ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Қазақ әдебиеті тарихында көркем жазбапрозалық шығармалардың негізін салған Ыбырай Алтынсариннің портрет жасау шеберлігі, кейіптеу, мінездеу тәсілдері- 20 ғасырдағы шығармашылық шеберліктің жаңа бағыттарын танытатын көркем әдіс түрлері.

Ыбырай Алтынсариннің балаларға арнап жазған әңгіме, новеллаларының табиғаты ұзақ баяндау, кең суреттеуді көтермейді.Аз сөзбен сурет салу, бір ғана деталь арқылы жеке мен жалпының болмысын ашу сияқты шеберлікті Ыбырай Алтынсарин шығармаларынан аз кездестірмейміз.Ыбырай шығарманы қалай жазуды мақсатты түрде үйренген, алайда құр еліктеу жанды шығармаға жұрнақ та бола алмайтыны белгілі.Асылы, Ыбырай Алтынсаринде жаратылып дарытқан үлкен қаламгерлік қуат болған.

«Көркем творчество болмыстың танып білудің және өзгерудің адам баласының ұзын сонар тарихи тәжірибесінен туған бір негізгі идеологиялық қаруы, обьективті мәні бар құрал екендігі аян.Суреткер құбылыстарды іріктеп, сұрыптап, жинақтап барып шығармаға арқау еткенде, белгілі принциптерді, амалдарды  басшылыққа алмақ.Бұл ретте, шындықты терең әрі жан-жақты қамту басқа факторларды былай қойғанда, ең алдымен жазушы талантына һәм дүние-танымға сабақтас.

Көркемдік ойлаудың типі болып табылатын творчестволық әдіс бір жазушының тәрбиесін де, сонымен қатар, тарихи дамудың белгілі дәуіріндегі тұтас бағытты да сипаттай алады.» – деген Рымғали Нұрғалидің пікірі Ыбырай Алтынсариннің де жазушылық еңбегінің бар тарихи мәнін ұғындыратын сияқты. Р.Нұрғали айтқан көркемдік процесс заңдылығынан, тарихи қажеттіліктен, әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдық дамудың әсерінен обьективті түрде туды.

Ыбырай Алтынсариннің заманы- дәстүрлі көркемдік әдістердің ауысқан, болмысты игеру көкжиегінің кеңейген тұсы.Жаңа әдеби ағымның арнасы айқындалған уақыты.Сол арнаны салуға Ыбырай өзінің шығармашылық әдіс-тәсілін, жазудағы мәнер-машығын жұмсады.

Әдебиет теориясы, әдебиеттану ғылымында өмірді көркем суреттеудің түрлі әдісі туралы ондаған пікір, тұжырым бары белгілі.

Көркемдік әдістің бірі- реализмнің пайда болуын да әдебиет зерттеуші ғалымдар қилы негізде түсіндіріп отырды.

Н.Конрад, Д.Благой сынды ғалымдар әдебиеттегі нақты реализмді 20 ғасыр аяғындағы Европа романшыларының туындыларынан бастау алды десе, С.Петров реализмді әдіс есебінде танытатын бірнеше белгіні атап көрсетеді.

Ол-адамды бейнелеудегі жан-жақтылық, әлеуметтік және психологиялық факторлар, тарихи таным.Енді бір ғалымдар реализмді образдың шынайлылығымен, суреткер мұратының шынайлылығымен, тіршілік құбылыстарын арқау етумен байланысты қарастырады.

Көркем-эстетикалық талғам, талаптар тұрғысынан келгенде, Ыбырай Алтынсариннің прозалық шығармалары реализм шарттарының, барлығына жауап бермейтіні даусыз.Ыбырайдың әңгімелерінде жан-жақты бейнеленген адам тұлғасы, терең психологизм, болмыс шындығы, т.б. тұтас, мінсіз көркемдік шешім тапты дей алмайсың.

Алайда бұл әңгімелерде балалар прозасының ерекшеліктері айқын, қысқа, қызықты сюжет,жалықтырмайтын серпінді құрылым- Ыбырайдың әлем балалар әдебиетінің озық үлгілерінен, әсіресе орыс жазушыларынан үйренген, сіңірген шеберлігі.Жалпы, Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі идеалға ұмтылу мәнінен келгенде, ол шығармалардың романтикалық әдіске тән сипаттары да жоқ емес.Сюжеттің шарттылық, кездейсоқтыққа құрылуы, әлдеқандай жаңалық, өзгеріске шақыру сияқты романтикалық  әдіс элементтерін Ыбырай әңгімелерінің кейіпкерлері көбінесе қалыптағы адамдардан өзгеше, ерекше, үлгілі кейіпкерлер болып келіп отырады.Жалпы мазмұн, идея, тақырып жөнінде романтикалық бағытты ұстанған Алтынсарин кейіпкер, табиғат, уақиға көріністерін суреттеуде таза реалистік көркем шешімдерге табан тірейді.

Көркем әдебиет пен өнердің дамуында негізгі екі әдіс – романтизм мен реализм болып общества, пребывающего в темноте, косности и невежестве.В силу недостатка знаний и возникают ложные приоритеты и ценности.Об этом можно со всей откровенностью поведать в реалистических рассказах….Таким образом, реалистическая мотивировка  произведения продиктована требованием эпохи.  Восприятие произведения должно сопровождаться  чувством действительности происходящего, ибо только тогда читатель, соотнося иллюзию с действительностью, с реальной жизнью, способен сделать соответствующие выводы: ориентации в конкретной обстановке бытия.Отсюда и абсолютная получительность, назидательность прозайческих и поэтических произведений.20 века»

Ыбырай Алтынсарин әңгімелері өнеге, үйрету мақсатында жазыла тұра, құрғақ үгіт, қисындап баяндаудан қара үзіп, үздік көркемдік үлгілерге қол салуымен де айрықша құнды, мәнді, есептелетіні белгілі.Өмірді көркем суреттеудегі бұл әдістер біріне-бірі қарсы емес, бірі екіншісімен араласып, жалғаса жүретін көркемдік құбылыстар.Қай әдіс басым болса, шығарма сипаты соған таңылып, анықталады.Ыбырай Алтынсарин көбіне орыс әдебиеті, батыс үлгісін өнеге тұтты.Орыс әдебиетінің даму тарихында романтизмнің де өзгеше орны болғаны да белгілі.Романтизмнің, өршіл, асқақ, ілгерге ұмтылған сипаттары Лермонтов поэзиясында да, Пушкинде де бар.

Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінде өмірді реалистік тұрғыда басым бола тұра, романтизм элементтерінің де айқын көрініп  жатуы да зыңды еді.

Ыбырайдың өз шығармаларында романтизм әдісін арқау еткен тұстағы табиғатын белгілі теоретик Зәіи Ахметовтың мына бір пікірінен ұғына түсінеміз.Қазақ жазба әдебиетінде реализм Абайдан бастап қанатын кең жайды.Реализмге тән бейнелеу тәсілдері де қазақ әдебиетінде көптеген ақын, жазушылардың шығармаларында ертеден үлкен орын алып келеді. Алайда романтизмді қазақ әдебиетінде белгілі бір тарихи дәуірде орын тепкен ағым деуден гөрі, бейнелеу әдіс-тәсілдері түрінде көбірек кездеседі деп қарау дұрыс сияқты.Романтизм әдісі бірыңғай қолданылмай, көбіне реалистік әдіспен жалғас, аралас келетіні  де осыдан болса керек. Мысалы Махамбет поэзиясын алсақ, онда романтикалық асқақ арман, алға ұмтылу, күрескерлік әуен қандай күшті болса, реалистік нақтылық, қоғамдық өмірдің қайшылығын ашып көрсетер шыншылдық та соншалық айқын танылады. Қазақ әдебиетінле көркемдік әдістер, әдеби ағымдар әлі де болса тереңдеп зерттеуді қажет етеді.

Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері жазылған уақыттан кейін бір ғасырдан астам мерзім өткенде қазақ әңгімесі туралы терең теориялық толғаныстарға бара отырып, бұл жанрдың шарты мен салты туралы кең ой өрбіткен Зейнолла Қабдолов былай дейді: «Кейбір жолдастар белгілі бір шығарманы Мұның тақырыбы жаңа деп мақтасады.Жаңа тақырып жақсы,  алайда мәселе мұнымен бітпесе керек. Шығарманың жаңалығы ондаған адам образының жаңалығында оқушыны кез-келген көркем шығармадан, соның ішінде әңгімеден де күтетін ең  басты жаңалығы-сол!»

Адам образының  жаңалығы да, тақырыптың жаңалығы да Ыбырай әңгімесінде бар.Сол жаңалықты образды  Алтынсарин қандай тәсілмен жасады деген мәселеде,  Ыбырай әңгімелерінің сол дәуірдегі әдеби дәстүрге ене бастаған жаңа бағыттың балаң үлгілері екендігін үнемі есте ұстаймыз.Соның өзінде жазушылық қарымы, алымы анық байқалып жатқан, стильдік беті айқындалған Алтынсариндей қаламгердің қара сөзге төселген жазушы сапасында көрінгені даусыз.Көркем шығарма ой айтуымен емес – образды ойлауымен, соны жеткізу кестесімен көркем.

Ыбырайдың «Жәнібек батыр» әңгімесінде ой да бар, образ  да бар. Қысқа нанымды сюжет те бар.Бас-аяғы жинақы құрылым да бар.

Жәнібек батыр бала күнінде ақыл-білім үйрену үшін іздеп барған Қаракерей Соқыр абыз деген кісінің бар суретін Ыбырай детальмен ғана ашқан. Сәлем беріп кіріп келсе, қарттықтан екі жағын жібекпен таңып отырған кісі екен,….Жүз жиырма алтыға келген қарияның шын портреті.

Тоқсанға келіп отырған Тойған деген бидің мінезін ашуда да жазушы бірер ауыз реплика мен бір сәтті қолданады.Жәнібекті ат үстінде соншалықты қолай көрмей қарсы алып, тиісе сөйлеген бидің ашуы тар, арғы жағы кең кеуде, көп көрген даналығына оқушыны автор былай иландырған:

«-Мен сөз сұраймын деп келсем, көңілімді қайтарды ғой- деп, атының басын бұрып алып, жүріп кетті.»

Анадай жерге бара жатқанда, би:

-Әй, Жәнібек , – деп шақырды. Жәнібек артына қарады.Сонда би:

-Атыңның басын бұрма, солай тұр, бір ауыз сөзбен көңіліңді қайтардым:өгізді  өрге салма- қанатың талар, жаманға жүзіңді салма сағың сынар,- деді» 4.29

Қысқа әңгімеде характер бар.Үш адамның үш түрлі мінезі бар. Көрініс бар, қимыл қозғалыс бар.

Әдебиет зерттеушілер, Ыбырайтанушылап «Бвй баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде типтік бейнелер бар деп бағалады.Бай баласының типі-Асан.Қарны ашса да, қорықса да айқай салып жылай қалатын ақсаусақ Асан- ерке- шожалақ бай ұлдарының жиынтық бейнесі.

Үсен-не нәрседен де өз күші, ақылы арқылы жол табуға дағдыланған, жас та болса тіршілікте төселген, төзімді кедей балаларының жинақталған образы.

Үйрек ұстап, шақпақ тұтатып тамақ пісірген, қармақ іліп балық аулап,түнімен от жағып, қамаған қасқырдан да қорықпай, Асанды көшіп келген елге аман-есен алып жеткен Үсеннің ұстамдылығын жазушы шебер, байыппен баяндап келіп, түрлі оқиғаның ұиюын тауып араластыра өріп отырып ұтымды ашады. Әңгімеде жанды қозғалыс, динамика бар.Қызықтырып, елтіп енді не болар екен дегізіп отыратын тосын оқиға желісі бар.Ыбырай Алтынсарин әңгімені құрғақ оқиға қуған баяндауға емес, айнала табиғат көрінісін, жанды-жансыздың жаратылыс суретін, балалардың жан-дүние күйін жеткізіп отырып өрбітеді.

Су ішінде ойнаған балықтардың көрінісі- Ыбырайдың жазу өнеріндегі тіл шеберлігін ғана емес, дүние құбылысын көркем бейнелеп жеткізу тәсілдерін мейлінше меңгерген, асқан дарынды жазушы болғандығын көрсетеді.

«Су әдемі, айнадай таза су екен, ішіндегі ойнаған балықтары көрініп жүретұғын. Келді, әуелі шабақ, біреуі бір, екеуі екі жемді иіскеп, тиіп-қашып, жұлқып өтіп жүрді. Сөйтіп тұрғанда, шабақтар және дүркірей қашып, жоқ боп кетті.Қараса бір бөлек алабұғалар келген екен.

Жемді ең бұрын көрген біреуі тоқталмастан келіп асап келіп қаоғанда, Үсен қармақты тартып алып, оны қырға шығарып тастады.Сол қалыпша Үсен бірталай алабұға алды.»4.32

Таң ағарып атқан шақтың әдемі бояуын да Ыбырай Алтынсарин табиғи түсіреді.

Асанның бейқам, тамағы тойған соң, пысылдап ұйықтап қалуы, Үсеннің жетегінде еріп жүре беруі, ешқандай бастама көтеріп, өзіне  титімдей де жауапкершілік алмауы-табиғи нанымды. Мәселе, тіпті Асанның бай баласы болғандығында да емес- бала болған соң, осындай да баланың болатындығында.Жазушы қыр өміріндегі балалықтығ қым-қуыт шиеленіске құрылған бір күнін классикалық әңгімеге айналдырған.

«Қыпшақ Сейітқұл»  әңгімесінде еңбек адамының, төзімді, қажырлы, ішкі қуаты мықты кісінің бейнесіне арқау болған- ел тұрмысы, тіршілік талабы.Қайтсем жұртымды ел қатарына қосам деген Сейітқұлдың кесінді, тоқтамды, біртоға мінезі нәтижеге жеткізді.

Ыбырай Алтынсарин қазақ еңбекшісінің алғашқы әдеби образы Сейітқұлды көп сөзі жоқ, ұстамды, ұқсатымды, әділ, ақылды ұйымдастырушы, ел басқарған азамат сапасында ашқан.

Диқаншылық кәсіптің бейнеті мен зейнетін, тынымсыз тындырымды еңбектің рахатын көзіңмен көріп, жаныңмен қабылдап отырғандай сезінте, сендіре жазудың да бір үлгісі-бұл әңгіме.

«Мақта қыз бен мысық» әңгімесі- әлем балалар әдебиетінің үздік үлгілері қатарында тұруға лайық,баланы баурап әрекетін қызықты шығарма.

Қысқа-қысқа баяндау, екеу ара қажу, авторлық қыстырма- шығармаға жинақылық, жедел даму дарытқан.

Біріне – бірі жалғасып, сабақтасып жатқан, себеп пен салдардың тіршіліктегі желісін жазушы өте қызықты баланы жетктеп отырып жеткізеді.Әңгімелердегі Мақта қыз бен мысықтың, қыздардың, тауықтың, тышқанның арасындағы оқиғаға сенбеген бала болмаған шығар. Бұл да- шығарманың көркемдік шындық қуаты.

Ыбырай Алтынсариннің кейіпкер даралығын айқвндау, табиғат көріністерін суреттеу шеберлігі ол өңдеп жазған халық әдебиеті  үлгілерінде де , аударма шығармаларында да сансыз көп.Ыбырай шығармаға жандылық дарытатын өмір құбылысын, тіршілік, көрінісін, адам әрекетін                               «оп-оңай» тауып «жеп-жеңіл» кәдеге жарат қоюында- кәнісі шебер суреткер.Қазақ әдебиетінің көркемдік даму тарихындағы Ыбырай Алтынсарин өнегесі, ұшан-теңіз-шеберлік әлем.

Пайдаланған әдебиеттер.

1.Әдебиеттану терминдер сөздігі.Алматы 1998-348б

2.Қабдолов З.Жебе.Алматы 1997-380б.

3.Алтынсарин Ы.Қазақ хрестоматиясы .Алматы 2003-112б

4.Елеукенова Г.Поэтика казахскогорассказа.Автореверат диссертации на соискение ученой степени доктора филологических наук. Алматы 2005-42с.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *