Сөз және сөздегі дыбыстар

Турсиметова Гулбахор Нигматжановна
Шымкент қаласы
№39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектебінің логопед-дефектологы

Тақырыбы: Сөз және сөздегі дыбыстар
Мақсаттары:
4.1.1.5 сөздегі дыбыс санын анықтау.
4.1.1.4 сөздегі дыбыс қатарын анықтау;
Түзету білімдік: Сөздегі дыбыс және әріптер туралы түсінік қалыптастырып, олардың санын анықтау.
Түзету – дамытушылық: Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту
Түзету тәрбиелік: оқушыны адамгершілікке, сауаттылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, көпшілік ортада өзін ұстай білуге тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, ойын
Көрнекілік:  Тақырыпқа байланысты суреттер, қажетті материалдар
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Сөз және сөздің құрамындағы дыбыстар туралы түсінік қалыптастыру
Қандай түсініктерді игерді: Толықтай жауап беру қабілеттері артып, әңгіме барысында көп нәрсені түсініп, білді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Есту арқылы қабылдау қабілетін дамыды.

Іс-әрекет кезеңдері Дефектологтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Ынтымақтастық атмосферасын калыптастыру.
Күлімде күн күлімде,
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ. Шаттық шеңберде қимыл -қозғалыстар жасайды
Ұйымдастыру – іздестіру
1) Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін сөз және сөздегі дыбыстар туралы жаңа тақырыппен танысамыз. Алдымен дыбыстар туралы білімдерімізді еске түсіріп алайық. (Сызба бойынша оқушылармен сұрақ-жауап жүргізу).

Жарайсыңдар балалар, дыбыстар және олардың түрлері туралы барлық сұраққа дұрыс жауап бердіңдер. Ендеше келесі тапсырманы орындаймыз. Бізге суретті кроссворд беріліпті. Берілген суреттердегі жануарлардың атын тиісті бағандарға орналастырайық. (Оқушы жануардың атын айтады, бағандарды санайды, дыбыстарды орналастырады).
Жануардың аты қандай?
Қанша әріптен тұрады?
Қанша дыбыс бар?
Тиісті бағандарды сана.
Сөздерді дұрыс орналастыр.

Жарайсыңдар балалар, тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Енді келесі тапсырманы көрейік.

2)Түзету – дамытушылық кезең:
1.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
«Ойлан! Ізде! Тап!» ойыны
Нұсқау: Суреттегі заттарды сана және жаз.

2.Ойлау қабілетін дамыту.
Сәбізге жету үшін қоянға көмектес.

3.Сөйлеу тілін дамыту.
Тізбекті суреттермен жұмыс.Суретке қарап тізбектілігі бойынша әңгіме құүрастыру

4.Қол моторикасын дамыту.
Саусақ жаттығуы. Суретке қарап саусақ жаттығуларын орындау

5. «Қиылған суреттің бөліктерін құрастыру» дидактикалық ойыны.

6.Есте сақтау қабілетін дамыту.
Мағынасы бойынша сөйлемдерді есте сақтау.
«Есте сақта және қайтала» әдістемесі.
Атам мал бақты, Әкем жүк түсірді,
Апам от жақты. Анам ас пісірді.
Ағам отын үйді, Әпкем суға кетті,
Жеңгем тары түйді. Қанша адам еңбек етті?
Жауабы:__________________________________

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.

Суретпен жұмыс

Суретті кроссворд

Суретпен жұмыс

Суретпен жұмыс.

Лабиринтпен жұмыс

Сурет бойынша әңгіме айтады.

Саусақ жаттығуын орындайды

Пазлды құрастырады.

Берілген сөздерді есте сақтау, санау және жылдам есептеу

Сергіту сәтін орындайды.
Рефлексивті – түзетушілік

Оқушы өзін-өзі бағалауы.

Сау болыңыз!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *