Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде білім беру сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде білім беру сапасын
арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану
Тұрар Рысқұлов ауданы,
Көгершін ауылдық округіндегі
« Ақбота» бөбекжай- бақша әдіскері
Г.Б.Жусанбаева
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз … Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі – болашақ ұрпақ қолында. Бүгінгі күннің айдарындағы басты мәселе бала тәрбиесі. Бала тәрбиесі тәрбие жұмыстарында ғана емес, тәлім, таным үрдістерінде жүзеге асады. Тәрбие мен білім өмір жолындағы үзіліссіз процесс. Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе балабақшадан бастау алып, бала бойына танымдық қабілет дарыту міндетіміз. Қай ғасырда болсын ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу – қоғам алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты міндеті болып саналады.Яғни,бүгінгі білім беру жүйесі жаңа педогогикалық технологияның негізделуін және де ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді. Балабақшада оқу тәрбие үрдісінде жаңа технологияны пайдалану заман талабынан туындап отырған мәселе.
Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл – ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру ,өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатыны – балабақшаларға да өз әсерін тигізуде. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «Оқу үрдісін ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, ұйымдастырылған оқу қызметінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Заманымызға сай қазіргі қоғамда ақпараттандыруда тәрбиеші ұстаздардың біліктілігін ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану саласын көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазіргі заман талабына сай тәрбие мен таным саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді әрбір тәрбиеші меңгеріп қана қоймай оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Жаңа өмірдің стандарты «Жалпыға бірдей білім, өмір бойы білім алу».
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын айқындайтын негіз – балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім.
Ақпараттық технологияны балабақша тәрбиешілерінемеңгерту жолдары.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Балабақша – үйрететін орта, оның жүрегі – тәрбиеші. Іздемпаз тәрбиешінің шығармашылығындағы ерекше тұс– оның оқу қызметін түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Тәрбиеші атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр тәрбиешінің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін барлық шәкіртін, балабақшасын шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация тәрбиешісі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін – өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация тәрбиеші табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.
Тәрбиешіге қойылатын талаптардың бірі- оқытудың жаңа технологияларынмеңгерту. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық – коммуникативтік технологияларды (АКТ) пайдалану. АКТ – ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ – ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді бала тәрбиелеу тәрбиешінің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан – жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.Оң мотивацияларды қалыптастыру – тәрбиешінің кәсіби міндеті. Мотив баланың танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін баланы коммуникативтілікке бағыттап ұйымдастырылған оқу қызметінде бала іс-әрекетінынталандыратын ерекше ұйымдастырылған оқу қызмет формаларын таңдау керек.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
- интерактивті тақта;
- мультимедия;
- интернет кеңістігі;
- электрондық оқулық.
Тәрбиешінің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес ұйымдастырылған оқу қызметінұйымдастыру балалардың оқу қызметіне деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде тәрбиешілер балалардың жемісті және тиімді іс – әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес ұйымдасқан оқу қызметін пайдалануда.
Дәстүрлі емес ұйымдасқан оқу қызмет түрлері.
1.Видео
2.Интернет
3.Спектакль
4.Саяхат
Видео-ұйымдасқан оқу қызметін қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды,абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және оқу қызметке қызығушылықты арттырады.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта,интернет,компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар т.б жатады.Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу қызметтерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылықтарын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бүлдіршіннің білім кезінде оқу қызметке белсенділігін арттыра түседі.
Компьютер, мультимедиялық жабдықтар-ақпаратты өңдеуге арналған құралдар, бұл оқытудың жаңа күшті техникалық құралы, тәрбиешілер, ата-аналар мен мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы өзара қарым-қатынас құралы. Балабақшада компьютерлер, интерактивті тақталар дамушы заттық ортаның ұйытқысы болып табылады.Ол жеке ойындық оқыту құралы емес, ол білім беру үрдісінің жан-жақты бағыттарын біріктіруші, оларды байытушы және балабақшаның дамушы ортасын өзгертуші әмбебап ақпаратты жүйе ретінде қабылданады.
Жаңа АКТ-ны ұйымдасқан оқу қызметінде пайдаланудың тиімділігі.
1.Балалардың еркін ойлауына мүмкіндік береді
2.Ақыл ойын дамытады
3.Шығармашылық белсенділігін арттырады
4.Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді
5.Тіл байлығын дамытады
6.Жан-жақты ізденушілігін арттырады
Білім беруде АКТ – ны пайдалану мен балалардың құзіреттілін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ – ны электронды оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану баланың білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуда мүмкіндік береді. АКТ – ны ұйымдасқан оқу қызметін пайдалану кезінде балалар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды.Ақпараттық технологияны пайдалану – баланы жан – жақты дамытудың шешуші құралы.Ақпараттық коммуникативтік технология құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп жасына дейінгі балалардың білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады.
Қазіргі таңда интерактивті бағдарламалық бөлімдер,қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып,қолданыс табуда.Осындай құралдардың бірі мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу қызметтерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу қызметін өткізер алдында жиі – жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын.
Ақпараттық технологияның оқу – тәрбие үрдісінде тиімділігі
1.Баланың өз бетімен жұмысы.
2.Аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу.
3.Қашықтықтан білім алудың мүмкіндігі.
4.Баланың ой – өрісін дүние танымын кеңейту.
5.Іс – әрекет қимылды қажет ететін, тапсырманы оқып үйрену.
Ақпараттық технологияны қолдануды балабақшада жүзеге асыру .
Қолданылатын әдістер:
-сұхбат оқу қызметтер;
-дидактикалық материалдармен жұмыс (сандар белгіленген текшелер, суреттер, құрастыруға арналған түрлі заттар және т.б.)
-белсенді топтық оқу әдістері: ойындар, жарыс оқу қызметі, пікірталас және т.б.
Көрнекілік:Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда көбіне –көп көрнекі қимылмен көрнекі образды ойлау басты орында болу себепті, ұйымдастырылған оқу қызметінде көрнекіліктің қолдануы өте маңызды.
Олар: Балаларды оқу қызметі барысында ынталандыру үшін және тапсырмаларды түсіндіруде қолданылатын суреттер.
Оқытудың техникалық құрал – жабдығы:Дербес компьютер, сканер, принтер, интерактивті тақта, дыбыс ұлғайтқыш, микрофон.
Оқу құралы: Электронды оқулықтар,слайдтар,бейне-фильмдер т.б
Оқу қызметінің жүргізілу жүйесі:
- Техникалық сұрақтар (3минут)
- Оқу қызметінің тақырыбына сәйкес-(8-10 минут)
- Сергіту сәті-(2 минут)
- Қорытынды ( 5 минут)
Күтілетін нәтиже: Балалар білуге тиіс:
-компьютер құрамына енетін негізгі құрылғылардың сипаттамасын:жүйелік блок, монитор;пернетақта, тінтуір;
– компьютермен қауіпсіз жұмыс ережесін;
-тінтуірдің көмегі арқылы экраннан қажетті объектіні таңдай білуді;
-тінтуірдің көмегі арқылы экранда жұмыс істей білуді;
-компьютермен жұмыс істеудің санитарлық-гигиеналық талаптар т.б
Қорыта келгенде,балабақшада ақпараттық технологияны пайдалану-бала танымын жан-жақты дамытудың шешуші құралы.Ақпараттық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.Ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде-оқытудың жаңа моделін құруға жол ашылып отыр.Ақпараттық технология оқу қызметті түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен бірге оқу қызметті жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі.Жаңа ақпараттық технологиялармен қамтылған еңбек нәтижелі болады, адам мәдениетті болады, өзіне, қоғамға,оның материалдық және рухани құндылықтарына деген құрмет пайда болады.Ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдана білу педагогикада жаңа әлеуметтік-экономикалық шарттарда өзін жайлы сезінуіне, балабақшаға-ашық білім беру жүйесі ретінде қызмет ету мен даму режиміне көшуіне көмектеседі.Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде білім беру сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдансақ, қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуде, яғни жан – жақты көп мәдениетті, шығармашыл, әлеуметті бейімделген тұлға қалыптастырсақ еліміздің болашағы баянды болмақ!
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Назарбаев Н.Ә. «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін»Президенттің Қазақстан халқына жолдауы…..
2.Балапанов Е.Қ,Бөрібаева Б.Б. Ақпараттық мәдениет негіздері.Әдістемелік нұсқау-Алматы
3.Бүлдіршіндерге арналған компьютерлік сауат ашу бағдарламасы.Алматы,2005