Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар қайталау

Күні:21.10.2019 ж

Сынып: 5 «Ә,Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар қайталау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.4.2.1- біреудің жұмысын көшіріп алудың заңсыздығын талқылау
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Компьютердің, ғаламтордың бала денсаулығына тигізетін әсерлерін зерттейді, айтып жеткізеді

Көбі:Жұмыс орнын дұрыс әзірлеуді үйренеді.  Ғаламтордың зиянынан сақтандыру шараларын айқындайды

Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Бағалау критерийі Интернет» ұғымы туралы білім алады;

Интернет түсінігімен, интернеттен ақпарат алу, браузер түрлері, электрондық почта, қызметі, домендік атаулармен, интернетте қауіпсіз жұмыс жасау керектігімен танысады, білімдері қалыптасады

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

 

Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

 

1 минут

 

 

 

 

5 минут

 

 

3 минут

16 минут

 

Жаңа сабақты түсіндіру

Информатика сабағында мұғалім компьютерде жұмыс істеу ережелерін сақтауды талап етіп отырғанымен, ал үй жағдайында ешқандай ережелер сақталмайды. Сонымен қатар, қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді.

Сезімдік, нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Сондықтанда мен компьютерді дұрыс пайдаланбау зиян әкелетінін айтуды жөн көрдім.

Ғаламтор және бала денсаулығы

Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. Сондай-ақ, компьют ер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді. Ғаламтор жеткіншектер үшін реферат, музыка мен фильмдер, суреттер, ойындар көшіріп алу, бір-бірімен хат жазысу үшін қажет. Олар өздерін мазалаған сұраққа да ғаламтордан жауап іздейді. Алайда ғаламтордың қаупі де аз емес. Мысалы, ресейлік ғалымдардың айтуынша, бүкіләлемдік шырмауық-торда экстремистік және террористік сипаты бар, қырықтан астам сайт жұмыс істеп тұр. Ал оның жастарымыздың ой-санасы мен дүниетанымын теріс жолға бағыттап, оларды қылмысқа азғыратыны мәлім. Ғаламтордың зиянынан сақтандыру

Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет-журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық-зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпарттардан сақтандыру – ата-аналар мен ұстаздардың да негізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда есте болатын бір жағдай, он жасқа дейінгі балалар ата-анасы рұхсат берген сайттарға ғана енуге тиіс. Бұл ақпараттық технологиялар мамандарының, дәрігерлердің талабы. Ең бастысы, кәмелетке жасы толмаған балалардың электронды поштасына енуге ата-анасының мүмкіндігі болуға тиіс. Ол ең бірінші, сол баланың қауіпсіздігі, бақытты болашағы үшін қажет. Әсіресе, балалар он төрт жасқа толғанында өз-өзімен болып, оқшаулана бастағанында, ата-анасы олардың беймәлім адамдармен ғаламтор арқылы танысуына жол бермеуге міндетті. Мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ ассақ, ғаламтор балаларға қауіпсіз болсын десек, оны үнемі жаңа бағдарламалармен жабдықтап, спамфильтр орнатуымыз, қауіпсіздік туралы ақпараттарды біліп отыруымыз керек. Балаларының ғаламтордағы компьютерлік ойындарға тәуелділігін тексеріп, сол бойынша тиісті шаралар қолданып отыру – ата-аналар парызы.

1 – тапсырма : Орысша және ағылшынша терминдер арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:

Браузер                                              e-mail

Домен                                                browser

Хабарламалар тақтасы                    domain 

Сеанс                                                 gateway   Желі                                                   BBS

Электронды пошта                            session

Шлюз                                                 network

2 – тапсырма :   «Сұрақ – жауап» әдісі арқылы оқушыларға сұрақ беріледі және олар топ болып пікірталас тудырып, өз ойларын айтады.

«Сіз қалай ойлайсыз не себепті интернетті пайдалану барысында бөгде жұмыстың көшірмесін алу неліктен заңды емес?» талқылау

3 – тапсырма:  Сөз тіркестерін телекоммуникациялық технологиямен байланыстырып, толтырыңыз:

1. … желі;

2. … мекенжай;

3. электрондық …;

4. желі…;

5. …- сервер;

6. …жәшік

 
 

 

 

Сергіту сәті

Сұрақ парақшалары.

 

 

 

 

 

 

Оқулық, дәптерлер.

 

 

 

 

 

 

Ойын ойнайық.

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бас бармақ салынған суреттер  арқылы бағалау.

 

Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?  

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Сөйлеу-речи-speeches

 

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *