«Сол жақта-оң жақта»

Келжанова Айжан Сарсенбековна
«Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Қарапайым математика
Тақырыбы: «Сол жақта-оң жақта»
Мақсаты:балалардың ой-өрісін дамыта отырып, оң және сол жақ ұғымдарымен таныстыру.
1.Білімділік:заттарды салыстыра білуге үйрету.Заттарды оң және сол, биіктігіне,алсасына қарай салыстыра білуге үйрету.
2.Дамытушылық:оң және сол ұғымдарын қалыптастыру жолдарын қарастыру, қызығушылықтарын ояту.
3.Тәрбиелік:Ұғымдарды қалыптастыруға жаттықтыру,тілін-ойын дамыту.
Сөздік жұмыс:сол және оң
Көрнекіліктері:суреттер,слайд,лэпбук.
Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ,себебі сабағымызға көптеген қонақтар келді. Қане амандасайық.
Шаттық шеңбер:
Қуан шаттан,алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң,қайырлы күн.
Кезекті сұрақ.
1. Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
2. Қыс айында неше ай бар,қандай?
3. Кыс мезгілінде болатын ерекшеліктер қандай?
Балалар,біз откен сабағымызда қандай тақырыппен таныстық. Жарайсыңдар! Ендеше балалар,алдымызда тұрған қақпақтарды қарайық,түстері қандай?Қақпақтарды түстеріне ажыратып алдына және артына бекітейік. Жарайсыңдар! Балалар,мұқият қарайықшы біз қақпақтарды қолымыздың қай жағынан алдық. Жарайсыңдар! Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз «Сол жақта-оң жақта»деп аталады.Балалар,біз сол қолымызды көтерейікші, бұл біздің сол қолымыз,енді оң қолымызды көтерейік бұл біздің оң қолымыз.Оң жақты қарайықшы нелер бар айналамызда,ал сол жақты қарайық нелер тұр? Жарайсыңдар! Дәптермен жұмыс:Суреттерге қарап «Сол жақта-оң жақта» нелер тұрғанын айту. Жарайсыңдар! Лэпбукпен жұмыс: Заттарды «Сол жаққа және оң жаққа» орналастыру. Жеке жұмыс:Түстеріне қарай «Сол жаққа және оң жаққа» магниттерді орналастыру. Сергітіу сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін, Болып шықты он саусақ. Жарйсыңдар! Қорытынды:Балалар бүгін қандай тақырыппен таныстық? Оң қолымызды көтерейікші,енді сол қолымызды көтерейік.Оң жағымызда нелер тұр? Сол жағымызда нелер тұр? Жарайсыңдар! Практикалық іс-әрекет.Қыз балалар оң жаққа,ұл балалар оң жаққа тұра қойып.Келген қонақтарымызбен қоштасайық. Көріскенше күн жақсы. Сау саламат болайық!
Балалар бүгін қандай тақырыппен таныстық.Балалар сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар.
Балаларды мақтап мадақтап,сыйлықтар беру.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Сол қолын және оң қолын.
Игерді:«Сол жақ және-оң жақты»
Меңгерді:Сол жақта нелер тұрады,оң жақта нелер тұрады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *