10 саны (жасалуы, жазылуы). Жай мысалдар мен есептер құрастыру

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы:  10 саны (жасалуы, жазылуы). Жай мысалдар мен есептер құрастыру

Мақсаты мен міндеттері:Балаларды 10 санымен және оның жазылуымен  таныстыру, 10 санының  жазылуын заттардың санымен сәйкестіндіре білу. Заттарды реттік және есептік санау, тура және кері санау дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: 10 санын 1 және 0 цифрымен жаза алу. Зейіндерін, логикалық ойлау қабілеттерін, танымдық қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар орындатқызу.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, саналылыққа, тапқырлыққа, шапшаңдылыққа баулу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілі: ой-қозғау, сұрақ-жауап, ойын тапсырмалар, логикалық есептер, санамақ

Оқу қызмет түрі: аралас оқу қызметі

Көрнекілігі:1-10 ға дейінгі сандар, 10 саны мен цифрының жазылу үлгісі, суреттер, таратпа карточкалар,геометриялық пішіндер, суреттер

Билингвалды компонент: сандарды үш тілде санау

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:1-10 ға дейінгі сандарды  танып, тура және кері санауды, қосу, азайту есептерін шығаруды.

Нені игереді:заттардың саны және шамасы бойынша арақатынастарын көрсететін математикалық терминдерді, логикалық есептерді шығаруды.

Нені білді: кеңістікте және қағаз бетінде бағдарлауды

 

Қызмет кезеңі Тәрбиеші қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері

Қайырлы таң ұстазым,

Қайырлы таң достарым.

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық.

Доброе утро учитель,

Доброе утро друзья.

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте всем добра.

Good morning, Good morning.

Good morning to you.

Good morning, Good morning.

І like see you!

Балалар жылдың қай мезгілі?

Бүгін нешінші күн?

Жарайсыңдар, бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметі.

 

 

Шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылдың қыс мезгілі,

Зима-winter

Бүгін сәрсенбі-среда-wednesday

Ұйымдастыру іздестіру Тосын сый:- «Математика ханшайымы»

-Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен математика ханшайымы.  Сендер математика аралына саяхатқа шыққыларың келеме?  Бірақ менің көңіл күйім болмай тұр, себебі  мен аралыма баратын жол таба алмай тұрмын. Маған көмек бересіңдер ме?

1 тапсырма: Балалар алдымызда үлкен су бар, одан өту үшін бізге не керек?

Ендеше мына қайыққа не жетіспей тұр?Сандарды ретімен қосыңдар.

Керемет балалар, ендеше кеттік.

2 тапсырма: Балалар біз нені көріп тұрмыз?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мына суретте не қайда орналасқан?

 

 

 

 

 

 

 

 

3 тапсырма:Балалар біз үйді көріп тұрмыз, бірақ үйге жақындау үшін не кедергі? Ия, ендеше осы тастардың орындары алмасып кетіпті орнына қойыңдар. Балалар қараңдаршы мына таста сан жоққой, бұл қандай сан болуы мүмкін? Мына тастар нешеу екен?

Осы тастарға тағы бір тас қоссақ он тас болады

Тоғызға бірді қосамыз

Он санын енді тосамыз

Қос таңбалы кім білмек

Олар-бір мен дөңгелек

Тақтаға жазып көрсету,

Он саны он бірліктен тұрады

Ауада жазып көрсету

1.2.3.4.5.6.7.8.9.10

10.9.8.7.6.5.4.3.2.1

Дәптермен жұмыс

10 санын жазғызу

Есептер шығарып көрсету:

Сурет бойынша(6 банан+4 алма,

8 қызыл көлік+2 сары көлік, 7 қалам+3 дәптер т.б

4 тапсырма: жарайсыңдар, балалар енді үйдің айналасында нелер бар? Айналасында нелер үшып жүр?

Ия,  енді осы араларға көмектесейік өз гүлдеріне қондырайық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

1,2,3

Look ats bee

4 and 5

Go to you have

 

5 тапсырма:Енді үйге де жеттік бірақ үй құлып екен, әр құлыптың кілтін екі бірдей таңбалы сандарды қосу,  есеп шығара отырып, өз орнына қоямыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 тапсырма:Балалар үйдің есіктері ашылды. Мұнда сандықша бар екен, ой бұл сандықша жай сандықша емес мұнда логикалық тапсырмалар бар екен:

 

1:-

Қазып жүр құмды 5 мысық,

Үшеуі жатыр, күн ыстық.

Екеуі жүр шомылып,

Барлығы қанша, санап шық

2:-

Алты қонжық орманға,

Бара жатты қорбаңдап.

Бірі олардың шаршады,

әрі қарай бармады.

Жауабын тез айт,

Қанша қонжық кетті алда?

3:-

Апам самса пісірді,

Пештен оны түсірді.

Бір-бірден жеп балалар,

Бақыт, Сақып, Даналар,

Марат, Қайрат, Саралар

Тойып лезде қалғаны

Тағы да бір самсаны

Мысық жалмап алғаны!

(апай қанша самса пісірді)

4:-

Тауық  шықты көшеге

Ерді барлық шөже де

Алға кетті 7-еуі,

Артта қалды 3-еуі

Санай алмай барлығын

Есі шықты тауықтың

Сен есепте, балақан

Қанша еді балапан?

Математика ханшайымы:

Рахмет, балалар! Жарайсыңдар, сендер ең ақылды балалар екенсіңдер. Сендерге менен сыйлығым бар. «Қызықты сандар» атты кітапшасы.  Енді сендермен қоштасатын кез келді, мына жолмен қайыққа жетесіңдер.

Математика аралына келіп тұрыңдар. Сау болыңдар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ханшайыммен амандасып, тапсырмаларды орындауға келіседі

 

 

 

 

 

Қайық

 

 

 

Сандарды ретімен қосып 1-9 дейінгі сандарды қайталайды, орысша, ағылшынша санайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жоғарыда не тұр,

Оң жақта сол жақта

Биік, аласа ұығымдарын атап шығады

 

 

 

 

 

 

Сандар жазылған тастар

 

 

Санап, тастарды  ретімен қою.

 

Тоғыз тас

 

Мұқият тыңдайды

 

 

 

 

Ауада жазады

Қазақша, орысша, ағылшынша санайды

Тура және кері санап шығады

дәптерге 10 санын жазады

 

Ауызша есептер шығарады

 

 

 

гүлдер

 

аралар

араларды есеп шығара отырып гүлдеріне қондырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды

 

 

екі бірдей таңбалы сандарды қосу, есептер шығара отырып, құлыптарды орналастырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есептерді шығарады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ханшайыммен қоштасып, сандар арқылы  қайықа мініп балабақшаға оралады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті түзету Балалар біз қайда бардық?

Біз кімге көмек көрсеттік?

Қандай санмен таныс болдық?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу қызметіне белсенді қатысқан баланы мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді

 

 

Тақпақты айтады:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашамыз

Бесті беске қосамыз

Кел санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы?

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Жасырып ем бесеуін,

Қалды мұнда нешеуі?

Бесеу екен қалдығы,

Нешеу еді барлығы?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *