Қимыл қозғалыс аймағын дамыту
Күні:
Сынып: 3
Бөлімі: 2.Қимыл – қозғалыс аймағын дамыту
Тақырыбы: 2.3 Сезімдік – қозғалыстық қабылдауын дамыту.
Мақсаттары: 3.2.3.2 Дифференциалды демалу (мұрынмен ауа алу – ауызбен шығару).
Түзету білімдік: Оқушы санасының белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамасыз етуі және шоғырландыру қабілеті арқылы танымдық белсенділігін арттыру
Түзету – дамытушылық: Есту арқылы танымдық қабілетін дамыту.
Түзету тәрбиелік: жетістікке жету сенімділігін,бастаған істі соңына дейін жеткізуге тәрбиелеу.
Әдісі: Миға шабуыл, сұрақтар, жеке жұмыс, ойын
Көрнекілік: суреттер, үлестірмелі материалдар, қарындаш,геометриялық пішіндер.
Іс-әрекет кезеңдері Дефектологтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Шаттық шеңбері: «Жүрекке жылу сыйлайық»
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық. Шаттық шеңберде домаланып тұрамыз
Ұйымдастыру – іздестіру
1)Жаңа сабақ. Дифференциалды демалу (мұрынмен ауа алу – ауызбен шығару).
Тыныс алу – адамзат өмірінің бірінші және соңғы актісі. Өмірлік маңызды функция бола отырып , тыныс алу – ағзадағы барлық жасушаларға оттегін тасмалдап , мүшелердің жұмыс қабілетін арттырады. Функция автоматты түрде қызмет атқаратындығына қарамастан , дұрыс дем алу әр адамның өмірін айтарлықтай жақсартады.
Біз қалай тыныс аламыз?
1. Мұрынмен тыныс алып – ауызбен баяу шығару;
2. Мұрынмен тыныс алып – ауызбен үзіп-үзіп шығару;
3. Мұрынмен тыныс алып – мұрыннан қайта шығару;
4. Ауызбен тыныс алып – ауыздан шығару;
2)Түзету – дамытушылық кезең:
Есте сақтау қабілетін арттыруға арналған ойындар
1 тапсырма
Жоғалған зат ойыны: Үстелдің үстіне бірнеше зат қойылады. Бала оларға мұқият қарап алған соғ ,теріс қарап тұрады. Үстелден бір зат алынып тасталынады.Оқушы қай заттың жоғалып кеткенін табу керек.Заттардың санын ақырындап арттыруға болады.
2 тапсырма. «Қайтала» сіріңке шиімен ұйымдастырылады. Бұл ойынды оқушылар жұптарымен ойнайды. Әр балаға сіріңкенің 6 шиінен беріледі.Екеуінің біреуі сол шиелерден қандайда бір затты құрайды. Екіншісі бірнеше секунд көлемінде қарап алады да, оны қайтадан жасауға тырысады. Содан кейін оқушылар орнын ауыстырады,екіншісі көрсетеді,біріншісі қайталайды.
3 тапсырма: «Қанеки, есіңе түсір!»
Оқушыларға сұрақтар қойылады. Мысалы: «Бұл ғимаратта неше қабат бар?», «Дәліздегі перделердің түсі қандай?», «Бүгін Мәди не киіп келді?» т.б. Бәріне нақты жауап берген оқушы жеңімпаз атанады. Бұл бір жағынана баланың зейінінің артуынада көмектеседі.
4 тапсырма.
«Қиылған суреттің бөліктерін құрастыру» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, дене бөліктерін атау.
5. Сөйлеу тілін дамыту.
Тізбекті суреттермен жұмыс.«Тауық пен үйрек және олардың балапандары» әңгімесін айта отырып, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту.
3)Сергіту сәті:
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Оқушылар жоғалған затты айтады.
Оқушы логикалық ойлауын ширатады.
Оқушылар жауап береді.
Пазлды құрастырады.
Оқушылар сөйлемді байланыстырып айтады.
Сергіту сәтін орындайды.
Рефлексивті – түзетушілік
Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Есту, көру, ойлау арқылы есте сақтау туралы түсінік қалыптасады.
Қандай түсініктерді игерді: Толықтай жауап беру қабілеттері артып, әңгіме барысында көп нәрсені түсініп, білді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Есту, көру, ойлау арқылы қабылдау қабілетін дамыды.