады» яғни біздің бақытымыз бен мінезіміз тығыз байланыста екенін ашық айтқан. Әр адам бақытты болам десе, өз мінезін дұрыстау қажет. «Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады» -деп Әл-Фараби айтқандай осындай ұлылардың сөздерін тек қағаз жүзінде қалдырмай темірқазықтай етіп тәрбие беруде пайдаланса деймін. «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.» деп Абай атамыз айтпақшы қара сөздің қадірін білетін жас буындар көп болсын.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *