Біздің кафе. Буын
Пән: Сауат ашу Мектеп:Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Ортақ тақырып:Тағам және сусын: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Исаева Аида Оразовнв Сынып: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақ тақырыбы | Біздің кафе. Буын | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну
1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау 1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту 1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу |
|
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, сөздегі буын санын анықтау, этикет сөздерін қолдана білу;
Көптеген оқушылар: тақырып бойынша мәтін құрастыру; Кейбір оқушылар: өздігінен сурет бойынша мәтін құрастыру; |
|
Бағалау критерийлері | · Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
· Сөздегі буын санын анықтайды; · Этикет сөздерді қолданады; · Тақырып бойынша мәтін құрастырады; · Сурет бойынша мәтін құрастырады; |
|
Құндылықтарды дарыту | Адамгершілікке, сыпайылыққа баулу | |
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | |
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, тақырыпқа сай суреттер | |
Бастапқы білім | Ас адамның арқауы тақырыбына негізделініп меңгертіледі | |
Сабақ барысы
|
||
Сабақтың жоспарланған кезеңдер | Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет | ресурстар |
Сабақтың басы | 1.Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы таң, ұстаз! Қайырлы таң, достар! Шеңберге тұрайық, Жылулық сыйлайық. Топқа бөліну: түрлі түсті стикерлермен Миға шабуыл Ұ.Ж«Сәйкестендіру» әдісі жұмбақтың шешуін суретпен сәйкестендіреді – Балалар жұмбақ жасырайын сендер тауып көріңдер: Жұмбақ: Өсірер тың дала, Көшірер қамбаға. Айналар ұнға да, Айналар нанға да. \Бидай\ – Бидай туралы не білеміз? \оқушылар өз ойын айтады\
2.Мәтінді болжап,тақырыбын анықтау (Ұ.Ж) Суретпен жұмыс. Кафеде отырған сурет – Мына суреттен балалар кімдерді көріп отырсыңдар? – Кафеге кімдер келді? – Балалар және ата-анасы. – Кафеге не үшін келді? – Олар тамақтану үшін келді. Дескриптор: Сурет туралы айтады. Сұрақтарға жауап береді Қ.Б күлегеш 3.(Ұ.Ж) Мәтінді оқушылар тізбектеп оқиды. Оқушылар мәтін бойынша түсініктерін айтады. -Ата-аналар балалар қайда келді? -Тапсырыс беру үшін кімді шақырды? -Олар не туралы сөйлесті? -Балалардың аналары кім болып істейді? 4. Ж.Ж «Диалог» әдісімен Балалардың арасында болған әңгіме: Менің анам – дәрігер. Менің анам – наубайшы. Ол адамдарға нан пісіреді. Нансыз ешкімде өмір сүре алмайды. Нансыз дәрігерде өмір сұре алмайды. Тапсырма. Наубайшы, дәрігер сөздерін буынға бөлу. Неше буын? Неше дыбыс? Дескриптор: -Буын санын анықтайды. -Дыбыс санын анықтайды. Қ.Б жұптар бір-біріне кері байланыс беру арқылы Сергіту сәті: Алма баққа барайық. Алма теріп алайық Ең үлкенін дәмдісін, Әжеме мен алайын. 5.Ө.Ж Дәптермен жұмыс. –Енді мына сөздерге назар аударып, буынға бөліп және дәптерге орындайық. А-на, ара, са-па, жа-ңа, ша-на яғни буында мағына болмайды. Бірақ май, нан, қап, бас дегенде буын мен сөздің еш айырмасы жоқ. -Сонда сөз бен буынның айырмасы неде? Дұрыс айтасыңдар буын мен сөз кейде бір бірімен сәйкес келеді. Буынға бөлінетін сөздерді буын ға бөліп жазады және сөйлем құрайды. Дескриптор: -Сөздерді буынға бөліп жазады. -Берілген сөйлемдерден сөйлем құрап жазады. Қ.Б күлегеш
6.Т.Ж «Рольді сомдау» әдісі арқылы Кафеде тақырыбында ізетті сөздерді пайдаланып, сахналық көрініс Өтінемін Мүмкін болса Ғафу етіңіз Кешіріңіз Дескриптор: -Тірек сөздерді пайдаланып сахналық көрініс көрсетеді. Қ.Б
7. : «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы суреттегі тағамдардың суретін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазып, суреттегі тағам атауларын буынға бөл. Зәуре сатып алды. Алмас жеді.
Анам пісірді.
Дескриптор: – суреттегі тағамдардың атын қойып жазады. – суреттегі тағам атауларын буынға бөліп жазады.
Ынталандырушы бағалау «Соцометрия» әдісі «Шәкіл»
|
оқулық
Дәптер
Интербелсенді тақта |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай жоспарлайсыз?
Бeрілген сурeттер бoйыша сөздерді бyынға бөлдi. Оқушылар тoптық жұмыста белсенді жұмыстa сөйлем құрaды және мәтін құрап жазды. Мeн орындaған сарaлау жұмыстaры тиімді бoлды.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Денсаулық сақтау.Партада дұрыс отыру. Тазалық сақтау. Ұқыпты болу
|
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін не білдім?
1.
2.
|