Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру
Кенжебай Сабрина Ізбасарқызы
«Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру»
Егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Қазіргі заманғы білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негізі балабақшадан қаланатыны белгілі. Балабақшадан бастап балаларға білімнің қыры мен сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау адамгершілік қасиеттерін дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етіп тәриелеу – біздің міндетіміз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап балалардың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз – баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге уйрету, тәрбиелеу деген сөз.
Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сулулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау, сөйлеу қабылдау кабілетінің дамуына ықпал ету міндеттерін жүзеге асырады. Сонымен қатар жас ұрпақ әсемдікті, сулулықты түсініп одан ләззат алуға көркем өнер туралы біліммен мағлұматтармен қарулануға эстетикалық тәрбие арқылы мүмкіндік алады.
Эстетикалық тәрбие балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп сұлулықты сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Эстетикалық тәрбие көркем өнер құралы ғана емес қоғамдық өмірдің, оқудың еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану кезінде адамдармен қарым-қатынас үстінде тәрбиеленеді.
Көркем шығарманы табиғат әсемдігін адамның жақсы тәртібін, тамаша мінез құлқын мәдениеттілігін көріп сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына эстетикалық сезімдеріне үлкен әсер етеді.
Әсемдікті сезіну баланың өмірін байтып, бір-біріне достық қарым-қатынас мәдениетін, талпынысын, белсенділігін тудырады.
Эстетикалық тәрбиенің бала дамуының алғашқы сатысы, бала дүниеге келгенінен бастау жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеудің негізі болып табылады.
Жас ұрпақтың эстетикалық талғамын дамыту мынау – «жақсы, әдемі, алмынау – жаман, көріксіз» деп ауызша айтумен жүзеге асырылмайды, бала өнер шығармаларын түсініп, нәр алумен қатар табиғаттың өнердің, еңбектің, тұрмыстың, ән сазын,қолөнер шығармаларын танып білу, өзі жасау арқылы талғамы дамиды. Бұнда оқыту ісі ерекше роль атқарады. Сабақта балалар көркем әдебиет, музыка, кескіндеу туындыларымен танысады, әсемдік әлеміне саяхат жасайды, содан рахаттанады, түсіну, көру, сезіну талғамы қалыптасады. Бұның өзі болашақтағы рухани дүниесінің баюына негіз болады.
Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысындағы мәселелердің бірі-балалардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиал сезімін дамыту. Ал, осы мәселелер балабақша қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей келеді. Соның салдарынан балалардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық етек алуда.
Балабақша тәрбиешілері эстетикалық тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т.б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Тәрбиеші эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.
Бала өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы, бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты.
Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.
Эстетикалық тәрбие жайлы көптеген ғалымдар өз ойларын , пікірлерін қалдырып кеткен болатын, солардың бірі: В.Н.Шацкаяның «Балалардың жанұядағы эстетикалық тәрбиесі» атты кітабы балаалрға берілетін эстетикалық тәрбие мәселелерін қарастырады. Кітапта баланың эстетикалық мүмкіндігі мен қабілетін тәрбиелеуде мына мәселелерге назар аударылған:
– көркем өнерге, табиғатта, қоғамдық өмірде, адамдардың тұрмыстық қатынастарында әсемдікті дұрыс тануды тәрбиелеу;
– құбылыстарды, түрлі сезім, сенімдерді: талғамдар балалардың эстетикалық тұрғыдан қабылдауын, оның бірте-бірте қалыптасуын дамыту;
– баланың көркемдік қабілетін дамыту, білімнің іскерлігін қалыптастыру.
А.И.Буров «Эстетикалық тәрбиенің жүйесі мәселелері» атты мақаласында балаларға эстетикалық білім бере отырып, тәрбиелеу процесін іске асыруда тәрбиеші тарапынан танып-білуге тиісті үш бағыт ұсынады:
1. тәрбиешіде жұмыс істеу үшін, қажетті оқу-тәрбие материалдары болуы.
2. эстетикалық тәрбиенің кезеңдік мөлшерін ескертіп, эстетикалық тәрбие қортындысын бағдарламалай білу.
3. осы негізге лайық педагогикалық процесті құрып, оқу-әдістемелік құралдардың анықтамаларын жасау.
Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. Мектеп жасына дейінгі балалар әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығы және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді.
Тәрбиеші суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған оқиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі жинаған мол тәжірбиесін меңгеру қажет.
Халық әрдайым әсемдікті іздеуін қолдан жасады, оны өмірге, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінуге тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.
Сонымен, бала күнделікті үйде, балабақшада, мәдениет мекемелерінде эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп білуі керек, бірак тек таңданып қана қоймай, қолынан келгенін өзіде тұрмысына ендіруі, іс-әрекетінде бейнелеу, сурет салу, кию, жапсыру, тігу, мүсіндеу тазалық әдемі киіну т.б тиіс. Сонда ғана эстетикалық тәрбие мақсаты ойдағыдай жүзеге асады
Эстетикалық тәрбие дегеніміз-қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сол сұлулықты
жасау қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етудің
мақсатты түрде бағытталған, жүйелі процесі. Эстетикалық тәрбие – өте кең ұғым. Оған табиғатқа, еңбекке, қоғам өміріне, тұрмысқа, өнерге
эстетикалық қатынасты тәрбиелеу кіреді.
Алайда, өнерді танып білудің көп қырлы және өзіндік ерекшелігі мол екені
соншалық, ол эстетикалық тәрбиенің жалпы жүйесінің ерекше бөлімі ретінде
дараланады. Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық жауап беруге, сондайақ, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға жетелеп апаруға тиіс.
Эстетикалық даму баланың эстетикалық нәр алуға мүмкіндік тудыратын сезім мүшелері мен шығармашылық қабілетін ұштау, өмірдегі, көркем өнердегі
әсемдікті түсінуіне, оны қабылдауына педагогикалық жағынан ықпал ету
арқылы баланың эстетикалық сезімін дамыту. Адамдардың эстетикалық
сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп,
жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең
жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және
жексұрындықты,сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны
түсіне білуіне байланысты оның саналы тәртібі мен мінез – құлқы
айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен
мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің міндеттері:
-Баланың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту;
-Балалардың эстетикалық түсінігі мен құштарлығын, сезімталдық
қабілетін дамыту;
-Балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу;
Эстетикалық тәрбиенің құралдары: қоршаған дүние, табиғи орта, күнделікті тұрмыс эстетикасы, табиғаттан, өмірден алған әсері, көркем әдебиет
шығармалары, музыкалық туындылар,бейнелеу өнері,мерекелер мен сауықтар. Мерекелер мектеп жасына дейінгі балаларға қатты әсер етеді,
олардың есінде ұзақ сақталады да, эстетикалық тәрбиенің маңызды құралына
айналады. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруда балабақшаның алатын орны
ерекше. Дегенменде отбасының рөлі де зор болмақ. Балабақша мен отбасының бірлескен ықпалының бірлігі жағдайында ғана эстетикалық тәрбие
міндеттерін толық көлемде жүзеге асыруға болады.
Эстетикалық тәрбиенің әдістері: бақылауды ұйымдастыру, әңгімелесу,түсіндіу, өнер туындыларын көру, қызықтыру, серуен, үлгі көрсету, іс-әрекетті
ұйымдастыру,бейнелеу өнеріндегі әрекеті үшін мадақтау және жетістіктерін бағалау. Балалардың эстетикалық тәрбиесі тұрмыс эстетикасымен, еңбектегі,табиғаттағы, қоғамдық құбылыстардағы әсемдікпен таныстыру жолымен және өнер құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Біз, мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру үшін бейнелеу оқу қызметі арқылы балаларға әдемі суреттер салғызу, суреттерді түрлі
түсті бояулармен бояу арқылы балалардың көңіл күйлерін көтеріп сұлулыққа, әдемілікке баулимыз. Балалар сазбалшықтан немесе пластилиннен мүсіндеу,
қиып жапсыру, табиғат материалдарын көркем өңдеу арқылы және т.б.
жұмыстар арқылы балалардың бойында эстетикалық тәрбие қалыптасады.
Түрлі материалдардан қағаз, картон, пластилин т.б. әшекейлеулік тәсілдеріне
машықтанады,әр-түрлі бұйымдар жасату арқылы біз балалар бойында
эстетикалық тәрбиені қалыптастырамыз. Ал мүсіндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады, және сол мүсіндеген бұйымдарына қимыл-қозғалыстарын келтіруге
үйретеміз балаларды әдемі, дұрыс, ұқыпты, таза жұмыс істеуге
тәрбиелейміз. Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру үшін балабақшадағы мерекелік,ойын-сауықтардың және музыканың алатын орны
да ерекше. Мысалы:Біз балаларды «Алтын күз»,«Жаңа жыл»ертеңгіліктеріне қатыстыру арқылы бала бойында әсемдікті, сұлулықты, шапшаңдықты дамытамыз. Балалар музыканы, әнді айту арқылы,бала бойында қуаныш
сезімі, сол әнге музыкаға деген қызығу сезімі қалыптасады.Сонымен қатар
жазғы уақыттарда біз балалармен «Менің көңілді добым» атты спорттық
ойын-сауықтар өткіземіз.
Балаларды бұл спорттық ойын-сауықтарына қатыстыру арқылы
жылдамдыққа, достыққа, тәрбиеледік және спортқа деген балалардың
қызығушылығын арттыра түстік.
Бұндай балабақшадағы мерекелер бала есінде көпке дейін қалады да,
эстетикалық тәрбиенің қалыптасуына жақсы, оң әсерін тигізеді.
Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беруде
табиғаттыңда алатын орны ерекше. Біз әрдайым табиғат сұлулығын іздей жүріп және оның жаңа қырларын табу арқылы балаларды қуанта отырып,
табиғаттың сұлулығын бірге қарсы аламыз.