Туған жердей жер болмас..
Мақсаты:1. Оқушыларды М.Мәметова өмірімен таныстыра отырып, Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын қорғауға тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету.
Тәрбие сағат түрі: дәстүрлі емес
Тәрбие сағат әдісі: баяндау, өлеңдер оқу, түсіндіру
Тәрбие сағат көрнекі құралдары: слайд, интербелсенді тақта
Тәрбие сағат барысы:
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе сөз(мұғалім сөзі)
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан(бейне фильм көрсету).
1 топ:Зерек
2топ:Қайсар
3 топ:Талант
1 топ:Зерек . М.Мәметова өмірі.
2топ:Қайсар . М.Мәметова майдан даласында
3 топ:Талант . М.Мәметова туралы естеліктер,тақпақтар
6. Қорытынды: топтық жұмыстар
Кіріспе сөз. Жер бетінде адамзат баласы пайда болғаннан бері қаншама соғысты басынан өткізгенін санап айту мүмкін емес. Біздің заманымызға дейінгі уақытты айтпағанда қазіргі кездің өзінде қаншама қанды қырғындар, алапат соғыстар болып жатыр. Ал егер тарихқа көз жүгіртсек, осы сансыз соғыстардың ішіндегі ең жойқыны және ең көп адам шығынын алып келгені – Екінші дүниежүзілік соғыс екендігі белгілі. 1939 жылдың 1 қыркүйегінде басталған қанды қырғын 1945 жылға дейін созылды
Басты шайқас фашистік Германия мен құрамында Қазақстаны бар КСРО арасында өрбігенін бүгінде кез–келгеніміз білеміз. Соғыс орны толмас шығындар алып келгенімен ұлтымыздың қайсар және батыр халық екендігін тағы бір рет көрсетіп кетті.
Соғыс даласына қазақтың ұлдарымен бірге өрімдей қаракөз қыздары да өз еріктерімен аттанған болатын. Олар өздерін нәзікпіз демей – басын бәске тікті, ерлерден кем ерлік көрсеткен жоқ. Әсіресе, Шығыстың батыр қыздары атанған Әлия мен Мәншүк апаларымыз майдан даласында жаудың зәресін ұшырып, құтын қашырғаны тарихтан белгілі. Алғашқысы – мерген, екіншісі – пулеметші. Ерліктері сол соғыстың кезінде-ақ мойындалып, есімдері кеңге танылған. Олар қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасты.Осы жылы осы қазақтың батыр қыздарының бірі, өлкелік тұлғалар тізімінен орын тапқан – Мәншүк Мәметованың туылғанына 95 жыл болады.
1 топ:Зерек . М.Мәметова өмірі. Мәншүк Мәметова Жиенғали қызы 1922 жылы 23 қазанда Орал обылысы, Жасқұтта Нарын ауданында туған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия Отбасында 5-еу болған. Әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін Алматыда апасының қолында болады. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.Мектепте оқиды, одан кейін Мединститутта оқиды. 1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.1942 жылы Алматыдағы медицина институтын бітіріп, 1942 жылы тамызда соғысқа өзі сұранып аттанады.
2топ:Қайсар . Мәншук майдан даласында
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».
Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.
Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соғғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.
3 топ:Талант . М.Мәметова туралы естеліктер,тақпақтар
Отан қорғау жолында қаһармандығымен көзге түскен батыр апамыз Мәншүк Мәметова соғысқа өзі сұранып аттанды. Пулеметші болып «Максиммен» жауды топырлата қырды. Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен,- деп армандады. Қазір Алматы қаласында Мәншүк Мәметова атындағы мектеп бар. Оның алдында батырдың бюсті түр. Мектептің ішіне кіріп, дәлізбен жүрсең, бір класстың маңдайшасында былай деп жазылған : «Бұл класста Мәншүк оқыған». Бір парта ақпен сырланған. Бұл партада Мәншүк отырған. Батырдың туған қаласы Оралда Мәншүкке орнатылған ескерткіші бар. Невель қаласында да ескерткіші бар.
Мәншүк.
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулеметі «Максим» оның,
Бойында күш-жігері тасқын оның.
Ерлермен тізе қосып шабуылда,
Оғымен қырғын майдан атты жолын.
Көзінен ұшқын оттай лапылдаған,
Жауына қанар тігіп, қатуланған.
Отан үшін шайқаста ауыр күнде,
Төнсе де өлім қаупі жасымаған
Мәншүк қазасын әскерлерге Әмина Мәметоваға хабарлау оңайға түскен жоқ, тек қайғылы хатты жіберді.
Хатында:«Құрметті Әмина Мәметова жолдас! Сіздің баурыңызға басқан қызыңыз, ержүрек пулеметші, аға сержант Мәншүк Мәметова жолдастың қаһармандықпен қаза тапқанын туралы Сізге терең қайғырған сезіммен хабарлаймыз. Қазақ халқының даңқты қызы Мәметова жолдастың жауынгерлік жолы біздің Отанымызға адалдық пен шексіз берілгендіктің өшпес үлгісі бола алады, Мәметова жолдас майданға өз еркімен келіп, «Максим» пулеметін ерекше табандықпен меңгерді және сонымен өмірінің соңғы минутына дейін фашист құзғындарды қанжұтқыза жусатты. Оның өлімі – біздер, майдангерлер, қарулас жолдастары үшін орны толмас үлкен қаза, туған анасы болып, халықтың осындай ержүрек, ізгі жанды, Ұлы Отанымыз үшін бұл қайғы сізге тіптен ауыр. Оның есімін Ұлы Отан соғысының батыры ретінде қашан болсын мақтанышпен,атаймыз. »
Майданнан сәлем жолдаушы Мәншуктің жауынгер жолтастары:
Иван Черноколпаков, Қасым Шәріпов, Асқар Закарин, Иван Комаров, Бабаш Абдоллаев. 25қазан 1943жыл
Қорытынды: Топтық жұмыс оқушылар орындап отырғанда:
ән «Отан» 6– сынып оқушысы орындауында
1 топ «Зерек» сөзіне-5 жолды өлең
2 топ: «Қайсар» сөзіне -ассоциация құру
3топ: «Талант»сөзіне-сөз жұмбақ
Мұғалімнің қорытынды сөзі. Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында неміс басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Қаршадай қыздың ерлігі көптеген жауынгерге үлгі болды. Павлодар облысының колхозшылары батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Невель қаласында да ескерткіші бар. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» атты көркем фильм түсірілді. Алматы қаласында Мәншүк Мәметова атындағы мектеп бар. №28-орта мектеп пен медициналық институт алдындаескерткіштақтақойылған. Ең бастысы Батыр жерлесіміздің туған өлкесі әсем қала Оралымызда Мәншүкке орнатылған ескерткіші және мемориалдық мұражайы-үйі бар.
«Отан үшін, әкем үшін…» деп қан майданға аттанған ержүрек ару қыздың артында аңыз боп ерлігі қалды. Өзгеде кездесе бермейтін ерлік пен батырлық, қайсарлық пен өжеттілік Мәншүктің ғана жүрегіне тән еді. Себебі ол қазақтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдызы, мыңдар мен миллиондардың бірі… Ол кешкен аз ғұмыр өте мәнді өтті. Себебі оның жаны біздерге жеңіс алып берді. Халқы үшін ерен еңбек сіңіріп, әр кезеңде келер ұрпақтың санасынана өшпейтіндей дара жолы бар қазақтың қос қарлығаштай батыр арулары бүгінде тыныш заманның тәуелсіз төрінде ескерткіш болып қана тұр… Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел батырлары Отанымыздың байтақ жерін, ақ сүт берген анасын, пәк күлкі шашқан баласын, парасатты данасын қорғады. Осы әділет жолында қасық қанын қиып ұрыс даласында ерлікпен шайқасқан батыр қаһарманымыз Мәншүк Мәметова әрқашанда ел есінде, оны әрдайым еске алып, құрмет көрсету біздің парызымыз
Оқушылардың « Ер есімі -ел есінде» М.Мәметова туралы пікірлерін
«Екі жұлдыз бір тілек » арқылы тыңдау.