«Көктем келді»

Ерходжаева Алия Жаксылыковна
«Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Көктем келді»
Мақсаты: көктем белгілерін әңгімелей отырып, ерекшеліктерімен таныстыру. Дұрыс сөйлей білу дағдыларын және ізденушілік қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүйе білуге және оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:көктем мезгілінің суреттері,слайд,лэпбук.
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру.
Сөздік жұмыс:көктем,бәйшешек,қызғалдақ,жыл мезгілдері.
Билингвальді компонент:көктем-весна,бәйшешек-ландыш,қызғалдақ-тюльпан, дала гүлі-степной цветок, жыл мезгілдері-времена года,қарлығаш-ласточка, сауысқан-сорока,тоқылдақ-дятел,қараторғай-воробей.
Шаттық шеңбері:
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Ай аттарын атайық:
-Қазір қай ай?
– Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
-Ендеше балалар сол төрт мезгілді атайықшы. Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктері болады.
Ендеше балалар өткен оқу қызметімізде қандай тақырып өттік?Есімізге түсірейікші.Дұрыс,өткен оқу қызметіміз «Сипаты бойынша таны» .

Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміздің тақырыбы « Көктем келді»
Көктем ең керемет жыл мезгілдерінің бірі. Көктем мезгілінде күн жылынады. Қар еріп, жылғалардан су ақты. Ағаштар бүршік жарып, жапырақ жаяды. Жеміс ағаштары гүлдейді.Қар ерігеннен кейін жер бетіне бәйшешек гүлі шығады.
Бәйшешек-өте әдемі көктемгі гүл. Бәйшешекті «көктем жаршысы» деп те атайды.
Ел аузында гүлдің пайда болуы туралы небір әдемі аңыздар бар.
Бәйшешек-сену, достық, адалдық, тазалықты білдіреді. Бәйшешек гүлін өсіру жақсылықтың нышаны деп есесптеледі.
Аңыз бойынша Адам Ата мен Хауа ана жұмақтан қуылған уақытта қыс мезгілі екен. Жерде қалың қар жатқандықтан аяғы тоңған Хауа ана жылы жұмақты есіне алып қайғырған уақытта, оның көз жасын көрген періштелер бірнеше қар қырауларын бәйшешек гүліне айналдырыпты. Қатты қуанған Хауа ананың бойында Құдайдың кешірімін алуға деген үміті ояныпты, содан
бері бәйшешек гүлі-сенімнің яғни үміттенудің символы болып есептеледі екен.
Бәйшешек гүлімен қатар жауқазын гүлі, қызғалдақ гүлдері шығады.
Егістікте тракторшылар жер жыртып, дән себеді. Адамдар ағаш отырғызады. Көктем мезгілінде адам еңбегі ерекше орын алады.
Қарлығаш, қараторғай, тоқылдақ, сауысқан секілді құстар туған жерге ұшып келеді.
Тоқылдақ-ағаштарды тұмсығымен ұрғылау арқылы өзіне азық табумен қатар, орманды-зиянды жәндіктерден тазартады.Оны-орман дәрігері деп атайды.Тоқылдақтар жәндіктердің тыс көбейіп кетуіне жол бермейді.Соның арқасында ағаштағы зиянкестер азайып,орман сақталып тұрады.

Жеке жұмыс:
Балалар осы құстарға мына алдымыздағы пішіндерден ұя жасап берейік.

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Лэпбукпен жұмыс:
Тапсырмалар
«Көктем мезгілін табу»
«Бәйшешек гүлін тап»
Қорытынды:
Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-салаға ағады,
Бүршік шашып,жапырақ ашып.
Гүл бәйшешек басады.
Балалар айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Мадақтау, марапаттау.
Күтілетін нәтиже:
Білу:Көктем мезгілінің ерекшеліктерін.
Игеру: Шығармашылығын дамытту.
Меңгеру:Көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *