Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту

Тәуелсіз елімізде қазіргі уақытта білімнің кең көлемді қоры жиылған мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту мәселесіне тоқталатын болсақ: оқыту үдерісінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Танымдық қызығушылық – оқушының оқуға,білуге деген ынта-ықыласының, рухани жан дүниесінің дамуының құштарлығының ерекше көрінісі.Танымдық қызығушылық проблемалық сұрақтың жауабын іздестіру арқылы жүзеге асады. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, ел экономикасының қарқынды өсуі адамдардың көзқарасының заман талабына сай өзгере бастағаны олардың өмір сүру дәстүрінен байқалады. Бұл әлемді қамтыған жаһандану дәуірінің бастапқы көрінісі.Қоғамдағы түрлі өзгерістер мен ондағы адамдар тіршілігіндегі маңызды мәселелер таным процесі арқылы ғана шешімін тауып жатады. Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Ал шығармашылық іс-әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қана қызығушылықтан бастау алады.
Танымдық қызығушылық – оқушының іс-әрекетінде жүзеге асырылатын және бірте-бірте дами отырып, адамды тұлға ретінде қалыптастыратын тұрақты қасиет.Танымдық қызығушылық – ақпараттық –қатынастық технологиялық құралдарын оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, жаңа тақырыпты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік дағдысын бақылау барысында жүзеге асырылып отырады. Адамда сан алуан қызығушылықтардың болуы мүмкін. Оқуға қызығудың әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты үлгеруіне ықпал етеді де, терең білім алуына көп жәрдемін тигізеді.
Қызығушылықтардың өзінің мазмұны мен бағытына қарай, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов және т.б. бір топ ғалымдарымыздың пікірінше, материалдық, қоғамдық-саяси, кәсіптік,эстетикалық,спорттық, танымдық болып келеді.Бұл қызығушылықтардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді.Мәселен, таным қызығулары: оқуға,ғылымға, ал кәсіпке қызығуларға салалы кәсіптің түрлеріне, мамандықтарға байланысты болып бөлінеді.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты мақсаты мен міндеттері, мазмұны өзгерді.Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың білім алуы барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пйдалана білу арқылы танылады. Бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруды талап етеді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *