Қарттарым асыл қазынам

Сабақтың тақырыбы Қарттарым -асыл қазынам
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап,құрметтей білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу. Оқушы бойына қайырымдылық қасиеттерді сіңіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу ,ой бөлісу. Блум таксономиясы бойынша дарынды және талантты балаларды оқыту,сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекіліктер: фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу.
– Сәлематсыздар ма, оқушылар?
3.Ынтымақтастық атмосферасы.
Үлкенге де “сіз”
Кішіге де “сіз”
Бар адамға құрметпен
Бас иеміз біз
Сабақтағы жақсы көңіл күй. Әдемі тілектер айту. 2 топқа парақтар таратылады, олар бір-біріне арнап тілектер айтады.
Негізгі бөлім:
Ой қозғау.
Оқушыларға сұрақтар қойылады.
1) – Қазына деген не?
2) Отбасымыздағы үлкен,қадірлі адамдар кімдер?
3)Ал,сіздердің үйлеріңізде ата-әжелеріңіз бар ма?
4)«Қарты бар үйдің,қазынасы бар»дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар өз пікірлерін айтады. Тәрбиеші оларды толықтырады.
-Жақсы балалар, міне біздің асыл қазыналарымыз,байлығымыз – үйдегі бізге ақыл,кеңес беріп отыратын үлкен ата-әже,ата-аналарымыз. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, Адамға жақсылық жасау,қайырымдылық ,құрмет көрсету, олардан өнеге алу біздің ата бабамыздан келе жатқан тәрбиеміз,салт-дәстүріміз. «Қарты бар үйдің,қазынасы бар» деген керемет
қанатты сөз бар халқымызда.. Бәріміз білеміз 1 қазан қариялар күні. Бүгінгі сабағымыздан: Үлкенді сыйлап,құрметтеу,қайырымды болу деген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп үйренетін боламыз.
Мысал әңгіме «карт пен немере»
Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме?
Бір үйде төрт адам тұрыпты. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып ала береді екен. Бір күні келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі
ағаш жонып отырыпты. Әке-шешесі:
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
– Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы.
Көрдіңдер ме балалар «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар ел-бақытты ел.

Ұлағатты сөздер./Дәптермен жұмыс/
Ұлағатты сөздердің мағынасын ашып дәптерлеріне жаздыру.
Үй артында төбешік
Ерттеулі тұрған ат болар.
Қариясы кімнің бар болса
Жазулы тұрған xат болар.
Бұхар жырау.
Қарттарыңды сыйлай біл: күндердің күні болғанда кімдердің белі бүгілмес.
Бұхар жырау.
Қарт адамдардың үйренуге де, ақыл айтуға да қақысы бар.
Василий Сухомлинский
Он бесіңде азамат боласың, алпысыңда бала боласың.
Томас Фуллер
Жағдаяттар талдау (ситуация)
Балаларға шағын слайд, сурет көрсетіледі. Сол бойынша жағдаятты баяндау.
1. Қайырымдылық тамшысы (Автобустағы жағдай (Суреттер) Қазіргі уақытта қоғамдық көліктерде жастар үлкенге орын бермей өздері отырып алады.Неге олай ойлайсыңдар?
2.Үлкенге құрмет (Немересінің ата-әжесімен сөйлесуі .Видеоролик) Мінекей өздерің көргендей кейбір балалар ата-анасын немесе немерелері ата-әжелерін жақтырмай қарсы сөйлейтіндер де жоқ емес. Неге?
3. Көше бойымен таяққа сүйенген қарт келе жатады. Басын көтеріп жол бағдарлауға шамасы келмей келе жатыр. Сіз оған қарсы кездестіңіз. Не ойлайсыз? Не дейсіз? Не істейсіз?
* Көшеде бір қарт адам құлап қалды.Не істер едіңіз?
* Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатыр оған не деу керек?
4 .«Атаңа не істесең,алдыңа сол келер» Не үшін ата-анасын қарттар үйіне тапсырады? (Қарттар үйіндегі жағдай.Видеоролик) Қазір ата-анасын қарттар үйіне тапсыру да көбейіп бара жатыр,не үшін?
А.Қоразбаевтың «Қара шал» термесін тыңдату.
«Тәрбие тал бесіктен» оқушылар қайырымдылық,сыйластық,сыпайылық туралы мақал,нақыл сөздер,әңгіме айтады.(Қағазды суыру арқылы тақырып таңдайды.)
Оқушылар берілген тапсырманы өзара талқылап баяндайды.
Постер құру.
«Ата-ана ақысы» фильмнен үзінді көрсету.(киноны көру арқылы сыни ойлап,постер жазады)
Қорытынды:
Рефлексия. Оқушылар алмаға жазылған тілектерін «Тілек ағашына» оқып іледі. Оқушыларды мадақтап,жазған арман тілектерін орындалуын тілейміз.
Балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер! Сау болыңыздар!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *