«Абзал жандарға мың алғыс»
Елдегі карантинге байланысты, медицина қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Олар ауысымнан-ауысымға жанталасып, отбасына, туған-туыстарына уақыт бөле алмай, талай жанның өміріне араша түсіп, ерлікке пара-пар қызмет атқарып жүр. Соңғы уақытта бұл көрініс дәрігерлердің өмірін күрделендіре түсті. Сондықтан елдегі қиын қыстау кезеңде олардың жанынан табылып, барынша қолдау көрсету – қоғамның басты міндеті.
Кез – келген адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен аялы алақандарының жылуын сезінеді. Олардыңкөмегіментоқтағанжүрекқайтасоғып, үзілгенүміттержалғанады. Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, жанына – дауа, тәніне – шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құштарлығын арттырып, ертелі-кешерінбей, ел үшін еңбекетіп, халықтың алғыс-сауабын арқалайтын ақжелеңді абзал жандар.
Жанымыз қысылғанда қасымыздан табылатын ақ халатты дәрігерлерге қолдау жан-жақты көрсетіліп жатыр. Қазақ айтқандай «біржағадан бас, біржеңнен қол шығарып» партиялықтар мен депутаттар, кәсіпкерлер мен еріктілер бірігіп, игі істерг еатсалысуда.
Аурудың жасқа да, кәріге де қарамастан, жерден соға беретіні ақиқат. Сондықтан ине мен пышақты өмірлеріне серік еткен ақ халатты, алтын қолды дәрігерлер қауымына бесіктегі баладан есіктегі қартқа дейінгі адамдардың айтар алғысы шексіз екендігіне шүбәміз жоқ.
Медицина қызметкерлерінің күні – бұл мереке барлық ғұмырын алғысқа лайықты істерге – өзге адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне қамқор болуға арнаған жандардың еңбектері еленетін күн. Бұл күні республиканың түкпір-түкпірінде дәрігерлер қауымына ерекше құрмет көрсетіліп, алғыс хаттармен марапатталып, ыстық тілектер арналады
Үміт отын жаққан жандарға мың алғыс!