Қыркүйек айының циклограммасы

Бекітемін:  

Топ жетекшісі: Дакибай Г

Мектепалды даярлық тобының өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру циклограммасы

Бір аптаға(02-06 қыркүйек ) Өтпелі тақырып: Мен кіммін және қандаймын?

Мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін нығайта түсу, отбасы мүшелерінің арасында үлкендерді сыйлап, құрметтеуге, сыйластыққа, бауырмашылдыққа тәрбиелеу.

Күн тәртібі Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
ҰОҚ 1.      Жаратылыстану

2.      Орыс тілі

3.      Музыка

4.      Қарапайым математика

5.      Мүсіндеу

1.      Сауат ашу\құрастыру

2.      Ағылшын

3.      Сурет салу

4.      Дене шынықтыру

5.      «Сиқырлы әріптер»

6.      Қарапайым математика

7.      Сөйлеуді дамыту

8.      Музыка

9.      Жапсыру

10.  Логика

 

1.      Өзін өзі тану

2.      Орыс тілі

3.      Қоршаған орта/Экология

4.      Дене шынықтыру

5.      «Сиқырлы әріптер»

1.      Сауат ашу

2.      Көркем әдебиет/Драма

3.      Дене шынықтыру\Қауіпсіздік мінез құлық негіздері

4.      Ертегілер еліне саяхат

Балаларды қабылдау

Ата аналармен әңгімелесу

Балалар топқа келгенде алдымен сәлемдесуді үйрету. Балаларды жылы шыраймен қарсы алу. Тазалығын тексеру. Ата анамен бала жөнінде әңгімелесу. Сәлемдесу. Балаларды жақсы көңіл күймен қабылдап алу. Қайырлы таң! Сыныпты желдету. Балаларды қабылдап алу. Қайырлы таң! Балалардың тазалығын тексеру. Амандасып алу. Балаларды қабылдап алу. Көңіл күйлеріне назар аудару.
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ҰОҚ ҚР ның Әнұранын айтқызу

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір,

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай ақ!

 

 

 

 

1.      Жаратылыстану

тАҚырыБы: Мен табиғатты бақылай аламын ба?

ҰОҚ-ның оқытылу
мақсаты
0.1.1.1. «Бақылау» ұғымын және оны өткізу кезеңдерін түсіну

Күтілетін нәтиже Барлық балалар:
• бақылаудың не екенін айта алады;
• бақылаушылардың немен айналысатынын айтады;
• тірек сөздерді пайдалана отырып, сұрақтарды құрай біледі;
• қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды.

Жоспарланған іс-әрекет

(Ұ) ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады. Біреу кездескенде «Қайырлы таң!» деп амандасуды жай және даналықпен ойлап тапқан.
(Ұ) Әліппе-дәптердегі 4-5-беттердегі суреттер бойынша балалар ҰОҚ-да әңгіменің не жайында болатыны туралы болжамдайды. ҰОҚ-ның соңында жетуге тиіс мақсатты анықтайды (оған рефлексия кезеңінде қайта оралады).

(Ұ) «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінен үзінді көру. Білімге құштарлық болмағанда – бізді қоршап тұрған заттардың көбі қазір болмаған болар еді деген түсінікті педагог балаларға қалыптастырады.
Білу, сынау, ашу, жаңаны ойлап табуға талпыну – адамға тән қасиет.

Ежелгі кезден бастап адам табиғатты бақылаған, өзінің білімін жинақтап,
оны балаларына тапсырып отырған.
(Ұ, Ө) Әліппе-дәптермен танысу: кейіпкерлермен, шартты белгілермен.
(Ұ, т) Әліппе-дәптер (1-тапсырма).
Педагог балалардың еске түсіру қабілеттеріне сүйене отырып, суреттерге
қарап, сөздерден сұрақтар құру біліктерін жетілдіреді.
Мысалы, Жұлдыздар неге құлайды? Күн неге жарқырайды? Шөл далада
құмнан қалай сақтануға болады? Кемпірқосақ қай кезде шығады? Аралар
балды қалай жасайды? Қандай бұлттардан жаңбыр жауады? және т.б.
(Ұ, т) Өзекті мәселелер.
Жануарларды бақылай отырып, адамның не ойлап тапқаны жайында педагог балалардың ойланып жауап берулерін сұрайды.
Қорытынды жасай отырып, балалардың былай түсінуіне әкеледі:
Нәтижесінде балаларда мынадай түсініктер қалыптасады:
бақылаушы – жаңа білімдер тудыратын адам;
тәжірибе – бұл заттарды, табиғи құбылыстарды тану және зерттеу тәсілі.
(Ұ) Динамикалық кідіріс.

Өзекті мәселелер.
Педагог балаларға бақылаушылардың қалай жұмыс істейтіндігі жайында болжам жасауларын ұсынады, бақылау мен зертханалық жұмыс туралы түсінік береді. Балаларға қорытынды тұжырым жасауға көмектеседі:
бақылаушылар қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді бақылайды
және тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар жасайды.
Балалар зертханалық жұмыстарға арналған көп аспаптар тұрған бөлменің қалай аталатыны туралы болжамдар айтады.
(Пт, Ұ) Тәжірибе, зертханалық жұмыс.
Педагог балаларды зертханаға шақырады, онда олар бақылаудың қандай
болатыны жайында ақпарат алады.
Тапсырма: жанды және жансыз табиғатты анықтаңдар. (Ө) Әліппе- дәптермен жұмыс (2-3-тапсырма).
Балаларға дәптердің айқарма бетінде жұмыс жасауды ұсыныңыз.
(Ө) Рефлексивтік бағалау.
Балалардың ҰОҚ-да өзінің жұмысына баға беруін және шыны сауытты
(колба) кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
1 – ештеңе түсінбедім – қызыл қарындаш.
2 – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындаш.
3– қысқасы – бәрін түсіндім, басқаларға да түсіндіре аламын – жасыл
қарындаш

2.      Орыс тілі

Орыс тілі пәнінің мұғалімінің нұсқаулығы бойынша

3.      Музыка

Музыка пәнінің мұғалімінің нұсқаулығы бойынша

4.      Қарапайым математика

№1 ҰОҚ. Тақырыбы: Танысу. Не
қайда орналасқан?

Оқыту мақсаттары 0.1.1.2.Кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында,
алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында.

Күтілетін
нəтижелер
Барлық тəрбиеленушілер:
-сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында,
(арты), жақын, арасында, қасында деген сөздерді пайдалана
отырып, кеңістікте фигуралар мен заттардың орналасуын
сипаттайды.

Жоспарланған іс-əрекет

Ынталандыру.
ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша педагог «Қателеспе» ойынын
ұсынады.
Педагог балаларға ойын өткізген кезде мұқият болып, қателеспеуге жəне тапсырмаларды жылдам орындауға
тырысу керек екенін хабарлайды.
Педагог балаларға оң қолын, содан кейін сол қолын
жоғары көтеруді (қателескендерді түзетеді), содан кейін
ретімен қолдарын төмен түсіруді ұсынады. Əрі қарай алға –
артқа, оңға – солға бағыттарын меңгертедіСодан соң
балалар педагогтің нұсқауы бойынша музыкамен
көрсетілген бағыттағы қозғалыстарды орындайды. Бұл
«Буги-вуги» ойыны болуы мүмкін.

Өзектендіру.
Педагог:«Кім қателескен жоқ, неге?» – деп сұрайды. Ойын
кезінде айтқан сөздерді қайталайық: оң жақ, сол жақ,
алдыға, артқа.
Бүгін біз бір-бірімізбен танысамыз. Біздің кім екенімізді
жəне қандай екенімізді көрсетеміз.

Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ)Педагог тəрбиеленушілердің бірінің көзін байлайды.
Ойыншықты басқа балаларға көрсетіп, көзін байлаған бала
оны табу үшін ойыншықтың қайда тұрғанын суреттеп
айтуларын сұрайды. Балалар заттардың кеңістіктегі
орналасуын сипаттау үшін дұрыс терминдерді таңдауда
шатасады. Сол кезде педагог баланың көзіндегі орамалды
шешіп, ҰОҚ-нің тақырыбын тұжырымдайды:

-Бүгінгі ҰОҚ-нде біз заттардың кеңістікте орналасуын
білдіретін сөздерді қолданып үйренеміз: сол жақ, оң жақ,
үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын,
арасында, қасында.

Жаңалық ашу.
(Ұ) Педагог əліппе-дəптерді қарауды ұсынады.
Педагог балаларға 1- тапсырмаға қарауды ұсынады.
Сурет бойынша сұхбат жүргізіледі. Педагог:
–Суретте қыздың бөлмесі бейнеленген. Кереует,
(үстел, орындық жəне т.б.) қайда тұрғанын
айтыңдар.

– Сурет бойынша ненің қайда орналасқанын түсіндіре
аласыңдар ма?
– Кеңістікте орналасуды сипаттауға саған қандай
сөздер көмектескенін түсіндіре аласың ба?

Балалар əліппе-дəптердегі сурет бойынша белгілі бір затқа
қатысты ненің қайда орналасқанын айтады. Өздері сұрақ
қойған кезде жəне педагог пен балалардың сұрақтарына
жауап берген кезде кеңістікте орналасуды сипаттайтын
сөздерді пайдаланады.

Одан кейін балалар тапсырманы орындайды – заттарды
орналасуына қарай көрсетілген түстерге бояйды.
Аспашам – жоғарыда, көк түсті, кроссовкалар – төменде,
қызыл түсті жəне т.б.

«Құтан». Сергіту сəті
(Арқаларын түзу ұстап, қолдарын беліне қояды. Балалардың тізесі бүгулі, біресе оң аяғын, біресе сол аяғын
ақырындап көтереді жəне ақырындап түсіреді. Арқаларын
түзу ұстауды қадағалайды.)

Жаңаны қолдану.
(Ж) №2 тапсырманы өзара тексерумен жұптық жұмыс
түрінде орындауға болады. Балалар олардың əрқайсысы
қандай бағыттарды бояйтыны туралы келісіп (мысалы,
жоғары, оңға қарай), тапсырманы орындайды. Одан кейін
бір-бірін тексереді.

(Т) № 3 тапсырманы орындау үшін, ол бірінші рет
кездесіп отыр. Практикалық жұмыс ұсынуға болады.
Педагог тапсырмада бейнеленген фигураларға ұқсас
фигуралар дайындайды. Балалар фигураларды бірінің
үстіне бірін қойып, оларды бояйды.

Балалар тапсырмалаларды орындау туралы кеңесуге, өз ісқимылдарын сəйкестендіруге, өзара түсіністікке үйренеді.
Сабақ соңында заттарды жасырып, ойынды қайталауға
болады.

Ойынды ұйымдастыру үшін жүргізуші таңдаңыз немесе
балаларды топтарға бөліңіз.
Тағы бір рет ойнаңыз. Кім дəлірек табады жəне дəлірек
бағдарланады? Жеңімпаз командалар анықталады.

Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды.
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы
бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі
сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз
болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады.
Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе,
жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

5.      Мүсіндеу

№1 ҰОҚ. Ермексаз әлемі

ҰОҚ-нің оқу мақсаттары 0.1.1.1. Затқа қарап және елестету арқылы, ермексаздың,
сазбалшықтың және басқа да материалдардың бүтін бөліктерін соза
отырып, таныс заттарды, түрлі пішіндегі, көлемдегі жеміс-жидек,
жануар, құстардың модельдерін қарапайым геометриялық пішіндер
негізінде жасау.
0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану.

Жоспарланған іс-әрекет

(Ұ) Педагог жұмыс істеуге қолайлы жағдай
қалыптастырады. Балалармен бірге «Ермексаз
әлеміне» саяхаттайтын ертегі кейіпкері – мүсінші
Ермекпен танысуды ұсынады.

(Ө) Ойын түріндегі жаттығу: балалар өздерін
қызықтыратын дүниелер жайлы әңгімелейді,
«Ермексаз әлеміне» саяхатқа аттанып, онымен
жақынырақ танысуға қызығушылық танытады.

(Ұ) Тақпақ тыңдау.
«Ермексаз әлемі» – тәрбиеленушілер кішкентай
мүсінші атанып, өз туындыларын жасауға талпыныс
білдіреді.

(Ұ, Ө, Т) «Миға шабуыл»: мүсінші Ермек
балалардың саяхатқа дайындығын анықтау үшін
тапсырма береді.

(Ө) Зерттеушілік қызмет: «Ермексазбен достас»
ойын жаттығуы.

(Т, Ө) Әліппе-альбомда орындалатын жұмыс:
мүсіндеуде пайдаланылатын құралдарды атап
көрсету және олардың қандай мақсаттарда
пайдаланылатынын түсіндіру; иллюстрацияларды
қарап, мүсіндеудің түрлері туралы айтып беру.

(Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ-нің не туралы болатынын
түсінеді. Зерттеудің тақырыбы мен мақсатын
анықтайды.

(Ұ,Т) Мүсінші Ермек балаларды бұйымның
бастапқы пішіні – шармен танысуға шақырады.

(Т) Әліппе-альбоммен жұмыс. «Шарлар мен
жіптердің сиқырлы өзгерісі»: шар неге айнала
алады?

(Т, Ө) Ой-қорытынды: шарды түрлі заттарға
айналдыруға болады; одан жіп (жгутик) жасауға
болады, жіптен түрлі ою-өрнектер құрастырамыз.

(Ұ) Талқылау:
Ою-өрнек дегеніміз не?
Тәрбиеленушілер қазақ халқының ою-өрнектері
туралы білімдерін бекітеді. Оюлардың түрлерімен
танысады.

(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс істеу. Үлгісін
көрсету.
Тәрбиеленушілер әліппе-альбомдағы сілтемені
негізге ала отырып, мүсіндеудің түрлерін және
қандай тәсіл қолданылғанын атап көрсетеді.

(Ұ) Түсіндіру және мүсіндеу алгоритмін көрсету.
1. Ермексазды есеміз.
2. Екі шетін теңестіріп, ортасын белгілейміз.
3. Қазақтың «Бітпес» деп аталатын өрнегін
жасаймыз.

Саусақтарға арналған «Кірпі» жаттығуы.
«Болады – болмайды» ойыны:
Ойын барысында балалар ермексазбен жұмыс істеу
тәртібін пысықтап, жадына түйеді:
1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді,
киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу,
ермексазды ауызға салмау.

2. Ермексаз кескішпен жұмыс істегенде абай болу;
құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері сермеуге
болмайды – бұл жарақаттауы мүмкін.
3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен
кейін жұмыс орнын реттеу; тақтайшаны ермексаздан
(сазбалшықтан) тазартып, үстелді дымқыл
шүберекпен сүрту.

4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз
майлықпен мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен
сабындап жуу қажет. Артынша сүлгімен немесе
майлықпен құрғатып сүртеміз.

(Ө) Тәрбиеленушілерге арналған өзіндік жұмыс,
жеке көмек көрсету.
(Ө) Шығармашылық минуты: Қазақтың
ою-өрнектерін есіңе түсір және құрастыр.

(Ұ) Балалар жұмыстарының көрмесі: «Шебер
қолдар» көрмесін жасау.
Педагог балаларды жасалған жұмыстарды
талқылауға шақырады.

Ермек тәрбиеленушілерге ҰОҚ-дегі өзі жасаған
жұмысқа баға беруді ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түске
бояйды.
2. Қиналғандар қызыл түске бояйды.

Психологиялық көңіл күй орнату

Қайырлы таң! Таңғы бой жаттығуларын орындату.

 

 

 

 

 

 

 

1.      Сауат ашу

ТАҚЫРЫБЫ: Кел,
танысайық!Сөйлеу

ҰОҚ-ның оқытылу
мақсаттары
0.1.2.1 Сөйлемнің мағынасын түсіну.
0.1.2.2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға
жауап қайтару.
0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшыжəне т.б.) қолдану.

Күтілетін нəтиже
Барлық тəрбиеленушілер:
Тыңдалған материал негізінде сұрақтарға жауап береді.
Суреттің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Сөйлеудің не үшін қажет екенін ұғынады.
Ауызша, жазбаша сөйлеу түрлерін ажыратады.
Адамдардың сөйлеу тəсілінің əртүрлі болатынын біледі (ауызша, жазбаша, қимылмен).

Жоспарланған жұмыс түрлері

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне жылы сөздер айтқызады.
Балалар өздеріне ұнайтын жақсы тілектерін
айтады.
Шаттық шеңбері
– Кəне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл
күй сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең
жолдарымен бастайық.

Күлімде күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегідей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін.
(Ұ) Ойын: «Жануарларды қимылына қарап
анықта!»
Шарты: Ортаға бір бала шығады. Педагог
ортадағы баланың құлағына кез келген
жануардың (қоян, ит, мысық, аю, қасқыр) атын
атайды. Бала естіген жануарын балаларға
түсінікті болатындай қимылмен көрсетеді.

Қалған балалар ортадағы баланың қимылына
қарап, қандай жануар екенін табады. Бірінші
тапқан бала ойынды ары қарай жалғастырады.
Балалардың ым-ишара арқылы сөйлеуге, бірбірін түсінуге болатыны туралы түсініктері
кеңейеді.

(Ұ, Ж)Əліппе-дəптермен жұмыс.
1-тапсырма
– Балалар мектеп ауласынан кімдерді көріп
тұрсыңдар?
– Балалар қандай киім киген?
– Олар бір бірімен қалай амандасты?
– Балалар бір-бірімен қалай танысты?
– Олардың жастары нешеде?

– Қыздар жапырақтан не жасады?
Сұраққа жауап толық жауап береді.
Танысу туралы өз ойларын айтады.
2-тапсырма.
Балалар суретке қарап Əнуардың не айтып
отырғанын жəне Айгүл мен Əлияның қалай
сөйлесіп тұрғанын айтады.
– Əнуар сөзді қалай тыңдап отыр?

– Айгүл мен Əлия қалай сөйлесіп отыр?
Сұраққа жауап бере отырып, балалар сөйлесудің
түрлерімен; ауызша жəне жазбаша болатынын
түсінеді. Сөйлеудің адам өміріндегі маңызын
балалар сұрақтарға жауап бере отырып
анықтайды. Сөйлеу арқылы адамдардың бірбірімен қарым-қатынас жасайтынын, бір-бірімен
түсінісетінін біледі. Сөйлеу дегеніміз оқу, жазу,
сұраққа жауап беру екенін біледі.

Сонымен қатар
қимыл арқылы өз ойыңды білдіруге болатынын
түсінеді. Өз ойымызды ақырын сыбырлап жəне
айғайлап жеткізетінімізді біледі.
Бой сергіту жаттығуы: «Би билейміз» əнін
қимыл-қозғалыспен орындайды.
Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір.
Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.
Бас аяқты – топ, топ, топ,
Шапалақта – хоп, хоп, хоп.

Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.
Басымызды иеміз, би билейміз, күлеміз,
Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.
(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс
3-тапсырма
Бірінші суреттегі баланың іс-əрекетін айтады.
–Бала қағазға не жазып отыр? Ол нені қолданды?

Екінші суреттегі қыздың іс-əрекетін айтады.
– Қыз компьютерге не жазып отыр?

– Жазу үшін не қолданды?
Екі суретті салыстырып, өз ойымызды жазбаша
білдіруге болатыны туралы қағазға жазу арқылы
жəне компьютерге жазып пошта арқылы хат
жіберіп сөйлесуге болатынын біледі.

4-тапсырма
Балалардың қимылына қарап не айтып тұрғанын
табады.
Балалар бір-бірімен суреттегідей ымдап
сөйлеседі.
5-тапсырма
Мектепте қандай оқу құралдарды қолданамыз?
Олар бізге не үшін қажет?
Балалар тек жазу құралдарын белгілейді.

Педагог балаларға қарындашты дұрыс ұстау
тəсілін көрсетіп , орындықта кеудесін көтеріп
дұрыс отыру керек екенін түсіндіреді.
Орындықта дұрыс отырмаудың салдарынан
омыртқа жотасының қисаятынын айтып, көрнекі
суреттерді көрсетуге болады.

Педагог қорытынды жасайды, балаларды
марапаттайды.
Кімге оқу қызметі ұнады?
Балаларға сөйлесудің қандай түрі ұнады?
Сенің ойыңша, достарыңмен қалай танысу керек?
(Ө)Рефлексивті бағалау: Балалар өз
жұмыстарын смайликтерар қылы бағалайды.

 

2.      Ағылшын

Ағылшын тілі пәнінің нұсқаулығы бойынша

 

3.      Сурет салу

1-ҰОҚ. Мен сурет саламын!

ҰОҚ-нің оқу мақсаттары 0.1.1.1. Түрлі сызықтарды (түзу, қисық, зигзаг, ирек, т.б.)
пайдаланып, қарапайым заттар мен күрделі емес сұлбаларды салу.
0.2.1.2. Жіңішке сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға
көлбеу нүктелерді салғанда тік ұстау.
0.2.2.2. Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы
ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау.

Жоспарланған іс-әрекет

(Ұ) ҰОҚ-де оң көңіл күй қалыптастыру.
«Мен күнмін» (қол ұстасып, өз сезімдерін айтады).
«Мен кішкентай күнмін. Мен оянамын,
жуынамын. Сәулелерімді тараймын және
көкжиекке көтерілемін.
Мен үлкен шармын. Менің жылуым мен жарығым
көп. Мен жер бетіне және барлық адамдарға жылу
сыйлаймын. Мен жылу таратамын, жер бетімен
ұшамын және оны жарықтандырамын».

(Ұ) Педагог алуан түсті әуе шарларымен Сурет
еліне ұшуды ұсынады.
Педагог Сурет елінде балаларға суреттер
көрсетеді және олардан қандай сурет салуды
ұнататындықтары туралы әңгімелеуін сұрайды.
Сурет салу кезінде нені пайдалануға болады?

(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
Қуаныштың шарларының жіптеріне назар
аударыңдар, Қуаныштан сыйлыққа қандай
шарларды алғанды қалар едіңдер?
Әрбір шардың жібі не түрінде салынған? (Сызық
түрінде.)
Сызықтар түзу, қисық, ирек, үзік, т.б. болады.
Жіңішке сызық болу үшін қылқаламды қағаз
бетінде қалай жүргізуді көрсетіңдер? Жуан сызық
үшін ше? Үзік сызық үшін ше?

Бүгін біз қарапайым шеңберді түрлі заттарға
айналдырамыз. Бұған бізге сызықтар көмектеседі.
Проблемалық жағдаят: шеңберді неге
айналдыруға болатынын ойластыр.
Бүгін біз қандай құралдарды қолданатын боламыз?
(Қылқалам.) Бізге акварельді бояулар да қажет
болады.

(Ұ) Сергіту сәті
Сурет салу талабы,
Шабыттандырар баланы! (Жұдырықтарын ашып,
саусақтарын ауада қимылдатады.)
Ашып альбом-дәптерді,
Бастаймыз сурет салуды: (Алақандарын ашады.)
Алдымен түзу сызамыз,
(Қолдарымен түзу сызық салады.)

Содан соң, достым,
Кішкентай шеңбер саламыз. (Білезігін қозғамай,
саусақтарымен кішкентай шеңбер салады.)
Міне, біз салған шеңберлерден дөңгелек ауа шары
пайда болды.
(Қолдарымен үлкен шеңбер салады.)
Ол жоғары қарай көтеріліп, бізге қол бұлғағандай
болады. (Білезіктерімен жоғары қарай ирек
тәріздес қозғалыстар жасайды.)

(Ұ) Қауіпсіз жұмыс техникасы.
Педагог заттарды парта бетінде орналастыру
ережелерін еске салады. Балалардан білезіктерін
қалайша дұрыс ұстау керектігін көрсетуін
сұрайды.
Қылқалам, бояумен жұмыс барысында қауіпсіздік
ережелерін еске салады.
Балаларға «жеке гигиена» ұғымын түсіндіреді.
Тәрбиеленушілерді жұмыс орындарын тазалықта
сақтау қажеттілігіне ынталандырады.

(Ұ, Ө) Жұмыстың орындалу технологиясы.
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.)
Педагог балаларға шеңберді белгілі бір затқа
айналдыруды ұсынады. Балалар суретті жасауда
қандай сызықтарды пайдаланатындығын анықтауы
тиіс. Қолданатын қылқаламды таңдаулары қажет.
Әліппе-альбоммен жұмыс.

Балаларға шеңберді үзік сызықпен айналдырып
шығып, артынан толық салу керектігін түсіндіреді.
Оған белгілі бір бейне, сюжет, ым-ишара, т.б.
көрсетеді.
Соңынан балалар сызықтар туралы алынған
ақпаратты қолдана отырып, шеңберге күн бейнесін
беру үшін суретке ирек сызықтарды, бет, күлкі, т.б.
жасау үшін үзік сызықтарды қосады.

(Ұ, Ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар
өз жұмыстарын талқылайды. Жасалған бейне
туралы әңгімелейді. Педагог тәрбиеленушілерден
өз жұмыстарын бағалауды сұрайды:
Кімге өз жұмысы ұнады?
Салғысы келген затты сала алды ма?
Сенің ойыңша, жұмыс мұқият, жақсы орындалды
ма, әлде онша емес пе?

Не жүзеге аспады?
Кімнің суреті ең көп ұнады? Неліктен?
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс
мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, үш
қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар
болса, екі қылқаламды; тапсырманы орындай
алмадым деп ойласаңдар, бір қылқаламды
бояңдар.

4.      Дене шынықтыру

тақырыбы: Спортзалмен, ҰОҚ-дағы қауіпсіздік техникасымен танысу

ҰОқ-ның оқыту
мақсаты
0.1.1.1. Заттармен және заттарсыз жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
0.2.1.4. Секірудің әртүрлі түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып
өзгермелі жағдайларда секіру.
0.2.1.7. Допты домалату, лақтыру және қағып алу, допты жерге оң қолмен
және сол қолмен ұру, екі қолымен басынан асыра лақтыру және бір қолмен
кедергіден лақтыру.

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:
Бір-бірден тізбекке тұру, шеңбер жасап тұру.
Залда қауіпсіздік техникасын сақтау.
«Шашыраңқы» жүру.
Өзін-өзі шыр айналып бір орында тұрып секіру.
Қимыл-қозғалыс кеңістігінде топпен қауіпсіз жұмыс жүргізу.

Жоспарланған іс-әрекет

Тәрбиеленушілерді спортзалмен таныстырады,
жабдықтарды көрсетеді. Өздеріне таныс жабдықты
атап, оның қолданылуы туралы әңгімелеу ұсынылады.
Балаларға ҰОҚ кезіндегі залда қауіпсіз жүріп-тұру
ережелері туралы кеңес береді.

(Ұ) «Өз орныңды тап!» ойын жаттығуы
Тәрбиеленушілер музыка үнімен бір-біріне соқтығыспай
залда жүреді, музыка тоқтағанда саптағы өз орнын тез
табуы тиіс.

(Ұ, ПК )
Шеңбер жасап тұрып, заттарсыз жалпы дамыту
жаттығуларын орындау. Жаттығулардың орындалуын
көрсету.
(Ұ, ПК, Ө ) Бір орында өз-өзін айнала қос аяқтап
секіру.
Бір орында адымдаумен кезектестіріп 2-3 рет орындау.
Балалардың секіргенде тізені сәл бүгу, жерге аяқтың
ұшымен түсу дағдыларына көңіл бөлінеді.

(т, Ө) Допты жоғары лақтыру және оны қос қолдап
қағып алу.
(ПК) Нұсқау – допты алдыңда ұстау және алғажоғарыға лақтыру, оны өзіңе қарай қыспай, алақанда
ұстау керек.
Тәрбиеленушілерге өзін-өзі ұстай білу мәдениетін еске
салады – домалап кеткен допты өзгеге бергенде лақтыра
салмай, қолына беру керек.
«Көмектес!» қимыл ойыны

Балалар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Таңдап алынған
екі бала шеңберден шығып, қашады: бірі қашып, екіншісі
қуады. Қашқан бала шеңберде тұрған кез келген баланың
артына тұрады да, оған «Көмектес!» деп айтады. Өзінен
көмек сұраған бала шеңберден жүгіріп шығуы тиіс. Ол да
қашып жүріп шеңбердегі баланың бірінің артына тұрып
көмек сұрай алады. Егер бала біреудің артына тұрып
үлгермесе, ұсталып қалады. Ойынды қайталағанда басқа
екі бала таңдалады.

«шар үрлеу»
Ойынға қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Қазір
шар үрлейміз деп елестетіңдер. Ауаны ішке сорып
оймен шарикті ауызға апарасыңдар да, үрлегендей
болып ауаны сыртқа шығарасыңдар. Шар жарылып
кетпейтіндей, байқап үрлеңдер. Енді үрлеген шарикті
бір-біріңе көрсетіңдер.

 

 

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын!

Жеті күннің бәрі,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

 

 

 

 

1.      Математика

№2 ҰОҚ. Тақырыбы: Менің бөлмем.
Қағаз бетінде бағдарлаймын.

Оқыту мақсаттары 0.1.1.1.Қағаз бетінде бағдарлау, карточкалардағы геометриялық фигуралардың орналасуын сипаттау.

Күтілетін нəтижелер
Барлық тəрбиеленушілер:
-сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында деген сөздерді пайдалана отырып, кеңістікте фигуралар мен заттардың орналасуын
сипаттайды.

Жоспарланған іс-əрекет

Ынталандыру.
Педагог бағыттар мен көрсеткіштердің түстерін атауды сұрайды. Балалардан бұл білімнің өмірде қалай пайдаға асуы мүмкін екенін сұрайды.

Өзектендіру.
«Кім зейінді?» ойыны
Педагог зейінге арналған ойынды ұсынады.
Тапсырманы түсіндіреді:
– Қазір мен құрсауды жерге қоямын. Оған Меруерт
тұрады, оның оң жағына Нұрлан, сол жағына …,
алдына … тұрады

– Ал қазір балалардың əрқайсысы оң жақта (сол
жақта, артта жəне т.с.с.) кім тұрғанын айтады.
– Одан кейін педагог топтағы балалардан бір-біріне
жəне сөйлеушіге қатысты кімнің қайда тұрғанын
айтуды сұрайды.

Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ) Ортада, сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, сол жақ, оң жақ, сол жақ бұрыш, оң жақ бұрыш, сол (оң) жақ
төменгі бұрыш сөздері мен тіркестерінің мағынасын
меңгеру үшін №5-6 кестенің үлестірмелі материалдарын
пайдалануға болады. Педагог заттарды көрсеткен
орындарға орналастыруды тапсырады (жоғарғы оң жаққа,
төменгі сол жаққа жəне т.б.), бірақ барлық балалар
тапсырманы бірдей орындай алмайды.

Сергіту сəті.
«Ұшақ»
Балалар аяқтарын алшақ қойып, қолдарын екі жаққа созып,
оңға-солға бұрылады.

Жаңаны қолдану.
(Ө) Қағаз парағында бағдарлану білігін пысықтау үшін
балаларға практикалық тапсырмалар беріледі: «қызыл
дөңгелекті жоғарғы оң жаққа, көкті төменгі сол жақ
бұрышқа орналастырыңдар». Балалардың тапсырманы
орындағаннан кейін қандай да бір заттың орналасқан жері
туралы айтуы маңызды.

Ж) Əліппе-дəптердегі 2-тапсырмада балаларға торкөздер
бойынша қайталау, яғни үлгіге сəйкес торкөз парақтың
ұсынылған фрагментіне нүктелерді қойып шығу
ұсынылады.

Əліппе-дəптердегі 3-тапсырмада торкөздер бойынша
мəшиненің жолын салу керек, ол шартты белгілермен
ұсынылған бағыттарда торкөздерді ретімен санай отырып
жасалады.

Мұндай жаттығулардың маңыздылығына: кеңістікте
бағдарлай білуін бекіту, санау дағдыларын жетілдіру,
өлшеу əрекетін енгізу – бір торкөз өлшем бірлігі ретінде
қабылданатынын түсіндіру. Сонымен бірге балада
мақсатқа талпынушылық, шыдамдылық, тапсырманы
қатесіз орындауға құлшынысы (өйткені олай болмаған
жағдайда нəтиже болмайды: сурет шықпайды) дамиды.

Егер бала ұзындығы əртүрлі жəне əртүрлі бағытта
кесінділерді əжептəуір сенімді жүргізсе, жануарларды,
ойыншықтарды, жиһаз заттарын жəне т.б. салуға
«дыбыстық» диктантқа өтуге болады.

(Ж) Осындай диктанттың үлгісі: Менің айтқаным бойынша
сурет сал: 4 торкөз жоғары, 3 – төмен жəне т.б. Неғұрлым
күрделі суреттерге көшуге асықпаңыз. Баланың жұмыстан
жағымды эмоция алуы өте маңызды, сол кезде осындай
жаттығуларға қызығушылық арта түседі. Осы кезеңде
балалар үлгі бойынша фигураны өз бетінше қайталап
салады. Жұмыс нүктелерін ересектер белгілейді.

Электрондық жиынтық полотномен (№4) жұмысты
ұсынуға болады. Педагог (немесе балалар) фигураларды
орналастырып, ненің қайда орналасқанын айтады.

Рефлексия. Педагог қорытынды жасап, балаларды
мадақтайды.
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы
бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі
сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады.
Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе,
жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

2.      Сөйлеуді дамыту

ТАҚЫРЫБЫ: Кел, танысайық!

ҰОҚ оқытылу
мақсаты
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана
білу
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып
жеткізу

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды
дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба,
белгілер қолданып жеткізеді.

Жоспарланған іс-әрекет

Ұ) Шаттық шеңбері
– Қайырлы таң, балалар!
– Бүгінгі күн қандай керемет!
– Кәне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй
сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен
бастайық.
Күлімде күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін!
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін.

Педагог балалардан журналист деген кім екенін, ол
немен айналысатынын сұрайды.
– Бүгін бізге тілші қонаққа келді, ол кісі сендер
туралы мақала жазбақшы. Сондықтан да сендердің
әрқайсыларың туралы жақынырақ білгісі келеді.
Сонымен бүгін біз өзіміз туралы – аты-жөніміз
кім, нені жақсы көреміз, нені ұнатамыз, немен
шұғылданамыз, солар туралы айтамыз. Алдымен
тілшімен амандасып алайық.

Тілші балалармен әңгіме өткізеді:
Аты-жөнің кім?
Сен неше жастасың?
Өз түріңді, мінезіңді сипатта.
Шашың ұзын ба, қысқа ма?
Бойың ұзын ба, аласа ма?
Қай жерде тұрасың?
Аға, әпке, іні, қарындасың бар ма?

Немен шұғылданғанды ұнатасың?
Киімдеріңді өзің жинайсың ба?
Не кигенді ұнатасың?
Аяқкиімдеріңді өзің тазалайсың ба?
Қандай ойыншықтармен, кіммен ойнағанды ұнатасың?
(Балалардың тілшімен әңгімесі.)

Дидактикалық ойын:
«Қыз бала мен ұл баланың киімін ажыратамыз».
Тақтада қызыл және көк түсті екі үлкен конверт ілініп
тұрады. Педагог ұл бала мен қыз бала киімдерінің
суреттерін араластырып, екі конвертке балалардың
бөліп салуларын сұрайды.

Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суретте кімдер бейнеленген? Ұл мен
қыздың айырмашылығы туралы айт.
Төмендегі суреттер қайсысына тән? Сызып қос.
Қызға да, ұлға да қажет заттар бар ма?
Көптілділік: танысу – знакомиться to meet
Сергіту жаттығуы:

ғуы:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Алға қарай – бір адым,
Артқа қарай – бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Серуенге шығарда киінуді алдымен
неден неден бастайсың? Нөмірлеп көрсет.
Тілші:
– Балалар, сендердің ақылды, білімді, ұқыпты
екендеріңді байқадым. Сендермен уақытым өте
қызықты өтті. Енді сендер туралы мақаламды жазуға
кірісейін. Қош-сау болыңдар, балалар!
– Сау болыңыз!

– Кездескенше күн жақсы болсын!
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық:
Көк көйлек, көк көйлек,
Дәл өзіме дөп көйлек.
Педагог жаңылтпашты қатты, ақырын айтуды ұсынады.
Балалар барлық дыбысты анық айтуын қадағалау.
Мақал – сөздің мәйегі:

Анасына қарап қыз өсер,
Әкесіне қарап ұл өсер.
Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын
талқылайды.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Өз автопортретіңді сал.

Педагог қорытынды жасайды, балаларды
марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап
қорыту.
Балалардан дәптерді түсті қарындашпен бояуын
сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары
қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –
жасыл қарындашпен.

3.      Музыка

Музыка пәнінің мұғалімінің нұсқаулығы бойынша

 

4.      Жапсыру

1-ұОқ. менің көңіл күйім
(жырту техникасымен заттық
аппликация)

ұОқ оқыту мақсаттары 0.1.1.1. Жырту, қиып алу әдістерімен түрлі ертегі бейнелерін, т.б. жасай отырып,
қарапайым заттарды жапсыру.
0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы
жағынан әртүрлі қағаздар).
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:
-жырту әдісімен қарапайым заттарды жапсыра алады;
-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады;
-жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.

Жоспарланған іс-әрекет

(ұ) ұОқ оң көңіл күй орнату.
Педагог тәрбиеленушілер өздеріне және басқаларға
көтеріңкі көңіл күй тудыруларын ұсынады.
Әрқайсысы білген тақпақтарын оқып, ән айтады.
Шаттық шеңберін құруларына болады.

(ұ) Педагог балалардан Аппликация туралы не
білетіндерін сұрайды. (Аппликация – қағаздан,
қатырғықағаздан әртүрлі фигураларды, оюөрнектерді немесе бүтін картиналарды қиып алу және
жапсыру.)
ҰОҚ-де шығармашылық тәжірибе ұйымдастыруды
– өз көңіл күйін білдіру үшін әсерлі бейне жасауды
ұсынады.

(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық
материалмен жұмыс.
Аппликация көлемді болуы үшін қағаз бөлшектерін
қалай жапсыру керектігі туралы ойланыңдар. Бүгін
біз жапсырудың жаңа түрімен танысамыз.
Ол жырту тәсілімен жапсыру.
Жырту тәсілімен жасалатын жапсыруда суреттің
барлық бөлшектері түрлі түсті қағаздан қиып
алынбайды, олар жыртылып алынады және контур
ішіне жапсырылады, құралдарды ретке келтіруге
жұмылдырады.

Сен қандай құралдарды пайдалана аласың?
Бүгін бізге қайшы керек пе? Құрал ретінде нені
пайдаланамыз? (Қолдарымызды.) Саған қағаздың
қандай қасиеттері белгілі?
Проблемалық сұрақ: көңіл күйдің пішіні
қандай болуы мүмкін? Түсі қандай? (Балалардың
болжамдары.)
Педагог балаларға жұмысқа қажет құралжабдықтарды: төсеніш клеенка, қайшы, желім, желім
жаққыш, шүберек, қоқыс салғыштың дайындығын
тексеруді ұсынады.

тексеруді ұсынады.
(ұ) саусақтарға арналған жаттығулар жасайды.
Кемпірқосақ
Қараңдар, кемпірқосақ аспанда (қолдарын жоғары
көтеріп жарты шеңбер салады),
Ағаштардың үстінде (қолдарын жоғары көтеріп,
саусақтарын тарбитады).
Теңіздің де, толқынның да үстінде (қолдарын жоғары
көтеріп толқын жасайды),
Ол менің де үстімде (қолдарын бастарына тигізеді).

(ұ, Ж) Жұмыстың орындалу технологиясы
(жұмысты орындау кезектілігін түсіндіру).
Педагог балаларға жапсыру алгоритмін түсіндіреді.
Балалар өз көңіл күйлерін айқындап алуы тиіс –
шеңбер, бұлт, шлейф және т.б. Пайдаланатын қағаз
түсін таңдайды.
Педагог жай қарындашпен бейненің контурын
сызуды ұсынады. Одан кейін балалар жыртылған
қағаз бөлшектерін контурдың ішіне орналастырады.
Суреттің ірілеу жерінен бастаған дұрысырақ
болады. Суреттің қажетті жеріне желім жағылады,
түрлі түсті қағаздар контурдан бастап желім
жағылған жерге жапсырылады, одан кейін ортасы
толтырылады. Бұдан басқа бұл суретте айқын
контур мен тегіс сызықтар қажет емес, балалардың
шығармашылық қиялына еркіндік беріледі. Өзіндік
жұмыс кезінде педагог тапсырма берудің орнына,
балаға кеңестер, жанама сұрақтар қойып, оның өз
бетімен жұмыс жасауына қолдау көрсетеді.

(ұ) қауіпсіздік ережелері.
Педагог ҰОҚ кезінде қауіпсіздік ережелерін
сақтауды ескертеді.
Аппликацияға арналған материалдарды «тиімді»
пайдалану дегеннің не екенін түсіндіреді.
Тәрбиеленушілерді жұмыс барысында жұмыс орны
мен құралдарды ретке келтіруге жұмылдырады.

(ұ, ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар
талқылайды және ең жақсы жұмыстарды таңдайды.
Педагог балалардан өз жұмыстарын бағалауды
сұрайды:
Кімге өз жұмысы ұнады?
Өз жұмысыңды үлгімен салыстыр.
Жұмыс мұқият орындалды ма? Жақсы ма, немесе
онша емес пе?
Нені істей алмадың?
Кімнің аппликациясы барлығынан да артық ұнады?
Не себепті?

 

Балаларға оң көңіл күй қалыптастыру.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр сәніміз.

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз.

 

 

 

 

 

1.      Өзін өзі тану

Өзін өзі тану пәнінің мұғалімінің нұсқалығы бойынша

 

2.      Орыс тілі

3.      Орыс тілі

пәнінің мұғалімінің нұсқалығы бойынша

 

4.      Экология

ТАҚЫРЫБЫ: Бөлме өсімдіктерін күту

 

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты
0.1.1.1 Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасау

Болжамды нəтиже Барлық балалар істей алады:
· «Бөлме өсімдіктер» деген ұғымды түсіндіре алады

Жоспарланған іс-əрекет

(Ұ) Ұсынылатын мəтін (мысал ретінде)
«Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін шұғылалы шуағын жүрегімізде ұялатқан ана».
М.Жұмабаев

Өсімдіктер – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі
топтың бірі. Құрлықтың барлық жерінде өседі. Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары
немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер
пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне –бірінің
туыстық жақындықтарының деңгейі
анықталады.Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен, əсіресе топырақпен жəне климатпен тығыз байланыста болады.
(Ұ)Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып
қойылған суреттерді жинауды жəне онда бейнеленгендерді
бір сөзбен атап берулерін сұрайды. (Өсімдіктер). Кейіннен
ҰОҚ тақырыбы тұжырымдалады: «Бөлме өсімдіктерін
күту».Педагог балалардың бөлме өсімдіктерін күту жайында
не білетінін анықтап, бүгінгі ҰОҚ-да не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды (Балалардың пікірлері
тыңдалады).
(Ұ)«Əли мен Айя. Ағаш отырғызу» мультфильмінен үзінді
көруді ұсыну.
Өсімдіктер тіршілік иесі жəне пайдасы өте зор.
Бөлме өсімдіктері бөлмеге сəн береді.Ауаны тазартып
тұрады.
Бөлмедегі өсімдіктерді күнделікті суарып, жапырақтарының
шаңын сүртіп отыру қажет.Топырақтарын күрекшемен
қопсытып, қураған жапырақтарын тазалап отыру керек.
Кейбір гүлдер гүл атпайды,тек жапырақ қалпында əдемі
болып тұрады.

(Т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы.
Бөлме өсімдіктерін күту керек пе, керек емес пе? Топтарда
түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ – керек емес (Не үшін?
Неге?).
Педагогтер балалардың назарын болжамдар ұсынуды
үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі
пайдалануына болатындығын ескертеміз:
· ықтимал
· болжамдайық
· мүмкін
· солай дейік
· ал, егер…

(Ұ, Т)Өзекті мəселе.
Бөлме өсімдіктерін күтуге су құюды жатқыза аламыз
ба? БОЛЖАМДАР. Ойланшы, бұл іс-əрекет өсімдік
тіршілігіне қалай көмектесті?
(Ұ)Сергіту сəті.

Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам

Бөлме өсімдігін күту – өсімдіктің өсуіне жағдай
Ағаш, су, күн сəулесі
бейнеленген карточкалар.
Əліппе-дəптер
Əліппе-дəптер.
42
жасау.
Пайдалы іс-əрекет – нəтижесінде жақсы көрсеткіштер
болатын іс-əрекет.
Зиян келтіретін амалдар – өзінен кейін жамандық қана
қалдыратын амалдар.

(Ө)Əліппе-дəптермен жұмыс.
Əліппе-дəптердегі шартты белгілер таныстырылады.
Педагог ауа райын бақылау жұмысын бастайтынын айтып, əр
жаңа тақырыптың соңында берілген шартты белгілерді қалай
белгілеу керектігін түсіндіреді. Сонымен қатар ашық күн,
бұлтты күн немесе қар болса, қай белгіні белгілеу керектігін
көрнекі түрде түсіндіруі тиіс.

1.Суретке қарап, бөлме өсімдіктерінің құрылысын
атап,суретін сал.
2.Бөлме өсімдіктеріне қажетті құралдарды ата.
3. Сурет бойынша бөлме өсімдігін қалай күту керектігін
əңгімелейді. Суреттерді бояйды.
4.Екінші жəне үшінші суреттердегі гүлдерден қандай
өзгерісті байқадың?

(Ұ, Ө)Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі.
Марапаттау.
Рефлексивті бағалау.
Педагог балаларға жапырақты түсті қарындашпен бояп
шығуға ұсыныс жасайды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр. 2-деңгей – түсіндім,
бірақ түсіндіре алмаймын – сары. 3-деңгей – бəрін түсіндім,
басқаларға да түсіндіріп бере аламын – жасыл.

 

5.      Дене шынықтыру

тақырыбы: Менің топтағы достарым

ҰОқ-ның оқыту
мақсаты
0.2.1.2. Жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды алмастыру,
қарапайым дене жаттығуларымен ұштастыру
0.2.1.7. Допты домалату, лақтыру және қағып алу, допты жерге оң қолмен
және сол қолмен ұру, екі қолымен басынан асыра лақтыру және бір қолмен
кедергіден лақтыру
0.2.1.4. Секірудің әртүрлі түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып
өзгермелі жағдайларда секіру.

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:
Қимыл-қозғалыс кеңістігінде топпен жұмыс істеу қауіпсіздігі.
«Шашыраңқы» жүгіруді орындау.
Қозғалыс тәсілін өзгерте отырып, шеңбер бойымен жүру.
Шеңбер бойымен допты қолдан-қолға беру.
Заттар арасымен «жылан» жүріспен екі аяқпен секіру.
Екі-екіден тізбекке тұру.
Педагогтің нұсқауы бойынша сол немесе оң қолымен жылдам, әрі еппен
себеттен доп алу.

Жоспарланған іс-әрекет

(Ұ, ПК ) «Танысу» ойын жаттығуы.
Өз есімдерін атай отырып, шеңбер бойымен бір-біріне
доп береді.
Шеңбер жасай отырып, қол ұстасып жүру. Қозғалыс
тәсілін өзгерту ұсынылады – қатар тұрғандардың иығына
қолын қоя отырып, алақандарын қоса ортаға арқасымен
бұрылу.

(Ұ) Баяу қарқынмен 2 минут жүгіру; белгі бойынша –
жүру, төрттағандап еңбектеуді кезектестіріп орындау.
Аталған арақашықтықты сақтау маңыздылығына,
қозғалыстың бір түрінен екінші түріне өту кезінде тепетеңдік сақтай білуге балалардың назарын аудару.
Тыныс алу жаттығулары.

(т, Ө) 5 метр қашықтыққа алға аттай отырып, допты
жоғары лақтыру және екі қолмен қағып алу.
(ПК) Нұсқау – допты өзіңе қарай қыспай, алдыға қарай
ұстай отырып алға-жоғары лақтыру керек.

Балаларға өзін ұстай білу мәдениеті туралы еске
салады – домалап кеткен допты өзгеге лақтыра салмай,
қолына беру керек.
(т, Ө) 5 метр алға аттай отырып заттар арасымен екі
аяқпен секіру.
Нұсқау – қозғалыс кезінде екі қолды алға сілтеу арқылы көмектесе отырып, бір мезетте қос аяқтап бар екпінмен секіру.

(Ұ) «Бос орын» қимыл ойыны
Балалар малдас құрып дөңгелене отырады. Қолына
қамшы ұстаған жүргізуші оларды жағалай жүріп,
ойыншының бірінің қасына тоқтап, оның жанына жіпті
тастайды да, «Бұл жер тар, өзіңе басқа орын тап», дейді.
Ойыншы қамшыны қолына алып, жүргізушіні тез қуып
жетуге тырысады. Ал қашқан жүргізуші босаған орынға
отыруы тиіс, сол кезде орнынан айырылған ойыншы
ойын жүргізуші болады.

«шаттық шеңбері» қимыл-қозғалыс ойыны
Ойынға қатысушылар бір шеңбердің ішіне екінші
шеңбер жасап тұрады. Педагогтің белгісі бойынша
шеңбер бойымен қозғалады (жүреді немесе баяу
жүгіреді). Ән немесе музыка ырғағымен жүруге,
жүгіруге тапсырма беруге болады.

(Ө) «Өзіңді қолға ал»
«Сен бір нәрсеге алаңдап, біреуді түртіп қалғың келсе,
не болмаса қолыңа түскенді лақтырғың келгенін
сезінсең өз күшіңді өзіңе дәлелдеудің ең қарапайым
жолы шынтақтарыңды алақаныңмен қапсыра құшақтай
отырып кеудеңе қыс – бұл шыдамды адамның күйі».
Балалардың бір-біріне мейірімді болуын еске салады.

 

 

Жағымды көңіл күй туғызу.

«Тілек шоғы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      Сауат ашу

ТАҚЫРЫБЫ: Біздің
ойындарымыз. Сөйлем

ҰОҚ-ның
оқытылу
мақсаттары
0.1.2.1. Сөйлемді ажыратып, оның мағынасын түсіну, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу.
0.3.1.1. Сөйлем сызбасын құру.

Күтілетін  нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:
Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап
қайтарады.
Сөйлемнің неше сөзден тұратынын айтады.
Сөйлем сызбасын салады.
Сіріңкемен шаршы салып, сөйлем құрайды.

Жоспарланған жұмыс түрлері

ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін педагог жағымды
атмосфера туғызады. Əрбір тəрбиеленуші
өздеріне ұнайтын өз бойларындағы жақсы
қасиеттерін айтады.
Айтамыз алғыс қайталап,
Тыңдайды бізді шартарап.
Өмір сүру – бір бақыт.
Дос бола білу – шын бақыт!

(Ұ)Педагог əртүрлі пішіндерді беріп, əр
пішіннің неге ұқсайтынын сұрай отырып,
балалардан қолдарын жоғары көтеріп пішіндер
жасауды өтінеді.
Балалар қолдарын жоғары көтеріп,
алақандарын біріктіріп үшбұрыш, қолдарын
жоғары көтерген қалпы шеңбер жəне қайтадан
бастапқы қалыппен қолдарын жоғары көтеріп
шаршы жасауды үйретеді, балалар қимылдарды
2-3 рет қайталайды.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.
1-тапсырма. Сурет арқылы сұраққа жауап береді.
– Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?
– Суреттен не көріп тұрсыңдар?
– Балалар қандай ойын ойнап жүр?
– Мысық пен тышқан ойынын ойнау білесіңдер
ме?

– Саған тышқан болу ұнай ма?
– Өзің қандай ойынды ұнатасың?
– Ол ойын үшін қандай құралдар керек?
Балалар шағын əңгіме құрайды.
– Досына доп бермеген Досан қандай бала?
2-тапсырма. Қораптың ішіндегі заттарды табады.
Балалар қораптың ішіндегі затты табу үшін өз
ойларын айтады.

Əліппе-дəптерде берілген 3 сөзді сөйлем сызбасы
бойынша оқушылар өз ойларын 3 сөзден тұратын
сөйлеммен айтады. Мысалы: Қорапта қуыршақ
бар. Қорапта текше бар. Қорапта мəшине бар.
Сөйлем құрастырғандарын, сөйлемнің сызбаға
сəйкес 3 сөзден тұратынын айтады. Сөйлем
туралы түсініктері қалыптасады.

3-тапсырма. «Қызық ойын» өлеңін педагог
мəнерлеп оқып береді. Балалардың тыңдағаны
бойынша не түсінгені анықталады. Педагогтің
айтқанын қайталай отырып, балалар жаттап
алады. Бұл өлеңді сергіту жаттығу ретінде
пайдалануға болады.
Біздің ойын қызықты! (Құшақтарын жазып екі
жаққа ырғалады).

ак!Мак!Мак!
Басып кеттім сызықты. (Аяқтарын кезек көтеріп,
біраяқпен секіреді).
Қап!Қап!Қап! (Ұ. Есдəулет)

Өлеңді балалар қимылмен 2-3 рет қайталап есте
сақтайды.
– Сендер скейтпен сырғанап көрдіңдер ме?
– Скейттің пішіні қандай?
– Оны қырынан қарағанда неге ұқсайды?

4-тапсырма. Ермексаздан скейт бейнесін жасау.
Скейттің ойын құралы екенін айтып, оның
бейнесін сипаттайды.
5- тапсырма. Сурет бойынша əңгіме жүргізу.
Сіріңкемен ойнауға болмайды деген қорытынды
пікірге əкелуге жетелеу.

– Немен ойнауға болмайды?
– Балалар қораптың ішінде не бар?
– Сіріңке неге қауіпті?
Үш-төртсіріңке қорабын қатар қойып, тақырыпқа
байланысты үш-төрт сөзден тұратын сөйлем
құрастырады.
6-тапсырма. Сөйлем сызбасы үстінен
қарындашпен бастырады. Қолдарын үзбей сызуға
жаттығады.

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды
марапаттайды.
(Ө) Рефлексивті бағалау– өз жұмыстарын
смайликтер бойынша бағалап қорытындылайды.

 

2.      Көркем әдебиет

Көркем әдебиет пән жетекшісінің нұсқаулығы бойынша

 

3.      Дене шынықтыру

тақырыбы: Менің дене құрылысым

ҰОқ-ның оқыту
мақсаты
0.2.1.1. Бір орында тұрып және қозғалыс барысында тізбекке тұру түрлерін,
сапта түзу жүру түрлерін орындау.
0.2.1.2. Жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды алмастыру,
қарапайым дене жаттығуларымен ұштастыру.
0.2.1.3. Секірудің әртүрлі түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып
өзгермелі жағдайлардағы секірулер.
0.2.2.1. Дене қуаты қасиеттерін көрсету: әртүрлі дене әрекеті түрлеріндегі
Жоспарланған іс-әрекет

(Ұ, ПК ) «Менің денем» – өзіне-өзі массаж жасау,
сылап-сипаудың пайдасын түсіндіреді.
Балаларға массаж жасау ережелерін еске
салады – алақанды ысқылау, саусақтарды уқалау
арқылы қолды жылыту: мәтінге сәйкес қимылқозғалысты жеңіл және асықпай орындау.

(Ұ) Бір-бірден тізбекпен тізіліп, қолға арналған
жаттығуларды орындай жүру. Орташа қарқынмен
жүгіру. 2–5 минут бағытты өзгертіп жүгіру. Тыныс
алуды қалпына келтіру.
Жүру және жүгіру кезінде белгіленген
арақашықтықты бұзбай бағытты сақтауға назар
аударады.

Үш қатар тізбекке тұру.
Дене бітімін түзетуге арналған, таяқпен жасалатын
жалпы дамыту жаттығулары.
Таяқты дұрыс ұстауға (таяқтың төменгі ұшы
алақанға тіреледі, таяқ қол бойымен тігінен
орналасады) және сапта 3 адым арақашықтықты
сақтауға назар аударады.

(Ұ, т) Қатар орналасқан таяқтардан екі аяқпен
аттап секіру.
Қос аяқтап бар пәрменмен секіруге, аяқтың
ұшымен түсуге, қол мен аяқ қозғалысының
үйлесуіне назар аударады.
Тәуекелдікті азайту – тиісті арақашықтықты сақтау,
таяқ арасымен ортаға секіру.

(т) тепе-теңдік – қолға доп ұстап орындық
үстімен жүру. Нұсқау – денені тік ұстау, басты
еңкейтпей алға қарау, жерге алдымен аяқтың
ұшымен түсу, содан кейін табанымен тұру.
Гимнастикалық орындыққа немесе бөренеге
шыққан кездегі қауіпсіздік техникасын еске салады,
сақтандыру жүргізіледі.

(Ұ) қимыл-қозғалыс ойыны:
«Орын алмастырыңдар».
Залды ортасынан қақ бөлетіндей етіп арқан
тасталады.
Әрбір топ өз алаңына барып тұрады. «Жүгір!» деген
белгі берілгенде балалар тек өз алаңында шашырай
жан-жаққа жүгіреді. «Ауыс!» деген белгі кезінде
топтар орын алмастырады. Қарсы бетке толық
құраммен бірінші жүгіріп келген топ жеңіске жетеді.

Ө, Ж) « Менің жүрегім» оқыту ойыны
«Қолдарыңды кеудеге қойыңдар (көрсетемін).
Сендер тыныш тұрғанда жүрек бірқалыпты соғады,
ал ашуланған кезде жүрек қағысы жиілейді. Бұл жүректің сендерге: «Тоқта, сабыр сақта, ашуланба», –
деп ескерткені. «Кешір», – дейді ол. Кәнеки,
жүрегімізге көмектесіп, бір-бірімізді ренжітпей,
дос болайық. Сонда жүрегіміз бірқалыпты соғатын
болады. Достарыңа күлкі сыйлаңдар».

 

4.       

Вариатив

тік компонент

  «Сиқырлы әріптер»

Тақырыбы:________________

___________________________

 

Логика

Тақырыбы:________________

___________________________

 

«Сиқырлы әріптер»

Тақырыбы:________________

___________________________

 

Ертегілер еліне саяхат

Тақырыбы:_______________________________

Балаларды үйіне қайтару Балалардың жылы киінуін қадағалап, ата аналарымен жүздесу. Ата аналармен жүздесіп, балалардың тазалығы жөнінде ескерту. Күз мезгілінің салқын болуына байланысты балалардың жылы киіммен келуін ескерту. Үйге қайтару. Балалардың киінуін қадағалап, ата аналарымен тілдесіп, үйлеріне қайтару Балалардың мінез құлқы туралы ата аналарға ескерту

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *