«Су мен ауаның қандай қасиетін білесің ?»

Оразова Балзия Сабитаевна
«Жауқазын» балабақшасының
ІІ- санатты тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Су мен ауаның қандай қасиетін білесің ?»
Мақсаты: су мен ауаның қасиеттерін сипаттау,қарапайым тәжірибелер жүргізе білуге
үйрету.Жансыз табиғат жөнінде қарапайым түсініктерді қалыптастыру,тәжірибелік жұмыстың
ең оңай дағдыларын меңгерту. Қызықты ойындар арқылы елестету және қиял болжамдарын дамытып,тіл байлығын,таным өнерін,сөздік қарым-қатынастарын дамыту.
Көрнекілігі:слайд, көрнекіліктер, полиэтилен пакет, стакан,шырын,сүт,су,лэпбук,жұмыс дәптері,стақандар.
Шаттық шеңбері:
Достар бері келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге,
Қуанышпен еніңдер.
Күніміз ашық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
-Қанекей, балалар, қонақтармен амандасайық.
-Сәлеметсіздер ме!
–Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Атайықшы…
-Қазір қай ай?
-Балалар,бір аптада неше күн бар?
-Атайықшы…
-Бүгін қай күн?
-Жұма.
-Ой,балалар,жарайсыңдар!
-Балалар өткен оқу қызметімізді еске түсірейікші,біз қандай тақырыппен таныстық?
-«Жансыз табиғаттың пайдасы қандай?»
-Қанекей ,балалар,есімізге түсірейікші, табиғат нешеге бөлінеді?
– Жанды және жансыз табиғат болып екіге бөлінеді.
-Жанды табиғатқа кімдер, нелер жатады?
– Адамдар,жан –жануарлар,өсімдіктер жатады.
– Неліктен оларды жанды табиғат дейміз?
-Себебі,олар қоректенеді,өседі, көбейеді.
– Ал,жансыз табиғатқа нелер жатады?
– Тау,тас,құм, су, ауа,күн,бұлт.
– Неліктен оларды жансыз табиғат дейміз?
-Олар қоректенбейді,өспейді,көбеймейді.
-Жарайсыңдар балалар!
-Ал, балалар, жансыз табиғаттың жанды табиғатқа пайдасы қандай?
-Тас пен құмды құрылысқа пайдаланамыз,су мен ауасыз өмір сүре алмаймыз. Суды ішеміз,
гүлге құямыз,тамақ пісіреміз,ыдыс жуамыз,жуынамыз.Ал ауамен дем аламыз.
-Жарайсыңдар,балалар,су мен ауасыз тіршілік болмайды екен. Ал сендер, су мен қасиетін білгілерін келе ме?
-Ия.
-Олай болса,ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізде су мен ауаның қасиетін білетін боламыз.
Жұмбақ
Жыл-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (су)
-Жарайсыңдар,тамаша! (Слайд көрсету)
-Балалар,біздің жер шарымыздың көп бөлігін су алып жатыр.Су жер шарының тіршілік көзі болып саналады.Су адам денсаулығына өте пайдалы. Сол себепті адамдар күнделікті су ішіп тұруы керек. Салқын су,жылы су, ыссы су болады.Ал бізге қандай су ішкен пайдалы?
-Жылы су ішкен пайдалы.
-Неліктен?(балалардың жауабы)
Бір стақан суды алып қарап шығу.Су туралы не айта аласыңдар?
(балалардың жауабы)
-Балалар,судың үш күйі бар.Сұйық, қатты, бу.
-Суды стақанға құйып көрсету. Мұзды көрсету.(түсіндіру) Буды көрсету.(слайдтан шәйнектің
қайнап жатқанын көрсету)
-Балалар, су-сұйық, судың дәмі болмайды. Судың түсі де болмайды. Су –мөлдір.
Тәжірибе: Судың түсі қандай? (балалардың жауабы)
-Екі стақанды алайық, біреуіне су, екіншісіне сүт құйылған.Терезеге қарату, үстел үстіндегі заттарды қарату.
-Балалар қараңдаршы, терезе көріне ме? Ал,үстел үстіндегі заттар көріне ме?(балалардың
жауабы)
-Су құйылған стақаннан көрініп тұр.Сүт құйылған стақаннан көрінбейді.
-Яғни, су- мөлдір сұйықтық.
Тәжірибе: Судың дәмі қандай? Үстел үстіндегі судың дәмән тату.
-Демек,судың жоқ.
Тәжірибе:Су – еріткіш. Балалар,судың дәмі жоқ.Бір бала суға қантты,екінші бала тұзды салып
езіп көреді.Не өзгерді? Енді осы суды ішіп көрейік.
-Судың дәмі өзгерді.
-Суға салған нәрселерімізге не болды?
-Еріп кетті.
Тәжірибе:Судың пішіні қандай?Үстел үстінде шаршы мен доп жатыр. Мына заттардың пішіні қандай? (балалардың жауабы)
Судың пішіні бар ма? Жіңішке құтыға суды құямыз, енді сол суды жалпақ ыдысқа құямыз.
Суды қандай ыдысқа құйсақ ,сол ыдыстың пішінін алады екен. Су –сұйықтық. Демек,судың
пішіні болмайды.
-Қане,балалар,сергіту сәтін жасап, бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті: (әуенмен)
-Жарайсыңдар ,балалар,орнымызға отыра қояйық.
-Балалар мен сендерге тағы да жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Көзге көрінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (ауа)
-Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы!
-Ал,балалар,ауа деген не? Ол қайда? (балалардың жауабы)
-Ия, ауа көзге көрінбейді.Бірақ, ауа бізді қоршап тұр. Су сияқты ауасыз да тіршілік жоқ. Ауа
адамдарға да,жан-жануарларға да,өсімдіктерге де керек. Мысалы, ауаның түсі мен иісі
болмайды.
-Адамдар мұрын арқылы дем алады.Енді мұрынымыз бен аузымызды жауып,дем алмай
көрейік. Қанша уақыт шыдай аламыз екен?
-Көрдіңдер ме ,балалар, біз ауасыз ұзақ шыдай алмаймыз екен.
-Қанекей ,бәріміз мұрын арқылы дем алып,оны қайтадан шығарайық.
-Ауаны көріп тұрсыңдар ма?
-Жоқ,көрінбейді.
-Оны білу үшін, мына қағазбен бетімізді желпіп көрейік.Нені сездіңдер?
-Желді,ауаны сездік.
-Яғни, ауаны сезу үшін,оны қозғау керек.Ауа адамның денесінде де болады.Оны біз тәжірибе
арқылы білетін боламыз.
Тәжірибе:Қолымызға полиэтилен пакетін алайық.Пакетте не бар?
-Пакетте еш нәрсе жоқ.
-Ал енді,пакетке ауаны жинайық.Ол үшін пакетті үрлейміз және аузын бекітеміз.Пакеттің іші
ауаға толды.Көрдіңдер ме, балалар, біз ішіміздегі ауамен пакетті толтырдық.Енді ауызын ашып,
ауаны шығарайық.Пакет қайта өз қалпына келді.
-Неліктен?
-Себебі ішіндегі ауа шығып кетті.
-Демек,ауа түссіз, ауаны сезу үшін, оны ұстап алуымыз керек екен.
-Жарайсыңдар,балалар! Тамаша!
Лэпбукпен жұмыс
Сөздік ойын: «Жанды және жансыз табиғат»
Жеке жұмыс: «Дәмін ажырата алсың ба?»
Балалар берілген заттардың ненің дәмі екенін ажыратады.(сүт,су,шырын,айран)
-Жарайсыңдар,балалар! Өте жақсы!
Қорытындылау:
Дәптер бойынша қорытындылау.
-Жарайсыңдар,балалар! Бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне барлықтарың жақсы қатыстыңдар.Жарайсыңдар,балалар! Сендерге сыйлығым бар.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *