“Оқушыны ғылыми зерттеу-жұмысына қалай қызықтыруға болады?”
Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қалай қызықтыруға болады? Сіздің пікіріңіз.
Менің жауабым:
Менің ойымша, ғылыми – зерттеу жұмысының бастамасы ретінде белгілі бір тақырыпты немесе тарауды өткен кезде оқушыларға шағын зерттеу жұмыстарын ұсынуға болады. Байқау –бақылау іс –тәжірбиесі кезінде, біз машықкерлер сабақ барысында әдіскермен ақылдаса отырып оқушыларға шағын зерттеу жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Мысалы, әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабағы барысында хабарламалар жазу, шағын әңгіме құрастырып, кітапша жасау, сахналық көрініс қою сияқты шығармашылық жұмыстарды айта аламын. Балаларға дүниетану пәні бойынша да өте қызықты жобалар, тәжірибелер, бақылау жұмыстарын ұсынуға болады. Осылардың бәрін зерттеу жұмыстарының бір бөлшегі деп қарастырамыз. Зерттеу жұмыстарын топтасып, жұптасып немесе жалғыз да орындауға болады (ол берілген тапсырманың орындалуына тікелей байланысты).
Көрген, білген, естіген ақпараттарын суретке салып, өз ойларын қағаз бетіне жазып, кітапша жасауларына болады. Мүмкіндіктері болса, бейнежазбалар жасап, суретке де түсірулеріне болады. Шағын болса да осындай жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі пайдалы, әрі көп еңбек пен ізденушілікті талап етеді.Шағын зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы балалардың қызығушылықтары артады (мысалы: ақын-жазушылардың өмірі, шығармашылығы, балалық шағы немесе «Қызыл кітапқа» енген аң – құстардың түрлері және жоюылуларының себептері). Мұғалім – бағыт беруші яғни ақпараттық жаңа дерек көздерін көрсетеді де жай ғана қажетті бағытты нұсқап, өздігінен жұмыс жүргізуге жол көрсетеді. Бірақ бұндай ғылыми жұмыстарды бер барысында, оқушылардың жас ерекшелелігін ескерген жөн. Мұнан кейін оқушылар өз беттерінше де, бірлесе отырып та орындай береді. Бұл жағдайда әр түрлі бағыттар бойынша қажетті ақпараттар жинақтайды. Жұмыс соңында нақты нәтижелер пайда болады. Осылайша шағын зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қызығушылығы оянған, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын ұқыпты, жинақы, еңбекқор, талапты баланы анықтау қиынға соқпайды.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718