Пайыз тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

Қысқа мерзімді жоспар

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.4 А Пайыз(12 сағат)

Мектеп:  М.Құрманов атындағы орта мектеп
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:  Айтқазы Ж.Т.
Сынып: 5 Қатысқандар саны:  19 Қатыспағандар саны:  1
Сабақ тақырыбы Мәтінді есептер шығару
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.5.1.6 пайызға байланысты мәтінді есептер шығару
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: пайыз ұғымын түсінеді, пайызға байланысты мәтінді  есептер шығарады.

 

Көпшілік оқушылар:  берілген санның пайызын табу және пайызы бойынша санды табу формулаларын біледі;

 

Кейбір оқушылар: пайызға байланысты күрделі есептерді шеше алады, қорытынды жасап, зерделей алады.

Бағалау критерийлері -пайызға байланысты мәтінді есепті шығарады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:

Пайызға арналған мәтіндік есептерді талдайды және реттеп жазады, өз ойын басқаларға жеткізе алады, дәлелдейді, тұжырым жасайды.

 

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Берілген санның пайызын табу үшін:…

Пайызы бойынша санды табу үшін:…

Құндылықтарды дарыту Ақпаратты өздігінен табу, өз бетімен жұппен топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу.
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану
Бастапқы білім Шамалардың қатынасын, үлес, жүзден бір бөлігі, пайыз  ұғымдарын біледі.
                                                                     Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

3 мин.

 Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушы назарын шоғырландыру.

Психологиялық ахуал «жылы лебіз» әдісі.

Оқушылар шеңбер жасап тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп сыныпқа жағымды ахуал туғызады.

Презентация
Сабақтың ортасы

7 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин.

 

 

 

 

16 мин.

«Серпілген сауал».»әдісі

1. Бір пайыз деп нені айтады? Кез келген шаманың (санның) жүзден бір бөлігін пайыз деп атайды. Бір пайыз –бүтіннің жүзден бір бөлігі. 1%=0.01немесе 1%=1/100. Математикада «пайыз» сөзінің орнына % белгісі жазылады.

2. Пайыз бөлшекпен қалай жазылады? Мысалдар келтіріңдер Пайызды санмен (немесе бөлшекпен) жазу үшін,пайыз белгісін алып тастап, оны 100-ге бөлу керек.

Мысалы: 7%=7/100=0,07. 200%=200/100=2 15%=0,15

3. Бөлшек пайызбен қалай жазылады? Мысал келтіріңдер. Санды (немесе бөлшекті) пайызбен жазу үшін ол санды 100 % -ға көбейту керек.

Мысалы: 0,4=(0,4*100)=40%; 2/5=(2/5*100)=40%;

4. Берілген санның 1% қалай табылады ?

Өзін-өзі бағалау

 

 

Ойлан!Жұптас! / берліген тапсырмадағы бірінші есепке жеке ойланып жауап береді,  екінші есепті  жұптасып орындайды/

Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Халқымыз ежелден суды қастерлеп, «Сулы жер – нулы жер», «Су – табиғаттың айнасы» деп, суды ерекше бағалай білген. Су баға жетпес байлық, барлық тіршіліктің негізі. Олай болса тіршіліктегі судың қажеттілігін байқап көрейік:

 

Есеп-1:

а) Картоп массасының 4/5-і су,картоп массасының неше   пайызы су?

 

б) Алма массасының 0,85-і су, алма массасының неше пайызы су?

 

в) Адам массасының 65% -ы су, адам массасының қандай бөлігі су?

 

Дайын жауаптар арқылы өз-өздерін тексереді.

Мұғалім тарапынан мадақтаулар айтылады.

             Есеп-2        №1176 (оқулықпен жұмыс)

Заттың бағасы 760 тг;

1)Егер заттың бағасы 15%-ке қымбаттаса, оның қымбаттатылған бағасы неше теңге?

2)егер заттың бағасы 30%-ке арзандатылса, оның арзандатылған бағасы неше теңге?

Жұптасқан оқушылар бір-бірін бағалайды.

Сергіту сәті «Көз жаттығуы»

 

Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар «сиқырлы сандықшадан» әртүрлі түспен боялған бірдей дөңгелек пішіндерді қалауы бойынша алады. Алынған түстерге байланысты оқушылар екі топқа бөлінеді.

Есеп-3.Кабельді телевизия

Төмендегі кесте бес елге арналған теледидарлары бар отбасылар туралы деректерді көрсетеді. Ол сондай-ақ теледидарлары бар және кабельді телевизияға қосылған отбасылар бойынша пайызды да көрсетеді.

 

 

 

 

 

1 – сұрақ. Кабельді телевизия Кесте Швейцарияда отбасылардың 85,8% -да теледидар бар екенін көрсетеді. Кестедегі ақпаратқа сүйене отырып, Швейцариядағы отбасылардың жалпы санының жуық бағасы қандай?

A. 2,4 млн.       B. 2,9 млн.        C. 3,3 млн.         D. 3,8 млн.

Дұрыс жауап: С

2-сұрақ. Кабельді телевизия Кевин кестеден Франция және Норвегия жөніндегі ақпаратты қарап отыр. Кевин былай дейді: «Екі ел үшін де теледидарлары бар отбасылар пайызы бірдей   болса да, Норвегияда кабельдік телевизияға қосылған отбасылар саны көбірек». Бұл пікірдің неліктен дұрыс емес екендігін түсіндіріңіз.   Өз жауабынды негіздеңіз.

……………………………………………………………………………………………………..

Дұрыс жауап: Кевин екі елде теледидарлары бар барлық отбасылардың нақты санын назарға алуы тиіс деген жауап. Оныкы дұрыс емес, себебі Францияда 22 млн.- нан астам отбасыда теледидар бар.

· Себебі Франция халқы Норвегияға қарағанда 10 есе дерлік көп.

· Себебі Францияда теледидары бар халық саны айтарлықтай көп, сондықтан, сәйкесінше, кабельді телевизияға да қосылғандар саны көп болады.

· Себебі Францияда (24,5 × 0,154) = шамамен 3,7 млн. отбасы кабельді телевизияға қосылған, ал олардың Норвегиядағы саны шамамен 0,8 млн. отбасы (2,0×0,427).

Францияда кабельді телевизияға қосылғандар саны көп.

Дескриптор
1 Берілген  пайызы бойынша санды  табады
2 Табылған сан бойынша пайыздың санын анықтайды
3 Есептің жауабын жазады
4 Өз жауабын енгізеді

 

 

 

 

Математика 5 сынып. Оқулық Алдамұратова Т.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есептер жинағы

 

 

 

 

 

 

 

Математика 5 сынып Оқулық Алдамұратова Т.А.

 

 

 

 

 

Сандықша, дөңгелек пішіндер.

 

 

Pisa-2018ж. Астана/ Компьютерлік формат халықаралық зерттеу құралдары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия

Тақтада берілген рефлексивті сөздердің бастамасын таңдай отырып, шеңбер бойымен өздерінің ойын бір сөйлеммен жеткізеді.

Бүгін мен ……………. білдім

Маған …….. қызықты болды

Маған ………………… қиын болды

Мен ……… тапсырманы орындадым

Мен ……………………………… түсіндім

Енді мен ……………………………………ақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

 

Үй тапсырмасы. №1177 

 

 

 

стикер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау арқылы оқушыларға көбірек қолдау көрсетіледі. Шығармашылық тапсырмалар беру. Оқушылардың уәжін қалыптастыруға топтық, жұптық, жеке тапсырмалар беріп, мақтаулар, мадақтаулар айту. Оқушылардың өзіндік бағалануы,жұптық бағалау, «екі жұлдыз,бір тілек».  Мұғалімнің сабақ бойы тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалау – формативтік бағалау Денсаулық сақтау технологиясы. Осы сабақта техника қауіпсіздігі ережесін қолдану пункті. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. Сабақ ортасында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жасатылады.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
Жалпы баға

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *