Сиқырлы әуендер

Сабақтың тақырыбы «Сиқырлы әуендер»
Сабақтың мақсаттары а)Түзете дамыту: Аспаптарды даусынан тану арқылы  байқау, есту қабілеттерін дамыту, мультфилімдегі жарыс машинасымен   ойнату арқылы тыныс алу мүшелерімен ұсақ моторикаларын дамыту, шапшандықа, қырағылыққа үйрету, әртістік, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, тапсырмаларды топтасып орындауға дағдыландырып әуеннің аяқталуын сезіне білуге үйрету
б)Тәрбиелік: Оқушыларды ән орындату, би билету, аспапта ойнату  арқылы сұлулыққа, әсемпаздыққа баулу, музыканы сүюге тәрбиелеу

 

«SMART (ақылды мақсат)» бағытына негізделген

S – сапалы, M – мақсаты айқын, A – ақылға негізделген, R – ризашылыққа толы,

T – түсінікті  сабақ дегенді  білдіреді

Міндеттер Психологиялық  дайындық, жұптық жұмыс, дауыс жаттықтыру, ырғақты жаттығулар орындату  сияқты интербелсенді  оқыту әдістері  бойынша  жүргізу
Күтілетін нәтиже Танымдық үрдісі дамиды, өнерге қызығушылығы артады, кеңестік пен уақытты бағдарлауды меңгереді, ырғақтық  қабілеттері қалыптасады

 

Сабақта қолданатын әдіс – тәсілдермен көрнекілік құралдар Психологиялық тренинг, дауыс жаттықтыру, сыни ойлау, аспаптарда ойнау, ән орындау, ырғақты би жаттығулары

 

Слайдтар, шарлар, түрлі кейіпкерлердің бет перделері

Маман аралық  байланыс Емдік дене тәрбиесі нұсқаушысы, тәрбиеші, мұғалім – логопед, педагог – психолог, олигофренопедагог
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

3 минут

Үш тілде амандасу:

– Сәлеметсіз бе! Здраствуйте!  Hello!

Шаттық шеңбері

Сәлем, сәлем,

Сәлем қалың қалай?

Сәлем, сәлем,

Сәлем қалың қалай?
Жақсы керемет, тамаша.

Жақсы керемет, тамаша-деп балалар

сәлемдесіп алайық. Шаттық шеңберде тұрған балалар бір- бірімен «Сәлем!» деп амандасады

 

 

 

Сабақтың ортасы

 30 минут

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақты түсіндіру

-Өткен сабақты қайталап еске түсіру.

-Жаңа сабақ тақырыбына сай, мағлұматтар беріп, кеңінен таныстыру

 

1.Музыкалық ойынды жаттығулар:                                           

1.1. «Аспапты үнінен тап» ойыны

Мақсаты: Аспаптарды даусынан тану арқылы  байқау, есту қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Аспаптар
Шарты:
Бір бала шымылдықтың артында тұрып, ал екінші бала  аспапта ойнайды. Шымылдықтың артындағы бала  қай аспаптың дыбысы шыққанын  атап беруі керек.

 

1.2. «Тачка МакКуин»

Мақсаты: Балаларды мульфилімдегі жарыс машинасымен   ойнату арқылы тыныс алу мүшелерімен ұсақ моторикаларын дамыту, шапшандықа, қырағылыққа үйрету.
Көрнекіліктер: Түрлі – түсті шарлар мен ойыншық машиналар.
Шарты: Екі бала стол үстінде тұрған машиналарда орналасқан шарларды  мұғалімнің жарыс басталды деген белгісімен үріп белгіленген жерге қойып жарыстыру. Кімнің машинасы алысқа барып тоқтаса сол бала жеңімпаз атанады.

 

1.3. «Түтікшелерді  үрлеу» ойыны

Мақсаты: Балалар жаттығуларды орындау барысында дем алуларын реттеуге, сөйлемді дұрыс айту үшін ауаны үнемді «шығындауға», үзіліс кезінде жұмсақ, «жинауға», жеңіл, әрі шынайы тыныс алуға үйретеді.
Көрнекіліктер: Түрлі-түсті шариктер және түтікше
Шарты: Балалар өздеріне берілген түтікшенің үстеріне түрлі-түсті шариктерді қойып берілген жерге дейін үрлеп барып кейін кері келгенде қолдарына ұстап қайтулары керек. Кім бірінші болып сөреге жетсе сол бала жеңімпаз атанады.

 

2.Ритмикалық гимнастикалық жаттығулар:     

2.1. «Бес балапан» ойынды ырғақты жаттығу.

Мақсаты: Әртістік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тапсырмаларды топтасып орындауға дағдыландырып әуеннің аяқталуын сезіне білуге үйрету

Көрнекіліктер: Шиырма, үйрек пен балапандардың бетперделері.

Шарты: Балалар әуеннің мазмұнына қарай үйрек болған баланың артынан жүріп шиырма қатарына келгенде соңынан бастап бір-бірден шиырманың артына тығылып қала береді. Кейін барлығы тығылып болған соң үйрек болған бала жан-жағына қарап іздей бастағанда тығылып отырған балалар жүгіріп шығады алдынан.Осылай ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

 

2.2.  «Тик-так» биі

Музыка ырғағына қарай қимыл-қозғалыс би элементтерін үйрету.

1.Бастапқы қалып – ең әуелі қаз – қатар тұрып музыка әуенімен қолдарын оң жаққа қаратып айналдырып, кейін алға қарап шапалақпен үш рет соғу.Кейін дәл осы бағытта солжаққа жасау.

2.Барлық оқушы бір орнынан музыка ырғағына сай екі қолдарының саусақтарын иық деңгейлеріне беттестіріп бір орындарынан айналып шығу.

3.Музыка әуенімен қолдарын оң жаққа қаратып айқастырып қозғалту, кейін алға қарап шапалақпен үш рет соғу. Кейін дәл осы бағытта солжаққа жасау.

 

Ән үйрену:                      «Жаңбыр әні»

 

1.Жаңбыр жауды тук – тук,

Тамшылайды көп – көп.

Серуендейміз топ – топ,

Аспанымыз көк – көк.

Қ-сы

Қолымызда қолшатыр,

Қызыл, сары, көк жасыл.

Қорықпаймыз жаңбырдан,

Сен батыл да мен батыл.

 

2. Жаңбыр жауды тук – тук,

Тамшылайды көп – көп.

Өссін жерде шөп – шөп,

Жаушы жаңбыр төк – төк.

 

 

 

 

 

 

 

Музыкалық аспаптар

 

 

 

 

 

 

 

 

Түрлі – түсті шарлар мен ойыншық машиналар

 

 

 

 

 

Түрлі-түсті шариктер және түтікше

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шиырма, үйрек пен балапандар-

дың бетперделері.

 

 

 

 

 

 

 

 

Интерактивті тақта, күйсандық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

          Оқушыларға «Қолшатыр» әдісін орындату арқылы сабақты

қорытындылау

Қолшатыр және оған байланған бүгінгі

сабақтың тақырыптары-

ның суреттері

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *