Электр тогының жұмысы мен қуаты
Пәні: | Физика | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: | 8 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Электр тогының жұмысы мен қуаты..Практикалық жұмыс. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 8.4.2.12 Электр тогының жұмысы мен қуатының формулаларын есептер шығаруда қолдану;
8.4.2.13 Джоуль-Ленц заңын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Токтың жұмысы мен қуаты, Джоуль-Ленц заңының формулаларын есептер шығаруда қолдану, тақырыптың мән-мағынасын ашу, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру. Электр құбылыстары тарауы бойынша білімдерін толықтырып бекіту. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Джоуль –Ленц заңын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді. Электр қыздырғыш аспаптарды қолдануды біледі.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Электр тогы туралы теориялық білімдерін қалыптастырады |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Электр тогының жұмысын, электр тогының қуатын біледі, формулаларын қолданады.
Электр тогының жылулық әсерін білудің практикалық маңызын түсінеді, біледі . Джоуль-Ленц заңын түсінеді,біледі және формуласын қолданып сапалық есептер шығара алады . |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік құзіреттілік | Электр құбылыстары туралы білімдерін тереңдету;
Джоуль-Ленц заңын , электр тогының жылулық әрекетін түсіндіру ; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды
дарыту |
– Жеке, жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;
– топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық; – өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық; – топтық жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағы еңбек және шығармашылық; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, қазақ тілі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу | Джоуль-Ленц заңы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы
Сабақтың ортасы
Сабақтың аяқталуы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» А.Құнанбаев Оқушыларды «Д.Джоуль», «Э.Ленц» және «Д.Уатт» топтарға бөлу. Сабақ мақсатымен жоспарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру Мақсатқа жету үшін,алдыңғы сабақты еске түсірейік,үй жұмысын қайталайық. · «Сұрақ-жауап» әдісі 1. Электр тізбегінде энергияның сақталу және айналу заңын қалай түсіндіруге болады? 2. Электр тогының жұмысы деп нені айтамыз? Қандай формуламен өрнектеледі? Немен өлшенеді? 3. Электр тогының жұмысын қандай күш атқарады? 4. Электр тогының қуаты деп нені айтамыз? Қандай формуламен өрнектеледі? Немен өлшенеді? 5. Электр тогы өткенде өткізгіштердің қызатынын қалай түсіндіруге болады? 6. Джоуль-Ленц заңы қалай тұжырымдалады? Қандай формуламен өрнектеледі? · Семантикалық карта
· «Миға шабуыл» әдісі А деңгейі Электрлік құралда 5А ток күші 45мин уақыт ішінде 162кДж жұмыс жасады Осы құралдың кедергісін табындар. В деңгейі Кедергісі 10 Ом өткізгіштің ұштарына 12В кернеу берілген. Осы өткізгіштен 20с ішінде қанша электр заряды өтеді. Осы кезде қандай жұмыс істеледі. С деңгейі Кедергісі 3 Ом және 6 Ом екі резистор тізбекке параллель қосылған. Бірінші резистордан өтетін ток 2А. 10с уақыт ішінде екі резистордан қандай жылу мөлшері бөлінеді. * Эксперименттік тапсырма Берілген құралдарды пайдаланып, тізбек құрастыру.
*Тест (бір және бірнеше жауаптарды белгілеу)
1. Кедергілері 2 Ом, 3 Ом және 6 Ом резисторларды параллель қосқанда қандай кедергі туындайды (Ом)? 1 балл А.36 В. 3,27 С.11 Д.5,5 2.Кедергілері 3 Ом және 6 Ом екі резисторды бір-біріне қосып алуға болатын кедергілер. 2 балл А. 3 В.9 С.18 Д.2 Е. 4,5 3. Кедергі 20 Ом ток күші 5А қыл сымда 10секундта бөлінетін жылу мөлшері. 3 балл А.5кДж В.5000Дж С.200Дж Д.0,5*104 Дж * Қорытындылау.«Блиц-сұрақ» 1. Электр зарядының: оң және теріс екі түрі бар. (ия/жоқ) 2. ХБЖ- да электр өрісі кернеулігінің бірлігіне 1Н/Кл алынады. (ия/жоқ) 3. Электр өрісі тудыратын жұмыстың ығысатын зарядтың модуліне қатынасына тең шама кернеу деп аталады. (ия/жоқ) 4. ток күшінің формуласы: (ия/жоқ) 5. Ом заңын(ия/жоқ) 6. Тізбектеп жалғаудың формуласы:I = I1 + I2, 7. U = U1 = U2 (ия/жоқ) 8.Ток күшін вольтметрмен өлшейді (ия/жоқ) 9.БХЖ-де кедергі ампермен өлшенеді (ия/жоқ)
«Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» А.Байтұрсынов |
1-топ:
2-топ: 3-топ: қағаздар, қалам.
Оқушылар тапсырмамен жұмыс жасайды
Үлестірме |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау парағы
|
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718