«Сөздер»

Абдалова Урзия Жетыбаевна
Тренинг тақырыбы: «Сиқырлы сөздер»
Тренинг мақсаты: ұжымды ұйымшылдыққа бағыттау,коммуникативті дағдыларын,бір-
біріне тілектестік қарым-қатынасты,жағымды эмоциялық тұрақтылықты
дамыту.
Міндеттері:
• Жағымды психологиялық климат қалыптастыру
• Топта жұмыс жасай білу қабілетін дамыту
• Ұйымшылдыққа тәрбиелеу
• өз бағасын сезіне білуін дамыту
• коммуникативті дағдыларын жоғарылату
• жеке тұлғаның жетілуне қажетті қасиеттерді ұғындыру
• сәттілікке,бақытқа,жақсылық пен табысқа сенімділігін арттыру
• психологиялық қысымды түсіріп,жағымды көңіл-күй туғызу
• бір-біріне тілеулес болу қасиеттерін дамыту.
Керекті құралдар: Слайдтар,сандықша, жүрекше,әр қатысушыға 1 қалам,1 фломастер,1 булавка,
дөңгелектер, конверттер,5-6 сары дөңгелектер,күлтеше пішінді сопақша
қағаздар,сиқырлы таяқша,жағымды ,жайлы әуендер, «Жеке тұлғаның даму
нышандары» қажетті парақтар,көшпелі тақта,бор, «Жақсылық түймедағы»
қажетті 9 сары дөңгелектер мен күлтешелер пішініндегі
парақтар,магниттер,рефлексияға қажетті аяқталмаған сөйлемдер тізімі
жазылған парақтар,1 шырағдан,нотбук,колонка.
(Ортада педагогтар шеңбер бойында отырады)
Педагог-психолог: Сәлематсыздар ма,құрметті әріптестер! Бүгін сіздермен біз тренинг
өткізетін боламыз. Мұнда біз жақсылық туралы айтатын боламыз.
Өлең оқу:
Жақсы болу-өзіңнен,
Жаман болу-өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла,
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің-ақыл айнасы.

1-жаттығу: «Менің атым»
Мақсаты: өз есімін айтып,ұнайтын лақап атын өз қалауы бойынша таңдатып көңіл-күйін
көтеру.
Керекті құралдар:Жүрекше, дөңгелектер, фломастерлер,түйреуіштер.
Шарты: Қазір мына ақ,көңілді жүрекше шеңбер бойымен солдан оңға қарай
айналғанда әр педагог өз есімін айтады,шебер тұйықталғанда оңнан солға қарай
өзіне ұнайтын есімді айтып кері бағытта айналдырады.
(Педагогтар шеңберде түрып, өз есімі мен лақап есімді жазып,түйреуішпен тағып алады.)

2-жаттығу: «Сөйлемді аяқта»
Мақсаты: өз пікірін бірден жеткізе білу дағдысын жетілдіру.
Керекті құралдар: корапша,жүрекше
Шарты: Педагогтер теріс қарап ,көздерін жұмып көңілді әуенмен солдан оңға
қарай,психолог ортада оңнан солға қарай конвертпен айналады.Әуен тоқтатыған
кезде кері бұрылып,психолог алдында түрып қалған педагогке төмендегі сұрақ
беріледі. (Осылайша 3 рет шеңдермен айналады)
1.Жақсылық-бұл …………………………………………. деп білемін.
2.Жақсы адам…………………………………………………..ұқсайды.
3.Жақсы адам ешқашан……………………………………….жасамайды.

3-жаттығу: «Бес сиқырлы сөз»
Мақсаты: бір-бірінің жақсы қасиеттерін жазып,қошемет сөздер сыйлауды,жағымды
көзқараста болуға шақыру.
Керекті құралдар:А-4 парақтары,қалам
Шарты: Әр қатысушы А-4 параққа өз алақанының сұлбасын салып,алақанына өз есімін
жазып,оң жағындағы көршісіне береді де,оң жағындағы көршісінен парақты
алады да,сол көршісінің жағымды қасиетін жазады.
4-жаттығу: «Жеке тұлғаның даму нышандары»
Мақсаты:өз бойындағы жақсы қасиеттерін анықтап,жеке тұлғаның жақсы дамуына
қажетті қасиеттерді жіктей білу мен ортақ келісімге елуге үйрету.
.. Шарты:Әр қатысушыға төмендегі бланка таратылады. «А» бағанына -өз бойындағы
айқын байқалатын 3 қасиетrt «+»,сәл байқалатын 3 қасиеттің қасына «V» белгісін
салу,ал «Ә» бағанында жеке тұлғаның дамуына ең қажетті 3 белгіге «+» белгісін
қою тапсырылады.
(Парақтар жинақталып алынады)
А Ә
1 Бауырмалдылық 1 Бауырмалдылық
2 Кешірімшілдік 2 Кешірімшілдік
3 Төзімділік 3 Төзімділік
4 Әзілдесе білушілік 4 Әзілдесе білушілік
5 Сезімталдық 5 Сезімталдық
6 Сенім арту 6 Сенім арту
7 Басына іс түскен жанға көмек
көрсете білу 7 Басына іс түскен жанға көмек
көрсете білу
8 Досын өзіне ұқсамаса да сол
күйінде қабылдай білушілік 8 Досын өзіне ұқсамаса да сол
күйінде қабылдай білушілік
9 Өз сөзі мен ісін бақылауда ұстай
білушілік 9 Өз сөзі мен ісін бақылауда ұстай
білушілік
10 Тілеулестік 10 Тілеулестік
11 жануарларды жақсы көрушлік 11 жануарларды жақсы көрушлік
12 адамдарды жақсы көрушілік 12 адамдарды жақсы көрушілік
13 тыңдай білу 13 тыңдай білу
14 білуге құмарлық 14 білуге құмарлық
15 өзгенің қайғысын ортақтаса білу 15 өзгенің қайғысын ортақтаса білу

Жеке жұмыс: «Үш қасиет»
Қазір біз осы тренинге қатысушылар бірігіп,жеке тұлғаның дамуына қажетті
негізгі 3 нысанды анықтаймыз. «Ә» бағанындағы 1 сөзді белгілегендер қол
көтеріңіздер. Саны есептеліп тақтаға жазылады.Енді 2 қасиетті белгілегендеріңіз
қол көтеріңіздер . Тағы да саны есептеліп,тақтаға жазылады.Осылайша 15 қасиет
саны тақтаға жазылып, санының көптігіне қарай 3 қасиет анықталады.
5-жаттығу: «Мен өзімнің ………………………………… қасиетімді мақтан етемін»
Мақсаты: Өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарлату.
Шарты: Қазір сіздер 1 минуттай іштей ойланып,өзіңіздің жақсы қасиетіңізді
айтасыздар.
6. «Өткінші өмір» тәлімдік көрсетілімі

7. Тест: «Мен қандаймын?»

Қ/с Сұрақтар Иә Жоқ
1 Сізде аяқ астынан олжа ақша ақша пайда болды. Осцыақшаның бәрін достарыңа немесе тумаластарыңа сыйлық алуға түгел жұмсар ма едіңіз?
2 Танысыңыз сізге өзінің проблемасы немесе басындағы қиындығы туралы әңгімелеп тұр.Оның қозғап тұрған тақырыбы сізді қызықтырмаса сізге қызықсыз екенін сездіресіз бе?
3 Сіздің серігіңіз шахмат немесе басқа ойынды сізден нашар ойнайды. Оның ойынға деген қызығушылығын жоғалтпау үшін арасында әдейі ұтыласыз ба?
4 Өзгелердің көңіл-күйін көтеру үшін жақсы сөздер айтасыз ба?
5 Жаман әзілдерді жиі қолданасыз ба?
6 Сіздің бойыңызда кекшілдік пен кек алу бар ма?
7 Сізге мүлде қызықсыз тақырыптағы әңгіме айтып тұрған адамның әңгімесін аяғына дейін тыңдай аласыз ба?
8 Өз қабілеттеіңізді өзгеге көмек беру үшін шын ниетпен бөілсесіз бе? (Мысалы: Өлең шығара білесіз,көмек сұраған адамға қынжылмай өлең шығарып бересіз бе?)
9 Қолыңыздан келмейтініне көзіңіз әбден жеткен кезде бастаған ісіңізді аяқсыз тастайсыз ба?
10 Өзіңіздің дұрыс айтып тұрғаныңызға көзіңіз жетіп тұрса да қарсы пікір білдірушінің ойын аяғына дейін тыңдай білесіз бе?
11 Сіздің міндетіңіз болмаса да ата-анаңыздың өтінішін орындайсыз ба? (тумаластарыңыз үшін)
12 Достарыңызды қыран- топан күлдіру үшін біреуді мазақтайсыз ба?

Педагогтерге арналған «Мен қандаймын?» тесті нәтижесі:

9 ұпайдан бастап-Сіз сыпайысыз,айналадағы адамдарға ұнайсыз,адамдармен араласа
білесіз.Достарыңыз көп.
Ескерту: «Жұмсақ ағаш-құртқа жем,
Жұмсақ адам-жұртқа жем» дегендей жақсы болғаныңыз үшін
ешкімнен жәбір шекпеуді үйреніңіз.
4- 8 ұпай-Сіз кез-келген адамға жақсылық жасай бермейсіз.Біреулер үшін барлығына
дайынсыз,өкпелетіп алмау үшін бәрімен бірдей болуға үйреніңіз.

0-3 ұпай: «Жақсылық қылсаң өзіңе
Жамандық қылсаң өзіңе» дегендей өмірде жасаған әр ісіңіз шеңбер бойымен
қайта оралатынын есте сақтаңыз өз-өзіңізді тәрбиелеумен,жетідірумен
айналысу керек.

8 –жаттығу: «Егер мен сиқыршы болсам……»
Мақсаты: Қиялын дамыта отырып,айнгаладағы адамдарға жақсылық жасауға
құлшынысын жетілдіре түсу.
Шарты: «Жақсы сөз-жарым» дегендей қазір бір-біріңзге мына шырағдарды жалғас
тырасыздар.Шырағдарды ұстаған қатысушы өзін сиқыршы сезініп, «Егер
мен сиқыршы болсам…………………………» деп не жасайтынын айтады.
Керекті құралдар: шырағдан мен сіріңке

9-жаттығу: «Жақсылық түймедақтары»
Мақсаты: жақсы қасиеттерді ажыратып жазу арқылы шапшаңдықты
дамыту,сөздік қорын байыту.
Шарты:: Қатысушылар тақтадағы сары дөңгелектер жанына сопақшаға
жақсы,мейірімді адам бойындағы қасиеттерді фломастермен жазып іледі.
Керекті құралдар: көшпелі тақтаға сары дөңгелектер мен сопақша пішінді ақ парақтар.

10.Тәлімдік көрсетілім: «Жақсылық»
11.Рефлексия : «Мен нені үйрендім?»

Мен ………………………………………………………………………………………үйрендім

Мен ……………………………………………………………………………………………….. білдім.

Мені ……………………………………………………………………………………..таң қалдырды.

Маған……………………………………………………………………………………………………………………………….

………………………………………………………………………………ұнады.

Маған……………………………………………………………………………………………………………………………….

………………………………………………………………………………ұнамады

Мен үшін ең маңыздысы………………………………………………………………………………………………….болды.

Аты-жөніңіз: ________________________________

12. «Сиқырлы сөздер» (Алғыс,тілек білдіру)
Мақсаты: бір-біріне сиқырлы сөздер айтып,көңіл-күйін көтеру.
Керекті құрал: Жүрекше
Шарты: Тренинге қатысушылар шеңбер бойына тұрып бір-біріне жақсы тілек
тілеп,алғыс білдіреді.
13. Қорытындылау:
Ф. Оңғарсынова апамыздың «Жарқырасын шуақ боп алғашқы үміт,
Жүректерді жүрекпен жалғастырып.
Адамзатқа бірлік бер, тыныштық бер –
Ынтымақтан туындар бар жақсылық! –дей отырып ,бүгінгі

«Сиқырлы сөздер» атты теренингімізді аяқтаймын.Уақыттарыңызды бөліп,қатысқандарыңызға
рахмет! Әркез жаныңызда сәттілік,бақыт,қуаныш жолдас болсын! Сау болыңыздар!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *