онлайн жаз
Online жаз
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 21 сәуір күні Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде денсаулық сақтау мен білім салаларында үлкен өзгеріс күтіп тұрғанын, сондықтан жаңа талаптарға жауап беретін стратегиялық шешімдер әзірлеуді сала басшыларына тапсырды.
Сын сағатта қашықтан оқыту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дер кезінде қолға алып, ұстаздар қауымына үлкен сенім білдірді.
Осы орайда, Қостанай ауданы, Шеминов орта мектептің педагогикалық ұжымы өздерінің кәсіби шеберліктері мен тәжірибелерін шыңдай отырып балаларға арналған карантин кезеңінде мектеп оқушылары үшін «Қашықтықтағы лагерь» бірегей бағдарлама – дайындады. Бұл көңілді, қызықты және пайдалы уақытты өткізудің тамаша мүмкіндігі! Қашықтықтан оқыту саласындағы соңғы жаңалықтарды қолдана отырып жасалған жасөспірімдерге арналған Онлайн бағдарлама. Қазіргі жасөспірімдерге жақын, қызықты тақырыптарды талқылау және бір-бірімен қарым-қатынас жасау.
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін 9-дан 12-ге дейін.
* Қазіргі заманғы ағылшын тілі.
* Табиғатты аяла.
* Мен – патриотпын.
* Ана тіліндегі сөздік қорын белсенді кеңейту.
* Грамматиканы дамыту сияқты тапырықтарға бөлініп, жұмыс жүргізілді. Біз балалардың жазғы демалысын жан-жақты ізденуге арнап, көптеген қызықты видеоларды, таңғы жаттығуларды, мультфилемдерді, интеллектуалды тапсырмаларды дайындап, берілген уақытымызды тиімді пайдаландық. Онлайн-марафон бағдарламасы күніне кемінде 40 минут белсенді жаттығулар (гимнастика, би, кобудо), кескіндеме, модельдеу, аппликация, маска жасау, квест, ашық ойындар бойынша шығармашылық шеберлік сабақтарын қамтыды. Сенбі мен жексенбі демалыс күндері.
Бастапқыда бұл жұмыс қалай болады деген қобалжу болғанымен, қазіргі уақытта қашықтан оқыту жобасы арқылы мектебіміздің барлық мұғалімі тәжірибе жинақтап, төселіп те қалдық. Үйде оқытуда АКТ қолдану балаларда өзіндік оқу мен зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыруға елеулі ықпал етеді. Қашықтықтағы лагерь дәстүрлі лагерьмен салыстырғанда өзіне және айналадағыларға жағымды қарым-қатынасты қалыптастыруда тиімді болатынын көрсетті.