« Мамандығым-мақтанышым!»

Дали Жаңылсын Сәрсенбекқызы
«Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы
« Мамандығым-мақтанышым!» Әр мамандықтың өз қиындығы,өз қызығы бар.Менің мамандығым-тәрбиеші.Мен 2016 жылдан бастап Манғыстау облысы,Қарақия ауданы,Жетыбай ауылында «Жауқазын» балабақшасында 4жыл жұмыс атқарып келемін.Өз мамандығым өзіме ұнайды.Балабақшада жұмыс жасау өте жауапты іс болғандықтан тәрбиеші үнемі жинақы білікті,шығармашыл тұлға болуы керек деп ойлаймын.Балабақшаға кіргенде жас бүлдіршіндердің жағымды үндері,сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді.Күнде таңертең жұмысқа келгенде,балалармен бірге болған әрбір уақытым мені жаңа әлемге жетелегендей болады.Балалар өте таза шынайы ақ парақ сияқты сол таза балаларға бар білімімен тәрбиені беруде өз тәжирбиемдегі барлық білік білімді аяған емеспін.Ұлтымыздың келешек ұрпақтары заманымызға сай тәрбиелі ұрпақ болып өсуіне өз үлесімді қосудамын. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып,олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды.Алайда баланың тілін тауып,тілдесу,жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет.Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік,мейірімділік нұрын сеуіп,білім,өнер нәрімен сусындату мына біз тәрбиешілердің еншісінде.Балабақшада балалардың өз ана тілін жетік меңгеруіне әрдайым басты назарда ұстаймын.Әр ұлт өз тілін салт-дәстүрімен халқының,елінің дінін,тарихын өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіріп тәрбиелеу керек.Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт.Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне» бір бойласам,ешқашан өз мамандығыымды өзгерткім келмейді.Өйткені,бала-пәк,бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты.Балалар –өмір гүлі.Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз,шынайлықпен баптағанда ғана өседі.Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі мен мамандығымды мақтан тұтамын.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *