Мағжан Жұмабаев “Мен жастарға сенемін”

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Көше атаулары мен жарнамалардың тілдік ерекшелігі. (Сайқын ауылы бойынша)

Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде елімізді алаңдатып отырған өзекті мәселенің біріне айналып отырған жағдай: қазақ тілінің көрнекі ақпарат пен жарнама тілі ретінде қолданылуы. Жасыратыны жоқ, бұл салада қазақ тілі – қосалқы тіл, аударма тіл, оқылмайтын шалажансар тіл болып қолданылып отыр. Өз тіліміз өз көшемізден көрінбей жүр. Көрінсе де, шала, қате қолданылғаны көңіліңе қаяу түсірмей қоймайды. Қазіргі қазақ қоғамы нарықтық қарым-қатынасқа көшкен уақытта жер мен көкті жарнама жаулаған заман. Көшеге шықсаңыз – қате жазылған көше атаулары мен жарнама, теледидар, радио қоса қалсаңыз да сол қатеге бой алдырған сан мыңдаған жарнамалар мәтіні.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Жарнама және көше атаулары  – тілдік құралдар арқылы да, вербалды емес құралдар арқылы да ұлттық мәдениеттің белгілерін көрсетуі қажет. Ал ұлттық мәдентиеттің танылуы тілдің ұлттық белгілері: сөз қолдану, граматикалық заңдылығы, нормалары игерілгенде көрінеді. Жарнама мәтіндері ұлт тілімен, ұлттық мәдениетпен байланысты қалыптасатын жағдайда жазылуы тиіс.

  1. Ауылымыздағы көше атауларын және жарнама үлгілерін қазақ тіліне дұрыс аудару өзектілігін көрсету;
  2. Жарнама тілі мен қоғам байланысы.
  3. Ауылымыздағы сауатсыз жазылған көше атаулары мен  жарнама үлгілерін теріп, оларды сараптамаға алу.

Жоспар:

Кіріспе.

Адамзат тiрлiгiнiң бүгiнi мен ертеңiн тануда, сын сағаттарда сонарлы жол тауып, болмыстың мәнi мен мағынасын анықтауда, табиғи заңдылықтардың қажеттiлiгiн өтеуде адам баласы тарихқа жүгiнедi. Сол себептi де әлемнiң қай бұрышы болмасын жеке адам да, жалпы қоғам да өткенiнен сабақ алып, дәстүрiне арқа сүйеп, тарихымен мақтанады.

Далам-ай, дархан далам-ай ұлы!

Жусандарыңнан аңқитын қобыздың үнi.

Самалың сипай аймалап сарайымды iшкi,

Сiңдiрген күнiң жаныма арайын күштi.

Шомылдырады мөп-мөлдiр кәусарым күлiп,

Кәусарыңды жүрмiн мәңгiлiк аңсарым ұқылып.

Байтағым менiң кемеңгер абыздар елi,

Әр жота қыры жетелер аңызға менi, -Қарағандылық жас ақын Сәттiбай Жүнiсов жырлағандай, туған жер әрбір адамның жүрегінен түпкі орынға жайғасқан байлықтарының бірі.

Жер тарихы –ел тарихы. Өзiмiз күнделiктi басып, ауасын жұтып, суын iшiп жүрген жердiң атауларына келгенде кiдiрiп, күмiлжiп қалатынымыз сөзсiз.Сондықтан да қай кезде болсын туған жердiң әр тасын, әр көдесiн тiптi самал желiне дейiн сүю,жас ұрпақ ,бiздiң – басты парызымыз.

Бұл жобада ауылымыздың көшелерін аралап, көше атауларының дұрыс жазылуы мен көшеміздегі жарнамалардың дұрыс қолданылуына тоқталмақпыз.

Жалпы айтқанда ғылыми жобамыз ел тарихына бей-жай қарамайтын көзi қарағы адамдарды елең еткiзерi анық.

Негізгі бөлім. Қазіргі көше атауларының және қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктері

1.Қаламыздағы сауатсыз жазылған жарнама үлгілерінің сараптамасы.

  1.  Қате жазылған көше атаулары мен жарнама үлгілерінің қоғам мүшелеріне тигізетін әсері

Практикалық бөлім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Қаламыздағы сауатсыз жазылған жарнама үлгілерінің сараптамасы.

Бүгінде жарнаманың жаңа түрлері мен жаңа қалыптары пайда болуда, алайда жарнама мәтінінде әрдайым негізгі, жетекші қызметті сөз атқарады. Жарнама тілі саласы қазақ тілінде жаңа сала деп қарастыруға болады. Қазіргі таңда жарнама үстем болып о

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *