Абайтану
Сабақтың тақырыбы: «Өзіңнен өзің есеп ал» Абайдың он бесінші қарасөзі.
Сабақты мақсаты:
Білімділік: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, он бесінші қара сөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі, жақсы-жаман нәрсенің парқын пайымдау туралы, адам өмірі туралы философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, он бесінші қара сөзінің мазмұнын меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, электронды оқулықпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, суретті парақша т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылармен сәлемдесу
- Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру.
• Сабақ барысы туралы түсінік беру.
Бізге керек тыныштық.
Бізге керек туыстық.
Біз ақылды ұланбыз,
Жақсылыққа құмармыз.
Абайды оқып, таныдық,
Абай сөзі – жыр-аңыз,- деп сынып оқушыларын «Ақылдылар», «Ұшқырлар» тобы деп екіге бөлеміз.
- Қызығушылықты ояту сатысы:
1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымызда ұлы Абай шығармашылығымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз.
Абай ата қара сөзі қарымды,,
Жақсылыққа жетелейді жаныңды.
Өзіңе өзің есеп ал,-деп үйретіп,
Сындырмайды баба сөзі сағыңды,-
деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.
– Жаңа сабақты бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы не білеміз, мына кестеге сүйене отырып, шолу жасап кетейік.
- Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақОнбесінші сөз. Онда адам өміріне философиялық ой жүгіртіп, тереңтопшылау жасап, адамныңөзін-өзі тәрбиелеу мәселесін сөз еткен. Абай адамның қызыққан нәрсені өмірден өзі іздеп, үйрену кезіндегі есті кісі мен есер кісінің парқын ажыратып пайымдаған.
«Есер кісі өмірден орнын дұрыс таппай, не болса сол, бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын ит қорлықпен өткізіп алады», «жастығы озбастай, буыны босамастай» болып жүргенде өмір өтіп кетеді, қайта ойланыптолғанғандыуақыт көтермейді, «екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады»,- дейді.
Адам бойындағы Абай айтқан тағы бір қасиет – әр нәрсеге қызығушылық, «әрбір құмарлықтың өзі бір дерт», құмарлыққақолыжетебереадам елтіп, мастыққа бой ұрады. Ал мастық «ақылдың көзін» байлап, әр нәрсеге қызықтыра, еліктіре түседі. Сол уақытта есті кісілердің онша есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сақтықпен ұстайды. Құмарлықтысабырлылыққа, ақылға, ұстамдылыққа жеңгізеді. Ал есер кісілер алды-артына қарамай, есі кете далақтап қызықты қуып шаба береді екен дейді.
Егер есті кісі қатарында болғың келсе, өткенге ой жібер, «күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасындабір, еңболмасаайындабірөзіңнен өзің есеп ал.
«Өмірді қалай өткіздің екен», не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестейқылықпенөткізіпсіңдеп ой жүгіртіпотыр деген ақыл-кеңес айтады. Абай айтқан өмірге сын көзімен қарау, өзін-өзі тәрбиелеу, жақсыдан ғибраталып, жаманнан жирену, өмірге сабыр-тоқтамменқарау ұлыфилософ, педагогтардыңбәріңің дееңбектерінде марапатталған терең ой толғамы.
III. Ойтолғаныс сатысы
- «Он бесінші қарасөзін» оқу және талдау.
ОН БЕСІНШІ СӨЗ
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
Әуелі — пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса кеңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бүл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.
Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге кызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен-дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты куғанда-ақ мойны қатып, буыны қүрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.
Үшінші — әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.
Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін бай-лап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, “ананы-мынаны” дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к…н жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.
Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жүмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен езің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?
- Қарасөзден түсінгендерін «БҮҮ» кестесіне толтыру.
Білетінім | Үйренгенім | Үйренетінім |
Үйге тапсырма: Адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі төңірегінде әңгімелеу.