Бала тәрбиесі ұлт болашағы!
Бала тәрбиесі ұлт болашағы
« Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстазадан болады. »
Отбасы шағын мемлекет. Иә, шындығында осы адалдық пен мейірімділіктің , аялы алақан мен әке қомқорлығының , шынайы сезімдер мен ізгі қасиеттер ордасынан ел тізгінін ұстар азаматтарымыз шығады. Ел боламын десең, бесігіңді түзе дейді, дана халқымыз. Шыр етіп дүние есігін ашқаннан , ананың ақ сүтінен нәр алып , ес жинап, әлемді тану үшін қанша жауапкершілік керек. Бала тәрбиесімен кім айналысқан дұрыс? «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата- аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат , болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді»- дейді, Антон Макаренко. Меніңше, қандай керемет сөз. Шындығында бар тәрбие мен өнегені, ақыл мен парасатты үйретсек нұр үстіне нұр болар еді. Сонда қазіргідей еліміздегі өр тұлғалардай азаматтарды әр шақырақтан кездестірер едік. Адам үшін білім шыңына шығу үшін оның тегі маңызды емес, ақылы мен санасы маңызды.
Отбасыдай тәрбиені 100 мектепте бере алмайтыны бесенеден белгілі. Бірақта қоғамымызда бәрі сөзбен айтқандай жақсы болса мейлі ғой. Дегенмен, әке мен ананы сыйламайтын, үлкенді құрметтеп, кішіні ізеттемейтін , арам судың арбауына түсіп , аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатын , алдына қойған арманы жоқ сасық көкіректер қайдан шығып жатыр? «Тәрбие тал бесіктен басталады», дегендей, анасын ғана кінәләп қоя алмаймыз, мүмкін ата анасы да жақсы тәрбие алмай өсті ма екен? Бұның бәрі қаза берсек шығар жолы жоқ шырғалаң.
Қазіргі кезде ата анасы таң атқаннан , кеш батқанға дейін жұмыста жүрсе, бала қараусыз телефонның шырмауына түсіп жатса тәрбиені қайдан алмақ? Бәрімізге белгілі қазірде білімді онлайн ашып жатырмыз. Қаншалықты санамызға жетер мәлімет алып жатырмыз. Әрине, білім берер алтын ошағымыздай , аяулы ұстаздарымыздан білім алғандай болмасы анық. «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла, ол саған барын берді , өнер үйретті, әкең жасамаған жақсылықты жасады. Шын шәкірт болсаң ұстазыңның жолын қу, өнерін жалғастыр»,- деген. Яғни, бұдан шығатын қорытынды, барлық қоршаған ортасы тәлім берсе ғана, ұлт болашағы мығым болары анық. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіне келер болсақ: « Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан » – деп Абай атамыз айтқандай, еліміз үшін бір игілікті іс жасай алсақ, сол елдің болашағының мызғымай, тәуелсіздігінің тұғырлы болуы үшін бір кетігі болып қалансақ , бұл мәңгілік өшпейтін адамдық борышымыз. Болашақ -біздің қолымызда! Біз қалай өссек, артымыздағылар сондай болары даусыз. Кеудесінде жаны бар әр адамның көзі ашық, көкірегі ояу болса, ертеңгі күні ұрпағына да тәрбиені үйіп – төгіп берсе, еліміздің еңсесі биік , табиғатындай көркем, туындай жоғары болары сөзсіз. Бұл әрине менің және сіздердің қолдарыңызда!